Абай ҚұнанбаевАбралығаМен жасымнан көп көрдімМұсылманды, кәпірді

Абай Құнанбаев

Абралыға
Мен жасымнан көп көрдім
Мұсылманды, кәпірді.
Абралыдай көрмедім
Намаз білмес пақырды.
Қира әтін оқытып
Көріп едім, шатылды.
Ниет қыла білмейді,
Не қылады нәпілді.
Намазшамның артынан
Құржаң-құржаң етеді;
Жер ұшық берген кісідей,
Тоқаңдай ма, не етеді.
Нәпіл түгіл, намазы
Бәрі желге кетеді.
Еннатайына кәлкәусар
Пошал дереу күнәһар,
Аяғын ойлап айтқаны,
Әні – шаны күлаптар .
Осы оқумен намаздың
Қай жерінде сауап бар?
Тегін ойлап байқасаң,
Мұнда ми жоқ, құлақ бар.



Ұқсас жұмыстар

Абайдың ақиқат әлемі
Тыныс түрлері
Абай шығармашылығының зерттелуі. Абай қазақтың жаңа реалистік жазбаша әдебиетінің негізін салушы
Абайдың алла, дін, мұсылманшылық туралы философиялық ой-толғамдары
АБАЙДЫҢ ӨМІРІ МЕН ШЫҒАРМАШЫЛЫҒЫ ЖАЙЫНДА
Зар - заман ақындары
Абайдың ақын шәкірті шәкәрім құдайбердіұлы
Біржанның өзіне дейінгі ақындардан өзгешелігі
Шәкәрім Құдайбердіұлының өмірбаяны
Әсет Найманбайұлы «Бақтиярдың қырық бұтағы» циклдік топтамасының жанрлық ерекшеліктері
ТОЛЫБАЙҰЛЫ ОЛЖАБАЙ
ҚҰНАНБАЙҰЛЫ АБАЙ (ИБРАҺИМ)
Электрондық кестенің көмегімен мектеп информатика курсы бойынша көпнұсқалы тестер жасау әдісі
Абай атама
Сауықтырудың көп таралған түрлері
Ж.Жабаевтың өмірімен және көптеген ақындармен айтыстары
МӘШҺҮР ЖҮСІП КӨПЕЙҰЛЫ
Құнанбаев Абай
Спандияр Көпеев және балалар әдебиеті
Абай Құнанбаев