Адасқан әріптерден сөз құра
Сабақ тақырыбы
Жер асты суы. Құдық.
Сабақтың мақсаты
- Жер асты суының қалыптасуын және оның шаруашылықтағы маңызын түсіндіру.
- Оқушылардың ойлау қабілетін дамыту, қызығушылығын арттыру.
- Табиғатты сүюге, адамгершілікке тәрбиелеу.
Көрнекіліктер
- Ақылды тақта
- Қосымша дәптерлер және т.б.
Әдіс-тәсілдер
- Сұрақ-жауап
- Түсіндіру
- Көрсету
- Мадақтау
Сабақ түрі: аралас.
Сабақтың барысы
1) Ұйымдастыру кезеңі
Сабаққа дайындық, сыныптың назарын шоғырландыру, қатысушыларды түгендеу.
2) Психологиялық жаттығу
Мұғалімнің сұрағы мен оқушының жауабы арқылы сабаққа жағымды көңіл күй қалыптастырылады.
- Әрбір адам?
- Досым, сыныптасым.
- Әрбір сабақ?
- Үйрену, оқу, іздену.
- Әрбір ісің?
- Тірлік, тірек, адамдық.
- Әрбір сөзің?
- Шындық, бірлік, адалдық.
3) Үй жұмысын тексеру
Тапсырма: “Адасқан әріптер”
Тұбл → бұлт. Осы сөзден кейін оқушылар өткен сабақ бойынша жауап береді.
Мақал-мәтелді талдау
«Жаңбыр жауса — жер ырысы» мақалын оқып, мағынасын ашу. Осы арқылы жауын-шашын тақырыбы еске түсіріледі.
Жұмбақ
«Жылт-жылт еткен, жырадан өткен» — су.
4) Қорытындылау және жаңа тақырыпқа кіріспе
«Кластер» және «балық сүйегі» әдістері арқылы су тақырыбы бойынша сұрақ-жауап жүргізіледі. Одан кейін бүгінгі сабақтың бағыты анықталады.
Бүгінгі сабақта:
- Жер асты суының қалай пайда болатынын қарастырамыз.
- Оның шаруашылыққа тигізетін пайдасын талдаймыз.
- Құдықтың түрлерімен танысамыз.
- Адам өміріндегі жер асты суының маңызын түсіндіреміз.
Ой қозғау сұрақтары
- Жер асты сулары қалай қалыптасады?
- Суды қалай аламыз?
- Ауылдық жерде адамдар суды қайдан алады?
Оқулықпен жұмыс: мәтінді бөлімдерге бөліп оқу, талдау, негізгі ұғымдарды белгілеу. Одан кейін тапсырмалар орындалады.
Тапсырмалар
1-деңгей: Динамикалық диктант
Оқушылар тұжырымдарға «+» немесе «−» белгісін қояды.
- Суды жақсы өткізетін: құм +
- Суды жақсы өткізетін: малтатас +
- Суды жақсы өткізетін: саз −
- Судың күйі: сұйық +
- Судың күйі: тас −
- Судың күйі: бу +
- Су өткізбейтін қабат: гранит +
- Қатты тау жыныстары +
- Су өткізбейтін қабат: қиыршықтас −
2-деңгей: Биологиялық диктант
Бос орындарды берілген сөздермен толықтырыңыз.
Жер асты суларының негізгі көзі — жауын-шашын және __________ суы.
Топырақтағы еріген минералды заттары бар суды __________ тамыры арқылы сіңіріп, жапырағы арқылы буландырады.
Топырақ қабатынан өткен __________ сүзіліп, тазарады.
Терең қабаттарға жиналған жер асты суын __________ қазу арқылы пайдаланады.
Қызықты дерек
Мен үшін қызық: бір терек жаз мезгілінде тамыры арқылы 2000 литр суды сіңіріп, жапырағы арқылы буландырады.
Сабақ соңында мұғалім оқушыларға сұрақ қойып, жауаптарына қарай мадақтап, бағалайды.