Оқушылардың сабаққа жұмыстарын ұйымдастыру

Сабақтың тақырыбы

«Жолаушыдан жолаушы жолың болсын сұрайды» (Өтебай Тұрманжанов)

Мақсаты (Білімділік)

Өлеңнің мазмұны мен идеясын ашу; талдау және зерттеу тапсырмалары арқылы тақырыпты өмірмен байланыстыруға мүмкіндік беру.

Мақсаты (Дамытушылық)

Өлең тіліне мән бере отырып, топтық жұмыстар барысында сыни тұрғыдан ойлау дағдыларын дамыту; ой-өрісті кеңейту, сөздік қорды молайту және өз ойын анық жеткізу қабілетін жетілдіру.

Мақсаты (Тәрбиелік)

Мақсатқа жетудің жолы — еңбек екенін ұғындыру; әдептілікке, кішіпейілділікке, қонақжайлылыққа тәрбиелеу; өз халқының ерекшеліктерін қадірлеуге бағыттау.

Сабақтың сипаты

Сабақтың типі: аралас сабақ.

Әдіс-тәсілдері: сұрақ-жауап, әңгімелеу, түсіндіру, баяндау, талдау-жинақтау, пікірталас, сыни тұрғыдан ойлау стратегиялары.

Ресурстар мен байланыс

Көрнекілігі: қима қағаздар, ребустар, тапсырмалар, ағаш суреті, «Ақыл тақтасы».

Пәнаралық байланыс: дүниетану, музыка, бейнелеу өнері.

Сабақтың барысы

I. Ұйымдастыру кезеңі

Жылы атмосфера
  • Оқушылардың көңіл күйі мен назарын сабаққа бағыттау, оқуға шақыру, психологиялық дайындық өткізу.
  • Топқа бөлу (таңдаған суреттері бойынша), топ басшыларын тағайындау және бағалау парағын толтыру тәртібін түсіндіру.

Психологиялық дайындық мәтіні

Әрбір адам — туысым, досым, жұрағат,

Әрбір ісім — үйрену, ұғу, ұлағат.

Әрбір күнім — бірлік, тірлік, адамдық,

Әрбір сөзім — шындық, достық, адамдық!

Топ атауларын анықтау (ребус арқылы)

I-топ

Өнерпаздар

II-топ

Білгірлер

III-топ

Алғырлар

IV-топ

Тапқырлар

II. Өткен материалды еске түсіру (жалпылау)

Үй тапсырмасы

Үй тапсырмасын тексеру үшін әр топқа деңгейлік тапсырмалар беріледі. Әр топ ортаға шығып, жұмысын қорғайды.

1-топ

Тақырыпқа сай мақал-мәтелдер жазып, мағынасын түсіндіру.

2-топ

Балықшының мейірімі туралы әңгімелеу.

3-топ

Балықшы мен бақалшының мінез-құлқын салыстырып, Венн диаграммасын құру.

4-топ

Балықшының іс-әрекетіне қатысты «балық сүйегі» сызбасын толтыру.

III. Жаңа сабақ: қызығушылықты ояту

Сұрақтар
  • Осы ертегіден қандай жағымсыз мінез-құлықтарды байқадыңдар?
  • Ал жағымды қасиеттер қандай?
  • Қорытындылай келе, ең маңызды қасиет қайсы деп ойлайсыңдар? Неліктен?
  • Амандасу не үшін қажет?
  • Қандай жағдайларда амандасамыз?

IV. Мағынаны ашу: мәтінмен жұмыс

Талдау

Сабақтың тақырыбы мен мақсаты хабарланады. Мәтін мәнерлеп оқылып, сұрақтар арқылы мазмұны талданады.

Амандасудың түрлері

Сәлеметсіз бе?
Сәлеметті болыңыз!
Аман-сауыз ба?
Аман-сау болыңыз!
Аман-есенсіз бе?
Бала-шағаңыз, мал-жаныңыз аман ба?
Сізге амандық тілеймін.
Ассалаумағалейкум!
Уағалейкумассалам! Сізге де амандық тілеймін.

Тапсырма I

Қарт пен жас жігіттің амандасу үлгісін анықтау.

Тапсырма II

Әже мен қыз баланың амандасу үлгісін анықтау.

Талқылау сұрақтары

  • «Жол болсын» деген сөздің мағынасын қалай түсінесіңдер?
  • Ақын дұрыс сәлемдесуді қалай суреттейді? Өлеңнен тауып оқыңдар.

V. Сергіту сәті: көңіл күйді тану

Ым-ишара
  • Адамның көңіл күйін түріне қарап білуге бола ма?
  • Мұғалім көңіл күйлерге қатысты сипаттама оқиды, ал оқушылар оның қай көңіл күй екенін атап, ым-ишарамен көрсетеді.
  • Қандай көңіл күй ұнады? Неліктен?

Қорытынды: әрдайым күлімдеп, айналамызға қуаныш сыйлап, күндей жайнап жүрейік.

VI. Топтық жұмыс

Шығармашылық

1-топ

Амандасудың жаңа түрлерін ойлап табу.

2-топ

Амандасу түрлері бойынша кластер құрастыру.

3-топ

Тақырып бойынша шағын көрініс қою.

4-топ

Тақырыпқа байланысты бес сұрақ құрастыру.

Әр топ жұмысының нәтижесін ортаға шығып қорғайды.

VII. Ой толғау: «Пікірлер ағашы»

Рефлексия

Оқушыларға үлестірілген «жапырақтарға» сабақтан алған әсері мен пікірін жазып, «пікірлер ағашына» іледі.

VIII. Үй тапсырмасы

Бекіту

Өлеңді жаттау

63–65-беттердегі өлеңді жаттап келу.

Мақал-мәтелдер

Тақырыпқа байланысты мақал-мәтелдер жазып келу.

IX. Бағалау

Қорытынды

Сабаққа белсенді қатысқан оқушылар топ бойынша мадақталып, жетістіктері атап өтіледі. Бағалау парақтары негізінде білімдері бағаланады.