Тұр деймін, бүгін бізде мереке
Мерекелік бағдарлама: «Қош келдің, Жаңа жыл!»
Бұл сценарий — жаңа жылдық кешті жүргізуге арналған сахналық бағдарлама. Онда жүргізушілердің кіріспе сөзі, құттықтаулар, ертегілік көрініс, өлеңдер, ән-билер және Аяз ата мен Ақшақардың келуі қамтылған.
Кейіпкерлер
- Жүргізушілер: Дидар, Мереке
- Сынып жетекшісі
- Ертегі кейіпкерлері: Алтын балық, Шал, Кемпір
- Клоундар: 1, 2
- Қонақтар: Аяз ата, Ақшақар
- Жылдар: Ұлу жылы, Жылан жылы
Құрылымы
- Жүргізушілердің ашылуы және құттықтау
- Сынып жетекшісінің тілегі
- «Алтын балық» ертегісінен үзінді
- Оқушылардың өлеңдері, әні, билері
- Аяз ата мен Ақшақардың келуі
- Ескі жылды шығарып салу, Жаңа жылды қарсы алу
- Қорытынды сөз
Кіріспе: жүргізушілер сөзі
Дидар
Армысыздар, ардақты ағайын, ұлағатты ұстаздар!
Мереке
Бармысыздар, замандас бауырлар, шабытты шәкірттер!
Дидар (өлең)
Бүгін бізге жырдан алқа тағайын,
Шат күлкіге толы болсын маңайың.
Көргендер де, көрмеген де арманда,
Жаңа жылың құтты болсын, ағайын!
Мереке (өлең)
Зеңгір көкте жұлдыз болып жанайын,
Ай жүзіндей айшықтанып арайың.
Жанға шуақ, бойға қуат әкелген,
Жаңа жылың құтты болсын, ағайын!
Дидар: Құрметті балалар!
Мереке: Ата-аналар!
Дидар: Ұстаздар!
Мереке: Қонақтар!
Дидар: Жаңа жыл мерекесіне арналған «Қош келдің, Жаңа жыл!» атты кешімізге…
Екеуі бірге: Қош келдіңіздер!
Сынып жетекшісінің құттықтауы
Сынып жетекшісі
Сіздерді әлемдегі ең ғажайып мейрам — Жаңа жыл мерекесімен құттықтаймын! Тек осы кеште ғана біз өзімізді сәбидей сезініп, ғажайыптың бар екеніне сенеміз.
Өтіп бара жатқан жылдың жақсылығы ғана есте қалып, алда жүздеріңізден тек күлкі көрінсін! Өмірлеріңізге бақыт, еңбектеріңізге жеміс, зор денсаулық тілеймін!
Дидар
Осындай ғажап тілекпен енді ертегілер еліне саяхат жасап, жаңа жылымызды әрі қарай мерекелейік!
Ертегіден үзінді: «Алтын балық»
Сырттан дауыс (баян)
Көгілдір көл жағасында шал мен кемпір өмір сүріпті. Олар ескі үйшігінде тура 30 жыл 3 ай тұрыпты. Шал ауымен балық аулап, кемпір тоқыма тоқыпты.
Бірақ соңғы кезде екеуі де бұрынғы әдетін қойған екен. Себебі олардың алтын балығы болыпты: ол адамдарша тіл қатып, барлық тілектерін орындайды екен.
Жаңа жыл күні алтын балық шырт ұйқыда жатқан шал мен кемпірге тіл қатыпты…
Алтын балық
Шал, шал, тұрсаңшы! Жаңа жыл келді, ал сендерде ешқандай дайындық жоқ. Ұйқыдан тұрыңдар!
Шал
Дұрыс айтасың, алтын балық. Лашығымызға шырша орнатсаң екен. Әдемі, сәнді, жарығы көп болса тіпті жақсы болар еді.
Сахналық нұсқау
Музыка ойнатылады. Жарық жанып, ортада безендірілген шырша пайда болады.
Шал
Рахмет саған, алтын балық! Мерекенің сәнін келтірдің!
Әй, кемпір, тұрсаңшы енді. Бүгін мереке! Қарашы, алтын балық қандай тамаша сыйлық жасады!
Кемпір
Ой, шал, мүлдем ұйқы бермейсің ғой «мереке, мереке» деп! Жарайды, мереке күні ұрыспай-ақ қояйық. Одан да жаңа жылды қалай қарсы алатынымызды ойланайық!
Диалог
Шал: Қалай-қалай! Кәдімгідей: ойын ойнап, би билеп!
Кемпір: Күні-түні өлең айтып, би билемексің бе? Теледидар да істемей қалды. Жаңа жылдық концертті де көре алмаймыз.
Шал: Алтын балықтан теледидарды жөндеп беруін сұрасақ қайтеді?
Алтын балық
Қожайын, қандай тілегіңіз бар?
Зор қуанышпен көмектесер едім, бірақ теледидар — қазіргі заманның заты. Егер лашықты сарай қыл десе немесе есекті тұлпар қыл десе, көмектесер едім…
Кемпір
Жоқ, мен ханшайым болғым келмейді. Маған бір жақсы жаңа жылдық бағдарлама тамашаласам жетеді.
Алтын балық: Жаңа теледидар менің құзырымда емес. Бірақ жаңа жылдық бағдарламаны көруге көмектесе аламын. Дәл қазір Төле би мектебінің 6-сынып оқушылары мерекелік бағдарлама қойып жатыр. Ендеше, тамашалайық. Көздеріңді жұмыңдар!
Сахналық нұсқау
Шал мен кемпір көзін ашқанда үлкен залға «ауысып» келеді.
Күтпеген сәт: қаптан шыққан клоундар
Дидар: Мереке, байқайсың ба, бұл кеште сыныптас достарымыз көрінбейді ғой. Мына шырша жанындағы қаптың ішінде не бар екен?
Мереке: Мүмкін, бұл — достарымыздың жасаған сыйы шығар. Ашып көрейік. Дидар, сен аш. Мен «мыстан» болып кетер ме деп қорқып тұрмын.
Сахналық нұсқау
Екеуі «1…2…3» деп қаптың аузын ашқанда, клоундар атып шығады.
Клоун 1
Сәлем саған, туған ел! Армысыздар, халайық!
Клоун 2
Сәлем, сәлем, достар! Жақсы жайғастыңыздар ма? Бәрі естіліп, көрініп тұр ма? Бәріне орын жетті ме?
Клоун 1: Біз мұнда жай отыру үшін емес, ән айтып, би билеуге келдік. Сондықтан көңіл көтерейік!
Клоун 2: Бірақ сыныптас достарымыз көрінбейді ғой. Көп созбайық, бәрін ертіп келейік!
Сахналық нұсқау
Клоундар шығып кетіп, сынып оқушыларын ертіп келеді.
Дидар: Бәрекелді! Құрметті халайық, жаңа жыл кешін көтеріңкі көңіл күймен, әсем ән мен сәнді бимен бірге өткізейік!
Мереке: Олай болса, мерекелі кешіміздің шымылдығын ________________ орындауындағы ________________ әнімен ашуға рұқсат етіңіздер!
Өлең шашуы: 6-сынып оқушылары
Сахналық нұсқау
Ортаға оқушылар шығып, жаңа жылға арналған өлеңдерін оқиды.
Бағлан
Мезгілдері жаңарған,
Ескіргенін елейтін.
Алдағы жыл — ақ арман,
Ассалаумағалейкүм!
Басталарда жаңа әлем,
Құйылады жаңа нұр.
Жүрекке арман бөлеген,
Қош келіпсің, Жаңа жыл!
Жаңа жылым — әсемсің,
Гүл өндірар түзге де.
Әр сәтің бақ әкелсін,
Достар, бізге де!
Жеңіс
Қағып тұр Жаңа жыл кеп есігіңді,
Болмайды той-думанның кеші мұңды.
Жаратқан түгел қылып берсін сенің
Бақыт пен ырысыңды, несібіңді!
Ашылып ғасырдың бір ақ парағы,
Өзіңе Қыдыр дарып, бақ қарады.
Жаңа жыл берекелі жыл боп кірсін,
Табысқа бастап сені асқаралы!
Жангүл
Жаңа жыл — жаңа қадам, жаңа бағыт,
Болашақ сыйлайтындай жаңа бақыт.
Жақсылықтың белгісі — жаңа уақыт,
Келіп, міне, жатырмыз қауқылдасып…
Бірге соғып бар әлемнің сағаттары,
Он екіні күтер қалмай тағаттары.
Құстай ұшып, қырау шалған қанаттары —
Жаңа жыл келді, жаңа шақ аттары!
Құтты болсын Жаңа жыл, барша қауым,
Құтқа орансын кең байтақ дархан елім.
Қазақтың пейіліне тарту етсін
Табиғат ашық аспан, таң шапағын!
Күмісбек
Аппақ қар, аппақ дүние, аппақ ғалам,
Қойғандай сұлулығын сақтап маған.
Атайық ақ шампанды ырым жасап,
Шалқысың көңіліміз асқақтаған!
Жаңа жыл — жаңа ниет, жаңа күнсің,
Ғаламға ғашық болған жанарымсың.
Қалсыншы ескі жылда бар қиындық,
Шаттықтың шарайнасы бола білгін!
Қонақтар: Аяз ата мен Ақшақар
Мереке: Бүгінгі кешімізге алтындатқан шанасымен Аяз ата мен сүйкімді Ақшақар келе жатыр деген хабар алып тұрмыз!
Дидар (өлең): Қуаныңдар, ағайын, тамсаныңдар! Сүйіншімен маңайға жар салыңдар. Аяз ата келеді Ақшақармен, қол соғып, қошеметпен қарсы алыңдар!
Сахналық нұсқау
Музыка ойналып, ортаға Аяз ата мен Ақшақар шығады.
Аяз ата
Армысыңдар, ұлдарым! Армысыңдар, қыздарым!
Қандай жарқын жүздерің, қандай әсем билерің!
Асулармен алыстым, асау желмен жарыстым.
Шыршаңа асығып, өздеріңмен таныстым.
Ақшақар
Армысыздар, оқушылар, ата-аналар! Жаңа жылдарыңыз құтты болсын! Жаңа жыл бірлік пен татулық жылы болсын, әр отбасыға ырыс пен береке әкелсін!
Мереке: Жаңа жыл — туындаған жаңа армандар, Жаңа жыл — шуылдаған жаңа ормандар…
Келесі кезекте Дидар мен Сара орындауындағы әсем биге кезек береміз.
(Дидар мен Сара — танго)
Ескі жылды шығарып салу, Жаңа жылды қарсы алу
Дидар: Ұлу жылы, міне, жылыстап кетіп барады, қараңдар!
Мереке: Құрметпен Ұлу жылын шығарып салайық.
Бекжан
Біздің елде өткен жылы — Қоян жылы — тыныштық.
Біз ұмтылдық, есейдік, жақсылыққа тырыстық.
Ескі жылым — Қоян жылы, қош, аман бол көргенше!
Сен сыйладың бақытты күн, қайта айналып келгенше.
Ұлу жылы (Талғат)
Мен ескі жыл — Ұлу жылымын. Егемендік елдікті есіркедім.
Батырлықты, татулық пен ерлікті сүйемін.
Қарақтарым, қанаттарым, амандықпен жүздесейік.
Ал, Жаңа жыл — ізбасарым, қолыңа ал бір істі!
Дидар: Құрметпен ортаға Жаңа жылды шақырамыз!
Сахналық нұсқау
Ортаға Жылан жылы шығады.
Жылан жылы (Әсем)
Жақсылыққа бағыттаған Жыланмын мен — Жаңа жыл!
Жаңа жылда барлығың жаңа үміт таба біл.
Елде, жерде, табиғатта бейбіт жолды қолдаймын.
Арым — ұят, жаным — халық, қызметім де соларға.
Ал, ескі жыл, аман бол! Ізбасарың мен болам.
Аман болсын деп тілеймін — елім, жерім, кең далам!
Дидар: Жаңа жылда жаңа белден асамыз, жырмен шашу шашамыз. Бейбітшілік ұранымен, жеңіспен алға басамыз!
Келесі кезекте сыныптасымыз ________________ орындауындағы ________________ әнін тыңдайық.
Орындаушы: ________________ • Ән: ________________
Би және өлең жалғасы
Дидар: Мың бұралған ақ қайыңдай қыздар шықсын ортаға! Ендеше, қол соғайық!
Алдарыңызда 6-сынып қыздарының ________________ биі.
(6-сынып қыздары — рок-н-ролл)
Дидар (өлең): Ақ көңілім айналды аппақ қарға, көңілдене қосыл сен ән мен жырға. Қыс қызығы басылмай ұласады — қуаныш көп болсын Жаңа жылда!
Өлеңдер топтамасы
Келесі кезекте оқушылар жаңа жылға арналған жыр шумақтарын оқиды.
Ерлан
Қайырлы күн, барша туған-туыстарым,
Құтты болсын бұл келген жаңа жылың!
Қоян жылы кенеліп шын бақытқа,
Өсе берсін бұл жылда табыстарың.
Меруерт
Қуанышпен келдіңіз бе, Жаңа жыл?!
Мен де саған арнайыншы жаңа жыр.
Есік ашық, дастарқаным жаюлы —
Қарсы алуға керектің бәрі әзір.
О, Жаңа жыл! Бақытыңды туған елге төге бер,
Жаңа туған менің жаңа ғасырым!
Әділет
О, Жаңа жыл! Менің айтар әнім көп,
Қазақстан тұрған жоқ па сәнім боп.
Бар халықпен достығымыз жарасып,
Өтейікші бірге туған бауыр боп.
Анар
Жаңа жылдың таңы неткен арайлы,
Ақ мамыққа бөлеп алды маңайды.
Жаңа жылмен құттықтаймын деген үн
Қанаттана кең алқапқа тарайды.
Біз жаңа жылдарға қол соғамыз,
Әлемге жақсылықтар тілеп тұрып.
Әндер легі және қорытынды
Мереке (өлең): Құрметтісің, қымбат қонақ — жыл тойы. Саған деген сый-сияпат басқаша. Сені күтіп ән саламыз түн бойы, би билейміз, шырқаймыз ән күн бойы!
Келесі кезекте: ________________
Дидар (өлең): Езуіңнен кетпесін сыңғыр күлкің, аспаның ашық болсын ала бұлтың. Мұржаң қисық болса да, ағайындар, түтінің түзу шықсын, жалпақ жұртым!
Мереке: Келеді жылдар, келеді айлар ауысып… Береке, бірлік, бейбітшіліктің төрінде әркез татулықпен қауышайық!
Хор: ________________ әні
Дидар: Бітуге қалды таяп-ай, не қыласың аяп-ай! Қане, халқым, қол соқшы — Жаңа жылда аямай!
Дидар: Осымен 6-сынып оқушыларының концерттік бағдарламасы өз мәресіне жетті. Келесі кездескенше сау болыңыздар!
Мереке: Назар қойып тыңдағандарыңызға рахмет!