Шығармашылық жұмыс Дарындылар тобы

Павлодар қаласы

Қалижан Бекқожин атындағы №12 жалпы орта білім беру мектебі

Пәні: Қазақ тілі • Сынып: 6

Мұғалім: Шынаргүл Сағындықовна Мальшубаева

Сабақтың тақырыбы

Сын есімнен өткенді қайталау

Мақсаты (білімділік)

Оқушылардың сын есім бойынша алған білімдерін нығайту, тиянақтау, бір жүйеге келтіріп қорытындылау және теориялық білімді практикамен ұштастыру.

Мақсаты (дамытушылық)

Тапқырлық пен ізденімпаздықты, танымдық қабілеттерді дамыту; шығармашылыққа баулу; өз ойын нақты әрі жүйелі жеткізуге дағдыландыру.

Мақсаты (тәрбиелік)

Ана тілінің заңдылықтарын құрметтеуге үйрету, пәнге қызығушылықты арттыру, адамгершілікке, ізеттілікке, әдептілікке тәрбиелеу.

Сабақтың түрі

Қайталау сабағы.

Сабақтың әдіс-тәсілдері

Сұрақ-жауап, деңгейлік тапсырмалар, карточкамен жұмыс, талдау, практикалық жұмыс, проблемалық жағдаят, қайталау, іздендіру, шығармашылық жұмыс.

Көрнекіліктер

Кестелер, сөзжұмбақ, сызбалар, карточкалар, интербелсенді тақта.

Сабақтың барысы

I. Ұйымдастыру кезеңі

  • Оқушылармен амандасу, түгендеу.
  • Психологиялық дайындық.

Жаттығу: «Мен қандаймын?»

Оқушылар есімдерінің бірінші әрпінен басталатын жақсы қасиеттерді айтып, сабақты жағымды ұранмен бастайды:

  • Әсем — әсеммін.
  • Ағжан — алғырмын.
  • Дильназ — дарындымын.
  • Ақерке — ақкөңілдімін.

Топқа бөлу

Орындықтарының артындағы стикер түсіне қарай 3 топқа бөлінеді:

  • Көк — «Дарындылар»
  • Жасыл — «Ептілер»
  • Қызыл — «Ақылдылар»

Айтылған қасиеттер «Қандай?» сұрағына жауап береді. Бұл — сын есім сөз табының сұрағы.

Сондықтан бүгінгі сабақта сын есімді қайталаймыз.

Оқушылар сабақтың SMART мақсаттарын өздері тұжырымдайды. Сабақ бірнеше бөлімнен тұрады, әр бөлімде үш деңгейлі тапсырмалар беріледі.

II. «Тапқырлар аялдамасы»

Интербелсенді тақта арқылы ұяшықтармен жұмыс орындалады. Сын есімнің ережелері қайталанады.

III. «Жауап тапқанға қолқа жоқ»

III деңгей

Негізгі және туынды сын есімдерді екі топқа бөліп жазыңдар:

Үлкен, аласа, желсіз, жеңіл, еріншек, жүзгіш, тебеген, мықты, жіңішке, сұлу, тұсаулы, көтеріңкі, көк, қатты, түнгі, ұнамды.

II деңгей

Бір зат есімге бес сын есім жазыңдар:

  • Оқушы — (……)
  • Жер — (……)
  • Кітап — (……)

I деңгей

Мақал-мәтелдердегі көп нүктенің орнына лайықты сын есімді қойып, орысша және ағылшынша аударыңдар:

  1. Өнер алды — қызыл тіл. (красный — red)
  2. Жақсы қыз — жағадағы құндыз. (хорошо/good)
  3. Батыр жігіт жол бастар. (герой — hero)
  4. Жаман адамды жақынға санама. (плохой — bad)
  5. Ащы еңбектен — тәтті нан. (горький/bitter — сладкий/sweet)

IV. «Сұраймын — жауап бер»

Әр топқа кесте таратылады.

III деңгей

Сын есім мен зат есімдерді сәйкестендіріңдер:

Сын есімдер

Жазғы, сары, ауыр, биік, жаман, әдепті, көтеріңкі, білімді, қабілетті, түйінді, дарынды

Зат есімдер

Оқушы, ырым, бала, дауыс, балапан, адам, жүк, сөз, актёр, үй, демалыс

II деңгей

Ойын: «Бір сөзбен айтқанда, қандай адам?»

  1. Қиыстырып, тауып сөйлейтін адам — шешен, тапқыр.
  2. Айтқанға сене салатын, еш нәрсені байқамайтын адам — аңқау, аузы ашық.
  3. Тез ашуланатын адам — ашушаң.
  4. Көрінгенге соқтыға беретін адам — тентек, сотқар.
  5. «Ертең орындаймын», «кейін жазамын» дейтін адам — жалқау, еріншек.
  6. Әркімнің сыртынан жаман сөз айтып жүретін адам — өсекші.
  7. Көп білетін адам — білгіш.
  8. Жан аямай көп жұмыс істейтін адам — еңбексүйгіш, еңбекқор.
  9. Керексіз көп сөйлейтін адам — мылжың, көкезу.

I деңгей

Топпен жұмыс: семантикалық картаны толтырыңдар.

Сергіту сәті

Интербелсенді тақтадан «Көңілді күн» бейнетаспасын қарап, қимылдарды қайталайды.

V. «Жалғастыр»

III деңгей

Туынды сын есімдермен сөйлемдер құрастырыңдар:

Еріншек, қабаған, түнгі, атақты, ұмытшақ, қарулы.

II деңгей

Берілген сөздердің қарсы мәнді сөздерін табыңдар:

  • аңғырт — қу
  • мейірімді — қатыгез
  • салмақты — жеңілтек
  • салақ — таза
  • пысық — сылбыр
  • талдырмаш — толық

I деңгей

Сатылай кешенді талдау (сын есім):

Қайратты

  • Құрамына қарай: екі құрамды
  • Тұлғасына қарай: туынды
  • Құрылысына қарай: дара
  • Лексикалық мағынасы: жігерлі
  • Грамматикалық мағынасы: сын есім; -ты (сын есім тудырушы жұрнақ); сөйлемде анықтауыш қызметін атқарады
  • Сұрағы: қандай?
  • Мағынасына қарай: қатыстық

Ағалы-інілі

  • Құрамына қарай: төрт құрамды
  • Тұлғасына қарай: туынды
  • Құрылысына қарай: күрделі, қосарланған
  • Лексикалық мағынасы: туыстық атау
  • Грамматикалық мағынасы: сын есім; -лы/-лі (сын есім тудырушы жұрнақ); сөйлемде анықтауыш қызметін атқарады
  • Сұрағы: қандай?
  • Мағынасына қарай: қатыстық

VI. Шығармашылық жұмыс

«Дарындылар» тобы

Сын есімдерді қатыстырып ертегі құрастырады.

«Ептілер» тобы

Сөзжұмбақ жасайды.

«Ақылдылар» тобы

Сын есімді қатыстырып бір шумақ өлең шығарады және оны рэп немесе опера әуенімен орындайды.

VII. Бекіту

Тест сұрақтары: әр оқушыға бір нұсқадан беріледі, көршісімен ауыстырып тексереді.

  1. Сын есім:

    • А) заттың санын білдіреді
    • Ә) заттың атын білдіреді
    • Б) заттың сапасын білдіреді
  2. Сапалық сын есімді тап:

    • А) қызыл
    • Ә) білгіш
    • Б) ашушаң
  3. Сын есімнің сұрақтары:

    • А) не істеді?
    • Ә) қандай? қай?
    • Б) қанша? неше?
  4. Туынды сын есімді тап:

    • А) жылтыр
    • Ә) тәртіпті
    • Б) биік
  5. Негізгі сын есімді тап:

    • А) таза
    • Ә) әлсіз
    • Б) кешкі
  6. Қатыстық сын есімді тап:

    • А) заңғар
    • Ә) ымырт
    • Б) өнегелі
  7. Дара сын есімді тап:

    • А) тап-таза
    • Ә) ақ
    • Б) өте жақсы

VIII. Үй тапсырмасы

  • Сын есімге байланысты ребус құрастыру.
  • «Менің Елбасым» тақырыбында ойтолғау жазу.

IX. Өзін-өзі бағалау және кері байланыс

Оқушылар стикерлерді берілген суретке сәйкес жабыстырады. «Екі жұлдыз, бір тілек» әдісі арқылы кері байланыс береді.

Толық нұсқасын жүктеу