Айнымалылар типтері

Сабақ №14

Сабақтың тақырыбы

Айнымалылар типтері. Программа құрылымы.

Сабақтың түрі

Жаңа сабақты меңгерту сабағы.

Өту әдістері

Сөздік, көрнекі, практикалық.

Көрнекілігі

Компьютерлер, интерактивті тақта, презентация.

Сабақтың мақсаты

Білімділік

Оқушыларға алгоритм командалары мен оның құрылымын түсіндіру, компьютерде есеп шығару кезеңдерімен таныстыру және практикалық қолдануға үйрету. Әр сабақтағы ынта мен қабілетті ұштастырып, пәнге қызығушылықты арттыру.

Дамытушылық

Алгоритм командалары мен құрылымын меңгерту арқылы алгоритм құру дағдыларын қалыптастыру, логикалық ойлау өрісін дамыту.

Тәрбиелік

Ұқыптылыққа, жинақтылыққа, адамгершілікке тәрбиелеу; әр оқушыны іскерлікке, нақтылыққа және ынтымақтастыққа баулу.

Сабақтың барысы

  1. 1

    Ұйымдастыру кезеңі

    Қоңырау соғылғаннан кейін оқушыларды ұйымдастырып, сабақты бастау.

  2. 2

    Үй тапсырмасын сұрау

    Слайд бойынша дайындалған сұрақтарға жауап беру, құрылғылардың атауы мен қызметін қайталау.

  3. 3

    Жаңа сабақ

    Айнымалылар типтері, шектеулі/саналатын типтер және жиымдар (массивтер).

  4. 4

    Дамыту

    Тақырып бойынша мысалдар талдау және практикалық тапсырмалар.

  5. 5

    Бекіту

    Негізгі анықтамалар мен айырмашылықтарды сұрақ-жауап арқылы бекіту.

  6. 6

    Үйге тапсырма

    5.1, 5.2, 5.3, 5.4 тақырыптарын оқу (толық нұсқасын қарау).

  7. 7

    Қорытынды

    Сабақ нәтижесін жинақтау, негізгі ұғымдарды нақтылау.

Өткен материалды қайталау сұрақтары

  • Алгоритмді өрнектеу және жазу тәсілдері дегеніміз не?
  • Алгоритмді графиктік түрде кескіндеудің ерекшеліктері қандай?
  • Блок-схема дегеніміз не?
  • Негізгі және көмекші блоктарға нелер жатады?
  • Алгоритмдік тіл және программалау тілі дегеніміз не?
  • Атқарушы ұғымы нені білдіреді?

Жаңа сабақ: Айнымалылар типтері

Мәліметтердің айнымалы типтері стандартты типтерден өзгеше болуы мүмкін. Әртүрлі типтер үшін әртүрлі амалдар қолданылады. Типтерді дұрыс құру бір жағынан операцияларды орындауды жеңілдетсе, екінші жағынан қате жіберу қаупін де арттырады. Сондықтан типтерді нақты әрі түсінікті сипаттау маңызды.

Саналатын (enumerated) тип

Қабылдай алатын мәндері реттелген тізім түрінде берілетін тип саналатын тип деп аталады. Бұл тип идентификаторлар тізімі арқылы анықталады.

Жалпы жазылуы

TYPE TipAty = ( ... );
VAR  a, b: TipAty;

Мысал

TYPE
  Gaz = (Ge, C, O, N);
  Metall = (Na, K, Li, Cu, Zn);
  Mezgil = (qys, koktem, jaz, kuz);

VAR
  A1, A2: Mezgil;
  G1, G2, G3: Gaz;
  Met1, Met2: Metall;

Түстер мысалы

TYPE
  Tus = (aq, kok, qyzyl, sary, jasyl, qonyr, sur, qara);

Шектеулі (subrange) тип

Егер айнымалы белгілі бір аралықтағы мәндерді ғана қабылдайтын болса, ол шектеулі типке жатады. Алғашқы және соңғы мән екі нүкте арқылы көрсетіледі. Екі шек те бір стандартты типке тиесілі болуы керек (real қолданылмайды), әрі бастапқы мән соңғы мәннен кіші болуы міндетті.

Жалпы жазылуы

TYPE TipAty = bastapqy..songy;
VAR  x: TipAty;

Мысал

TYPE
  Kunder = 1..31;

VAR
  RadDay, BolnDay: Kunder;

Кестелік тәсіл және жиым (массив)

Мәліметтерді ұйымдастырудың кең тараған түрі — кестелік тәсіл. Бір жолдан тұратын кесте сызықтық кесте деп аталады. Бірнеше жолдан тұратын кесте тіктөртбұрышты кесте деп аталады. Бұл ұғымдар программалауда бірөлшемді және екі не көпөлшемді жиымдарға сәйкес келеді.

Анықтама

Жиым — бір атаумен біріктірілген, біртекті элементтер жиыны. Жиым элементтері индекстер арқылы ретімен көрсетіледі: a[1], x[1,1], т.б.

Сипаттау

Aty: array [indeks] of real;

TYPE
  Aty = array [indeks] of integer;

Мысал (20 санның орташа мәні)

Program Ortaша;
Var
  A: array [1..20] of real;
  i: integer;
  S: real;
Begin
  For i := 1 to 20 do Read(A[i]);
  S := 0;
  For i := 1 to 20 do S := S + A[i];
  S := S / 20;
  Write(S);
End.

Бекіту сұрақтары

Саналатын және шектеулі тип дегеніміз не?
Сызықтық және тіктөртбұрышты кестенің айырмашылығы қандай?
Жиым деп нені айтамыз?
Жиымдар қалай сипатталады?
Индекс дегеніміз не?
Бірөлшемді жиым дегеніміз не?

Үйге тапсырма

5.1, 5.2, 5.3, 5.4 тақырыптарын оқу және толық нұсқасын қарау.