Әже атаға
І. Бағдарлау кезеңі
Ынтымақтастық атмосферасын қалыптастыру
Ерте тұрып күнде мен,
Айналама қарасам,
Тереземді ашамын —
Ғажаптар қаншама!
Сәлем деймін күнге мен,
Сан жетпейді санасам,
Шаттық әнге басамын,
Сәлем деймін баршаға!
Үй тапсырмасын тексеру (сұрақ-жауап)
- Кеше қай әріппен таныстық?
- Ол қандай дыбыс? Неліктен?
- Б дыбысы сөздің қай жерінде кездеседі?
- Басында және ортасында келетін сөздер ойлап көрейік.
- Қазіргі заманда адамдар қандай болғысы келеді?
- Басты байлық не?
- Дыбыс пен әріптің айырмашылығы қандай?
- Үй тапсырмасы бойынша Б дыбысына қатысты сөздерді оқып келдік пе?
Ойын: «Балық аулаймыз» (жедел сұрақ-жауап).
Қысқа талдау тапсырмалары
«Бақша»
- Неше дыбыс бар? Неше буын бар?
- б дыбысы қай буында?
«Балға»
- Мағынасын түсіндір.
- Буынға бөл, тақтаға жаз.
- Дауысты дыбыстардың астын сыз.
«Бақа»
- Буынға бөл, тақтаға жаз.
- Дауыссыз дыбыстардың астын сыз.
«Арба», «Айбол»
- «Арба»: неше әріп, неше буын? б дыбысы қай буында?
- «Айбол»: сөз нені білдіреді? Неліктен бас әріппен жазылады?
Сергіту сәті: бейнеролик арқылы қимыл-қозғалыс.
ІІ. Орындаушылық кезең
Қызығушылықты ояту (ертегі желісі)
Балалар «Бауырсақ» ертегісін біледі. Бір оқушы ертегіні қысқаша айтып береді. Ертегідегі ата бүгін тағы да бауырсақ жегісі келеді. Әже: «Егер менің жұмбағымды шешсең, саған бауырсақ пісіріп беремін», — дейді.
Жұмбақ
Ұзынды-қысқа қос тіл,
Он екі цифрмен дос бұл.
Жауабы: Сағат
Жаңа дыбыс пен әріп: С
- «Сағат» сөзінде бірінші естілетін дыбыс — с.
- Сөзді буынға бөлу: са-ғат (2 буын). Буын саны дауысты дыбыстар санына байланысты.
- С — дауыссыз дыбыс. Айтылғанда тіл ұшы астыңғы тіске тіреліп, тар кедергіден өткен ауа шуылдап шығады.
- С дыбысы сөздің басында, ортасында және соңында кездеседі.
Ертегі тапсырмалары: бауырсақты құтқарайық
Әже бауырсақты пісіріп, терезе алдына қояды. Бауырсақ қашып кетеді. Орманда аңдар жеп қоймасын десек, әр аңның тапсырмасын орындаймыз.
Қоянның тапсырмасы
Дәптермен жұмыс (әріпті жазу):
С С С С с с с с
Аюдың тапсырмасы
- Оқулықпен жұмыс.
- Сурет бойынша әңгіме құрастыру.
- Бағандағы сөздерді хормен оқу, кейін тізбектей оқыту.
Сергіту сәті
Әуенмен қимыл-қозғалыс жасау.
Тиіннің тапсырмасы
Дәптермен жұмыс (сөзді жазу және қайталау):
сана сана сана сана
Саттар Саттар Саттар
Қасқырдың тапсырмасы
Оқулық бойынша сөйлемдерді оқу, түсіну және рөлге бөліп айту:
— Сара, сабаққа бар.
— Асан, сағат қайда?
— Сағат қалтамда.
— Ол — қалта сағат.
Сергіту сәті
Көңілді жаттығулар арқылы тынығу.
Түлкінің тапсырмасы
Тақтамен жұмыс: сөйлемдерді көшіріп жазу.
Сара сабақта.
Ол сабақта.
ІІІ. Рефлексиялық кезең
Ойын: «Жоғалған әріп»
Тапсырма: сөздердегі жетіспейтін әріпті тауып, толық оқы.
Са... ақ, с... ғат, ма... а, са... а, д... с.
Түлкі: «Мына балалар сабақты жақсы біледі екен. Жарайды, бауырсақты жемей-ақ қояйын. Атасы мен әжесі жесін».
Қорытынды сұрақтар
- Бүгін қай әріппен таныстық?
- С дыбысының ерекшелігін кім сипаттайды?
- С дыбысы басында келетін сөз ойлап көр.
- Сөзде неше буын бар? Неліктен?
- С дыбысы қай буында тұр?
- Осы сөзбен сөйлем құрастыр.
- Сөйлем неше сөзден тұрады? Схемасын тақтаға түсір.
- Сөйлемді сұраулы және лепті сөйлемге айналдыр.
Нәтиже: Тапсырмалар толық орындалған соң, бауырсақ ата мен әжеге қайтарылады.
Бағалау және аяқтау
Сабаққа белсенді қатысқан оқушылар мадақтау арқылы бағаланады. Сабақтың аяқталғаны хабарланады.