Суретті жұмбақ шешу
Сабақтың тақырыбы
Біріккен сөздер
Сабақтың түрі
Жаңа материалды меңгерту.
Көрнекіліктер
- Суреттер
- Сызбалар
- Суретті жұмбақтар
- Ойындар
Әдіс-тәсілдер
- Түсіндіру
- Көрсету
- Ой қозғау
- Сұрақ-жауап
Сабақтың мақсаты
1) Білімдік
Біріккен сөздер туралы мәлімет беру. Екі түбірдің бірігуі арқылы жасалып, тұтас бір ұғымды білдіретінін және бір сұраққа жауап беретінін ұғындыру. Сөйлем ішінен біріккен сөздерді табуға, әртүрлі түбірлерден біріккен сөздер құрастыруға үйрету.
2) Дамытушылық
Ауызша және жазбаша тілін дамыту арқылы байланыстырып сөйлеуге дағдыландыру. Сөздік қорын байытып, шығармашылық қабілетін дамыту.
3) Тәрбиелік
Оқушыларды ұқыптылыққа, сауаттылыққа және көркем жазуға тәрбиелеу.
Сабақтың барысы
I. Ұйымдастыру бөлімі
Психологиялық дайындық.
II. Үй тапсырмасын тексеру
Үйге берілген 6-жаттығуды тексеру.
III. Өткенді пысықтау
Ой шақыру: «Қыс қызықтары» ойыны. Сұрақтарға жауап беру.
Формат
Сұрақ-жауап
- 1. Зат есім дегеніміз не?
- 2. Сын есім дегеніміз не?
- 3. Етістік дегеніміз не?
- 4. Сан есім дегеніміз не?
- 5. Қыстырма сөз дегеніміз не? Мысал келтір.
- 6. Қыстырма сөздің тыныс белгісі қандай?
- 7. Сөйлемнің бірыңғай мүшесі дегеніміз не? Мысал келтір.
- 8. Антоним дегеніміз не? Мысал келтір.
- 9. Синоним дегеніміз қандай сөз? (Мағыналас)
- 10. Омоним сөздер дегеніміз не? (Дыбысталуы бірдей)
- 11. Күрделі сөз дегеніміз не?
- 12. Сөйлем түрлерін ата.
IV. Жаңа сабақ
Қызығушылықты ояту үшін суретті жұмбақтар мен ойындар ұйымдастырылады.
1) Суретті жұмбақты шешу
Екі түбірдің бірігуі арқылы жасалған біріккен сөздерді табу.
- Гүл + жан
- Гүл + жайна
- Гүл + бақыт
- Ай + гүл
- Күн + сұлу
- Күн + тізбе
2) «Фигураны тап» ойыны
Біріккен сөздерді ажырату және бекітуге арналған тапсырма.
Оқушылар фигуралар арқылы берілген тапсырмалардан біріккен сөздерді табады және олардың қандай түбірлерден құралғанын анықтайды.
Негізгі ұғым
Біріккен сөз — екі түбірдің бірігуі арқылы жасалып, тұтас бір ұғымды білдіретін және сөйлемде бір сұраққа жауап беретін күрделі сөз түрі.