Саңырауқұлақ - ауызды кең ашып, тілді таңдайға жапсыра ұстап тұрып төменгі жақты басып ауызды кең ашып ұстау
Артикуляциялық жаттығулар жиынтығы (картотека)
Бұл материал дыбысты дұрыс айтуға қажет артикуляциялық аппаратты (тіл, ерін, жақ) жаттықтыруға арналған. Жаттығуларды алдымен баяу қарқынмен, айна алдында орындап, кейін біртіндеп жылдамдықты арттырған дұрыс.
Орындау ережелері
- Әр жаттығуды 10 секундтан 6–8 рет қайталау ұсынылады.
- Қимылдың негізгі бөлігі тілмен орындалады; ерін мен жақтың артық қозғалысын шектеңіз.
- Қажет болса, жеңілдетілген нұсқаға қайтып, қайтадан дұрыс қалыпты бекітіңіз.
Негізгі артикуляциялық жаттығулар
№1. «Күрекше»
Тілді босаңсытып, жалпақ қалыпқа келтіріңіз. Тілді төменгі еріннің үстіне қойып, осы қалыпта бірнеше секунд ұстаңыз.
№2. «Шәше» (Чашечка)
Ауызды кең ашыңыз. Жалпақ тіл жоғары көтеріліп, «шәше» пішінін жасайды. Тілдің шеттері тістерге тимеуі керек.
№3. «Инеше» (Иголочка)
Ауызды кең ашып, тілді алға қарай жіңішкертіп шығарыңыз да, 10–15 секунд ұстаңыз.
№4. «Төбешік» (Горка)
Ауызды жартылай ашыңыз. Тілдің екі шетін жоғарғы азу тістерге жапсырып, тіл ұшын төменгі тіске тіреп ұстаңыз.
№5. «Түтікше» (Трубочка)
Тілді ауыздан шығарып, «түтікше» пішініне келтіріңіз. Алдымен баяу, кейін ырғақты біртіндеп арттыра орындаңыз.
№6. «Сағат» (Часы)
Тілді жіңішкертіп ұстап, оңға және солға баяу қозғаңыз. Санап отырып 15–20 рет қайталаңыз.
№7. «Дәмді тосап»
Мақсаты: жалпақ тіл ұшын жоғары көтеруді және тілді «кесе/ожау» тәрізді қалыпта ұстауды үйрету.
Сипаттамасы: жалпақ тілмен жоғарғы ерінді жалап, тілді ауыз қуысына қайта енгізіңіз.
Әдістемелік нұсқау
- Жаттығуда тек тіл жұмыс істесін, иек қимылдамауын қадағалаңыз.
- Тіл жалпақ болып, бүйірлері ауыз бұрыштарына тиіп тұруы керек.
- Тіл оңға-солға емес, тек төмен және жоғары қозғалады.
- Бала орындай алмаса, «пя-пя-пя» жаттығуына қайта оралыңыз; тіл жалпақ қалыпқа келген соң, қажет болса шпательмен тіл ұшын жоғарғы ерінге қарай жұмсақ бағыттаңыз.
№8. «Ат шауып келеді»
Ауызды кең ашып, тілді таңдайға жапсырып-ажыратыңыз (таңдай қағу). Бұл жаттығу «шапқан аттың» дыбысын еліктетеді.
Ескерту: жаттығулардың ішінен әр дыбысқа қажетті түрлері ғана іріктеліп алынады.
№9. «Саңырауқұлақ» (Грибок)
Ауызды кең ашыңыз. Тілді таңдайға жапсырып ұстап тұрып, төменгі жақты түсіріп, ауызды кең ашқан қалыпта ұстаңыз.
№10. «Гармошка»
Ауызды ашып, «гармошканың» жұмыс қимылын көрсетіңіз: ауызды қайта-қайта кең ашып, тілді жоғарғы қалыпта ұстап тұрыңыз.
№11. «Әткеншек»
Мақсаты: тіл қалпын тез өзгерту дағдысын қалыптастыру.
Сипаттамасы: жымиып, тістерді көрсетіп, ауызды ашыңыз. Жалпақ тілді төменгі тістердің артына (ауыз қуысында) орналастырыңыз. Содан соң тілді жоғары көтеріп дәл осылай орындаңыз. Тіл қалпын кезекпен 4–6 рет ауыстырып қайталаңыз.
Әдістемелік нұсқау
Тек тіл қимылдасын; ерін мен жақтың қозғалмауын қадағалаңыз.
№12. «Жылан»
Ауызды кең ашыңыз. Тілді көбірек алға шығарып, жіңішкертіп, қатайтып ұстаңыз. Осы қалыпта тілді ауыз қуысына ақырындап енгізіңіз.
№13. «Сылақшы»
Ауызды сәл ашып, тілді шығарыңыз. Алдымен жоғарғы ерінді, кейін төменгі ерінді жалаңыз. Бағытын өзгерте отырып 10–15 рет қайталаңыз.
№14. «Параход»
Мақсаты: тілді жоғары көтеруге үйрету, тілдің алдыңғы бөлігінің қимыл-қозғалысын жетілдіру.
Сипаттамасы: ауызды сәл ашып, «ы» дыбысын ұзақ айтыңыз.
Әдістемелік нұсқау
Тіл ұшы төменде және ауыз қуысында терең орналассын, ал тіл арқасы таңдайға қарай көтеріңкі болсын.
№15. «Күркетауық»
Мақсаты: тілді жоғары көтеруге үйрету, тілдің алдыңғы бөлігінің қимыл-қозғалысын жетілдіру.
Сипаттамасы: ауызды аздап ашып, тілді жоғарғы ерінге қойыңыз. Тілдің жалпақ ұшын еріннен ажыратпай, алға-артқа жылжытыңыз (ерінді «сипағандай»). Алғашында баяу орындап, кейін жылдамдатыңыз; соңынан дауыс қосуға болады.
Әдістемелік нұсқау
- Тілдің жалпақ болуын және қимылдың артқа-алға бағытталуын қадағалаңыз.
- Тілмен жоғарғы ерінді жеңіл жалау керек.
Еріннің қозғалысын дамытуға арналған жаттығулар
| № | Жаттығу атауы | Орындалу әдістемесі |
|---|---|---|
| 16 | «Қаша» | Тістер біріктірілген, ерін күлімсіреп тұрады. |
| 17 | «Тоқаш» | Еріндер біріктірілмеген, дөңгеленіп тұрады. |
| 18 | «Керней» | Еріндер біріктірілмеген, алға қарай созылады. |
| 19 | «Пілдің тұмсығы» | Еріндер біріктірілген және алға қарай қатты созылады. |
| 20 | «Үйректің тұмсығы» | Еріндер біріктірілген; алға созылады: жоғарғы ерін жоғары, төменгі ерін төмен бағытталады. |
| 21 | «Терезе» | «Ыстық» — ауызды үлкен етіп ашу; «суық» — ауызды жабу. |
| 22 | «Шар» | Ұртты толтыру, кейін ауаны толық шығарып, ұртты жинау. |
Тілдің қозғалғыштығын дамытуға арналған жаттығулар
| № | Жаттығу атауы | Орындалу әдістемесі |
|---|---|---|
| 23 | «Құймақ пісіреміз» | Жымиып, ауызды ашыңыз. Тілдің алдыңғы бөлігін төменгі ерінге қойып, бірқалыпты қалыпта алдымен 1-ден 5-ке дейін, кейін 1-ден 10-ға дейін санау арқылы ұстап тұрыңыз. |
| 24 | «Ұн илейміз» | Жымиып, «пя-пя-пя…» деп, тілмен еріндердің арасында шалпылдатыңыз. |
| 25 | «Тісімізді тазалаймыз» | Жымиып, тістерді көрсетіңіз. Ауызды ашып, тіл ұшымен жан-жаққа, кейін жоғарыдан төмен қарай қозғалыстар жасаңыз. |
| 26 | «Тіліміздің күші көп» | Тістер біріктірілген. Тілмен алдымен төменгі, кейін жоғарғы тістерге күшпен басыңыз. |
| 27 | «Баспалдақтар» | Тіл ұшы кезек-кезек жоғарғы және төменгі тістерге тиеді. |
| 28 | «Тарақ» | Жоғарғы тістер тілдің үстімен «тарайды». |
| 29 | «Дәмді тосап» | Жымиып, ауызды ашып, кесе тәрізді жалпақ тілмен жоғарғы ерінді жалаңыз. |
| 30 | «Құлыншақ» | Еріндерді созып, ауызды ашып, жіңішке тілмен тырсылдатыңыз. |
| 31 | «Саңырауқұлақ» | Жымиып, ауызды ашып, тілдің жалпақ бөлігін көтеріп, таңдайға керіп, ұстап тұрыңыз. |
| 32 | «Кеме келе жатыр» | Жымиып, ауызды ашып, күшпен «ы-ы-ы…» деп айтыңыз. |
Дыбыс артикуляциясын дамытуға арналған әзіл-жаңылтпаштар
№33. «Аз-аз-аз»
Құдықты қаз.
Қаңқылдайды қаз.
Келіп қалды жаз.
Болып қапты жаз.
Атаңа хат жаз.
№34. «Ақ-ақ-ақ»
Астында болсын тақ!
Алла болсын жақ!
Басыңа қонсын бақ!
Атам маған жақ.
Гүлденіп кетті бақ.
Әжем маған жақ.
Боларсың өркез сақ.
Секіреді лақ.
Шұнаңдайды лақ.
Сылдырайды бұлақ.
№35. «Ер-ер-ер»
Қасиетті жер.
Төгілді көп тер.
Жемістерді тер.
Аға соңынан ер.
Сұрағанын бер.
«Лау-лау-лау»
Желбірейді жалау.
Лапылдайды алау.
№36. «Ән-ән-ән»
Қамба толы дән.
Әжем айтқан ән.
Құрып жүргін сән.
Толық нұсқасын жүктеу.