Бірінші дыбысты тап
Сабақтың тақырыбы
М дыбысы (слайд).
Сабақтың мақсаты
Білімділік
Оқушыларды М дыбысымен таныстырып, берілген сөздерді тізбектей оқыту.
Дамытушылық
М, м дыбысы мен әрпін меңгерту арқылы оқушылардың ойлау және есте сақтау қабілеттерін, танымдық іс-әрекеттерін, шығармашылығын және сөздік қорын дамыту.
Тәрбиелік
Оқушыларды отансүйгіштікке, ұқыптылыққа, сауаттылыққа, табиғатты қорғауға және оқуға дағдыландыру.
Сабақ туралы қысқаша мәлімет
Сабақтың түрі
Ойын-сабақ.
Сабақтың әдістері
- Венн диаграммасы технологиясы
- Ой қозғау
- Топтастыру
- Тізбектей оқу
- Ойын элементтері
- Жұппен жұмыс
Көрнекіліктер
Сабақтың барысы
I. Ұйымдастыру кезеңі
Оқушыларды орнынан тұрғызып, амандасу.
Амансың ба, алтын күн!
Амансың ба, көк аспан!
Амансың ба, достарым!
Амансыздар ма, қонақтар!
Сабағымызды бастайық,
Жамандықты тастайық.
II. Алдыңғы тапсырмалар
1-тапсырма
Суреттерді атап, М/м дыбысы сөздің қай жерінде кездесетінін анықтаңдар.
2-тапсырма
Мына буындарды дұрыс оқыңдар:
3-тапсырма
Венн диаграммасы арқылы жұмыс жүргізу.
III. Негізгі бөлім: Жаңа сабақ
Ойын
«Сиқырлы сандар»
а) Сөздер айту
М/м дыбысынан басталатын немесе құрамында осы дыбыс бар сөздерді атаңдар.
ә) Сөздерді буынға бөлу
Берілген сөздерді буынға бөліңдер:
- Мой-шақ
- Ал-мұрт
- Мы-сық
- Ма-та
Келесі тапсырма
Бірінші дыбысты тап: сөздің бастапқы дыбысын анықтаңдар.
Дәптермен жұмыс
Әріптің жазылуын бекітуге арналған тапсырмаларды орындау.
IV. Сабақты қорытындылау
Негізгі қорытынды
М — дауыссыз дыбыс. Ол сөздің басында және ортасында кездеседі.
Материал
М дыбысы бойынша слайдты жүктеп, сабақта қолдану.