Матадан жасалған гүлдер панносы

Сабақ туралы қысқаша мәлімет

Пән

Технология

Сынып

6-сынып

Сабақтың тақырыбы

Панно түрлері

Сабақтың түрі

Аралас сабақ

Пәнаралық байланыс

Бейнелеу өнері, биология

Сабақтың мақсаты

Оқушыларға «панно» сөзінің мағынасын түсіндіру, панно жасауды үйрету және сәндік-қолданбалы өнердің жаңа қырларымен таныстыру. Оқушылар өз қолымен жасаған бұйымдарын әртүрлі мерекелерде сыйлық ретінде ұсынуға дағдыланады.

Білімділік мақсаты

  • Панно жасаудың негізгі тәсілдерін меңгерту.
  • Өз бетінше жұмыс жасау дағдыларын қалыптастыру.
  • Эстетикалық талғамды дамыту, әсемдік пен сұлулықты бағалай білуге үйрету.

Дамытушылық мақсаты

  • Жұмысты орындаудағы ептілік пен ұқыптылықты дамыту.
  • Алған білімді өздігінен қолдана білуін қадағалау.
  • Ойлау қабілеті мен шығармашылық қиялды жетілдіру.

Тәрбиелік мақсаты

  • Бұйымды талдап, сәндік талап қоя білуге тәрбиелеу.
  • Тазалық пен гигиеналық талаптарды сақтауға дағдыландыру.
  • Техникалық қауіпсіздік ережелерін білуге және қатаң сақтауға үйрету.

Қажетті құрал-жабдықтар

Панно түрлерінің үлгілері Мата ПВА желім Қайшы Қағаз Таспа Сөзжұмбақ Ереже/нұсқау карта Ине Жіп Т.б.

Сабақ барысы

I. Ұйымдастыру кезеңі

Технология сабағына қажетті құралдарды дайындау және жұмыс орнын ретке келтіру.

II. Өткен сабақты қайталау

Алдыңғы сабақта матадан қандай жұмыс жасадық? Раушан гүлін дайындадық. Еңбек арқылы ғана жасаған жұмысымыз нәтижесін береді.

Еңбек туралы мақал-мәтелдер

  • Еңбек түбі — зейнет.
  • Сабағыңды жөндеп, әзірленсең — еңбек.
  • Қиындықтың бәрін еңбек қана жеңбек.

III. Жаңа сабақ

Бүгінгі жұмысқа қажетті құрал-жабдықтарды сөзжұмбақ арқылы анықтаймыз.

Сөзжұмбақ сұрақтары

Иненің серігі
Жіп
Жібек, шыт, атлас
Мата
Киім тігетін құрал
Машина
Кесте тігетін жіп
Мулине
Тігінші құралы
Оймақ

Шыққан сөз

Панно

Панно — қоғамдық мәдени орындарды және үй ішін көркемдеу үшін жасалатын сәндік өнер туындысы.

Дәптермен жұмыс

Анықтаманы дәптерге жазып, панноның қолданылу мақсатын қысқаша сипаттаңыз.

Панно түрлері

Жасанды (икебана)

Жасанды гүлдерден және табиғи материалдардан құрастырылады.

Матадан

Матадан жасалған гүлдер мен бөлшектер арқылы көркем композиция құрылады.

Қағаздан

Түрлі-түсті қағаздан жапсырмалау (аппликация) тәсілімен орындалады.

Табиғи материалдар мысалдары

Ағаштың қабығы мен бұтағы, кептірілген жапырақтар, кептірілген гүлдер, жаңғақ қабығы және басқа да материалдар.

Қауіпсіздік ережелері

  • Қайшыны бір-біріңе бергенде сабын өзіңе қаратып ұсын.
  • Тат басқан немесе өтпейтін қайшымен жұмыс істеме.
  • Жұмыс орныңды таза ұста, сабақ соңында жинап қой.

IV. Сарамандық жұмыс

«Еңбек етсең еленерсің, еңбегіңе кенелерсің» деген мақалға сүйене отырып, жұмысымызды ұқыпты әрі әдемі орындауға тырысамыз.

1-топ

Табиғи материалдар

Кептірілген жапырақ, бұтақ, қабық т.б. арқылы композиция құрастыру.

2-топ

Мата

Матадан гүл немесе сәндік бөлшектер жасап, панно құрастыру.

3-топ

Түрлі-түсті қағаз

Жапсырмалау тәсілімен панно жасау.

Жұмыс барысында мұғалім оқушыларға бағыт-бағдар беріп, қажет жерде көмек көрсетеді.

Сабақты бекіту

Дайын паннолар тақтаға ілінеді. Оқушылар жұмысты қарап, қысқаша талдау жасайды.

Талқылау сұрақтары

  • Бүгінгі сабақта не жасадық?
  • «Панно» дегеніміз не?
  • Панноны қандай мақсатта қолданамыз?

Үй тапсырмасы

Келесі сабаққа ине, жіп, қайшы алып келу. Тақырып: жіппен бейнелеу.

Бағалау

Сабақ барысында белсенділік танытқан және жұмысты ұқыпты орындаған оқушылардың жетістігі бағаланады.