Қазына көтерген бала кім

Танымдық сайыс: «Тәуелсіз ел тірегі — білімді ұрпақ» (4-сынып)

Бұл танымдық сайыс 4-сынып оқушыларының білімін жүйелеуге, логикалық ойлауын дамытуға және топпен бірлесе жұмыс істеу дағдыларын жетілдіруге арналған.

Формат

Танымдық сайыс, сұрақ-жауап, ой қозғау

Көрнекілігі

Интерактивті тақта, топ атаулары жазылған қима қағаздар

Қатысушылар

3 топ: «Зеректер», «Алғырлар», «Тапқырлар»

Мақсаты

  • Оқушылардың пәндер бойынша алған білімдерін саралау, ой ұшқырлығын байқау және топпен бірлесіп жұмыс істеуге үйрету.
  • Логикалық ойлау қабілеттерін дамыту.
  • Ұйымшылдыққа және еңбекқорлыққа тәрбиелеу.

Жүрісі

I. Ұйымдастыру бөлімі

Психологиялық дайындық: «Жақсы сөз — жарым ырыс». Сайысты көтеріңкі көңіл күймен бастаймыз.

Оқушылар үш топқа бөлінеді. Топ атауларын ребус арқылы анықтайды:

I топ

Зеректер

II топ

Алғырлар

III топ

Тапқырлар

Сайыс 4 кезеңнен тұрады: «Қызықты үштік», «Ұшқыр ой», «Тіл өнері», «Сын сағаты».

I кезең — «Қызықты үштік»

Бұл кезеңде үш пән бойынша сұрақтар беріледі. Топ пәнді таңдап, сұрақтарға жауап береді. Толық әрі дәл жауап — 5 ұпай.

Математика

  1. Ұзындық өлшем бірліктерін атаңдар (мм, см, дм, м, км).
  2. Төртбұрыштың периметрін қалай табамыз? (Ұзындығы мен енін қосамыз.)
  3. 7 мен 8-дің көбейтіндісі нешеге тең? (56)
  4. Ең кіші төрт таңбалы сан. (1000)
  5. Жылдамдық, уақыт, қашықтыққа байланысты қашықтықты қалай табамыз? (Жылдамдықты уақытқа көбейтеміз.)
  6. Параллель түзулер дегеніміз не? (Қанша созсаң да, ешқашан қиылыспайтын түзулер.)
  7. Шаршы дегеніміз не? (Барлық қабырғалары тең төртбұрыш.)

Қазақ тілі

  1. Мәтіннің түрлерін атаңдар (әңгімелеу, сипаттау, пайымдау).
  2. Қазақ әліпбиінде неше әріп бар? (42)
  3. «Не істеді?», «Не қылды?», «Қайтті?» — қай сөйлем мүшесінің сұрақтары? (Баяндауыш)
  4. «Батыр» сөзіне мәндес сөздерді тап (ер жүрек, қайсар, батыл).
  5. Қыстырма сөз дегеніміз не?
  6. Сөз таптары нешеге бөлінеді? (9)
  7. Құрмалас сөйлем дегеніміз не? (Екі немесе одан да көп жай сөйлемнен құралған сөйлем.)

Ана тілі

  1. Абылайдың азан шақырып қойған аты. (Әбілмансұр)
  2. Халық ауыз әдебиетіне нелер жатады?
  3. «Қазына көтерген бала» кім? (Қ. Сәтбаев)
  4. «Оян, қазақ» атты тұңғыш өлеңдер жинағын шығарған ақын кім? (М. Дулатов)
  5. С. Бегалиннің «Қырдың жас түлегі» әңгімесі кімге арналған? (Шоқан)
  6. Өмірде болған адамға қатысты құрылған халық шығармасы. (Аңыз)

II кезең — «Ұшқыр ой»

«Жаса, Қазақстан!» әні аяқталғанша, берілген сөзден мүмкіндігінше көп жаңа сөз құрастыру керек. Әр топқа қосымша ақ қағаз беріледі, сөздер сол қағазға жылдам жазылады.

Берілетін сөздер:

Атамекен Қазақстан Тәуелсіздік

Әділқазылар әр кезеңді бағалап отырады, қорытынды ұпай соңында жарияланады.

III кезең — «Тіл өнері»

Мемлекеттік тілмен қатар, оқушылар орыс тілін де үйренеді. Бұл кезеңде әр топқа 3 жұмбақ оқылады: шешуін табу және орыс тіліне аудару қажет.

I топ

  1. Өзі сондай ақ, жесең тәтті-ақ. (Қант — сахар)
  2. Қыс бойына жатады, тәтті ұйқыға батады. (Аю — медведь)
  3. Жазу жазып жалықпаған, жаза-жаза арықтаған. (Бор — мел)

II топ

  1. Өзі таудың бөктерінде өседі, жаңа жылда үй төріне көшеді. (Шырша — ёлка)
  2. Білімнен мол сый-асы, балғындардың ұясы. (Мектеп — школа)
  3. Мамықтай ұлпа, қанттай ақ: қыста жер бетін басады, жазда сайға қашады. (Қар — снег)

III топ

  1. Қабат-қабат қаттама, ақылың болса аттама. (Кітап — книга)
  2. Ұшып-қонып тынбайды: жерге соқсаң сынбайды, суға салсаң батпайды, түскен жерге жатпайды. (Доп — мяч)
  3. Бұдан кір қорқады, судан бұл қорқады. (Сабын — мыло)

Қорытындылау: оқушылардың тілдік қорын, аударма дағдыларын және тапқырлығын әділқазылар бағалайды.

IV кезең — «Сын сағаты»

Бұл кезеңде әр топтың топбасшыларына сұрақтар қойылады. Мақсат — тез әрі нақты жауап беру.

  1. Қазақстан Республикасы өз тәуелсіздігін қашан жариялады? (1991 жыл, 16 желтоқсан)
  2. Әр адамның шағын отаны. (Отбасы)
  3. Мемлекеттік рәміздерді ата. (Ту, Елтаңба, Әнұран)
  4. Үш биді ата. (Әйтеке би, Төле би, Қазыбек би)
  5. Әнұранның авторлары кімдер? (Н. Назарбаев, Ж. Нәжімеденов, Ш. Қалдаяқов)
  6. Адам денесінің тірегі не? (Қаңқа)
  7. Биыл тәуелсіздікке неше жыл? (20)
  8. Дауыссыз дыбыстар нешеге бөлінеді? (3)
  9. Қабанбай батырдың шын аты. (Ерасыл)
  10. «Абай жолы» роман-эпопеясының авторы кім? (М. Әуезов)
  11. Хат сөйлеудің қай түріне жатады? (Жазбаша)
  12. Қазақстан жер көлемі бойынша әлемде нешінші орында? (9)

Қорытынды және марапаттау

Міне, балалар, төрт кезеңнен тұратын сайысымыз өз мәресіне жетті. Жеңімпазды анықтау — жарыстың басты талабы, ал жеңіске жетудің жолы — үздіксіз еңбек пен табандылық.

Жарыс заңы ежелден — жеңімпазды анықтау.
Жеңімпаз болу шарты — еңбектенуден жалықпау.

Әділқазылар ұпайды жариялаған соң, жеңімпаз топ марапатталады. Соңында жалпы қорытынды жасалып, қатысушыларға алғыс айтылады.