Жыртқыш құстар
Жыртқыш құстар
аңшылық қуат бейімделуҚұстардың арасында жыртқыш түрлер де бар. Оларға қыран, бүркіт, кезқұйрық, жапалақ, үкі және басқа да құстар жатады.
Басты ерекшеліктері
- Қанаты ірі әрі қуатты.
- Көзі қырағы, алыстан көре алады.
- Тұмсығы өткір, тырнағы берік.
Қорегі
Олар тышқан, қоян, ұсақ құстар сияқты әртүрлі жануарларды аулайды. Ірі қыран кейде тырнағымен қозыны іліп әкетуі мүмкін.
Бүркіт
Бүркіт — өте күшті, денесі ірі жыртқыш құс. Кей деректерде оның қасқырға да түсетіні айтылады. Әдетте таулы жерлерді мекендейді, ұясын ағаштың ұшар басына салады. Өте сақ болғандықтан, адам көзіне сирек шалынады.
Дала қыраны
Дала қыраны жазық жерлер мен ұсақ шоқыларды мекендейді. Ұясын көбіне жерге салады. Негізгі қорегі — суыр, қоян сияқты кеміргіштер. Сонымен қатар құстарды және бауырымен жорғалаушыларды да аулайды, кейде өлексемен де қоректенеді.
Кезқұйрық
Кезқұйрық — жыртқыш жыл құсы. Орманды жерлерді мекендегенді ұнатады. Орта көлемді сүтқоректілермен, құстармен және бауырымен жорғалаушылармен қоректенеді. Өлі балықтар мен әртүрлі қалдықтарды да талғамай жей береді.
Жапалақ пен үкі
Жапалақ пен үкі жемін түнде аулайды. Олар өте сақ, естуі жақсы дамыған, ал үлкен көздері қараңғыда анық көруге көмектеседі.
Орман-тоғай құстары
Орман мен тоғайда тіршілік ететін құстардың біразы ұясын шалғынды жерге, енді бірі бұтаға немесе ағашқа салады. Олардың көпшілігі табиғатқа пайдалы: өсімдікке зиян келтіретін жәндіктерді жеп, орманды қорғайды.
Бөдене
Бөдене қалың шөптің арасын шұңқырлап, ұя салады. Ол — қырғауыл тұқымдасына жататын, қалың шөп арасында жүретін, ақшыл жолақты, кішкене сұр жыл құсы.
Бозторғай
Бозторғай — түсі қоңыр-ала, қанаты ұзын, бауыры ақшыл кішкентай құс. Оның шырылы кішкене күміс қоңыраудың сыңғыры сияқты құйқылжып естіледі.
Бұлбұл
Бұлбұл — орман-тоғайда, нулы жерде және бақта жүретін, дауысы әсем кішкентай әнші құс. Ұясын биік бұтаның басына салады. Тамаша әнімен көңілді көтеріп, табиғатқа көрік береді. Негізгі қорегі — өсімдікке зиянды жәндіктер.
Ала тоқылдақ
Біздің ормандарда ала тоқылдақ кездеседі. Ол жазда да, қыста да ағаштың діңін тоқылдатып, қабықтың астындағы қабықжегі мен ағашжегінің дернәсілдерін дәл табады. Тоқылдақ ағашқа зиянды жәндіктерді жоятындықтан, оны «орман дәрігері» деп бекер айтпайды.
Көкек
Көкек те — орман құсы. Ол өз ұясын салмай, жұмыртқасын басқа құстардың ұясына тастап кетеді. Көкектің балапаны жұмыртқадан бірінші шығып, ұядағы өзге жұмыртқаларды сыртқа ысырып тастайды. Сонда да көкек пайдалы: ол басқа құстар көп жей бермейтін түкті жұлдызқұрттарды қорек етеді.
Жыл құстары
Біздің елімізде құстардың көпшілігі — жыл құстары. Олар көктемде ұшып келіп, осы жерде ұя салып, балапан шығарады да, күзде жылы жаққа қайта ұшып кетеді. Жыл құстарына ұзақ, аққу, тырна, ләйлек және басқа да құстар жатады.
Аққу
- Мойны ұзын, қаз тұқымдас құс.
- Наурыздың басы мен сәуірдің аяғында оралып, қазан айларында ұшып кетеді.
- Су өсімдіктерінің жапырағы мен тамырымен, кейде ұсақ жәндіктермен қоректенеді.
Аққу — сұлулықтың, адалдық пен махаббаттың символы ретінде танылған құс.
Қарлығаш
Қарлығаш — өте ұшқыр жыл құсы. Басқа құстардан ерекшелігі — жемін ұшып жүріп аулайды. Әр қарлығаш күніне мыңнан астам маса жеп, үлкен пайда келтіреді.
Тырна
Тырна — Қазақстанның далалы және шөлейт аймақтарында кең тараған жыл құсы. Әдетте ірі өзендердің жағалауларын мекендейді. Негізінен өсімдіктермен және жәндіктермен қоректенеді.
Ләйлек
Ләйлек — мойны мен тұмсығы ұзын, сирағы сымбатты жыл құсы. Су жағалауларында тіршілік етеді. Балықтармен, су өсімдіктерімен және жәндіктермен қоректенеді.
Отырықшы құстар
Сауысқан, қарға, торғай, көкшымшық және көгершін сияқты құстар ешқайда ұшып кетпей, қысы-жазы бір өңірде тіршілік етеді. Қыста олар адамдардың тұрағына жақын келіп, өсімдіктердің тұқымын, тамақ қалдықтарын қорек етеді. Бұл құстар суыққа төзімді келеді.
Сауысқан
Сауысқан — қарға тұқымдасына жататын, тұмсығы қысқа құс. Денесінің көп бөлігі қара, ал кеудесі ақ болады. Құрт-құмырсқа жейді, кейде аздап шөппен де қоректенеді.
Қарға
Қарға — сауысқанға ұқсас, түсі қара құс. Қорегі де ұқсас: әртүрлі жәндіктерді, қалдықтарды, дәндерді шоқып жей береді.
Көгершін
Көгершін — бейбітшіліктің символы, адамзатқа жақын құс. Қысы-жазы бір жерде мекендейді. Дәнмен және нан қиқымдарымен қоректенеді. Орташа салмағы 200–250 грамм, шамамен 12 жыл өмір сүреді.
Торғай
Торғай — сүйір тұмсықты кішкентай құс. Ұсақ жәндіктермен, өсімдік дәндерімен және тамақ қалдықтарымен қоректенеді.
Қамқорлық және оқу жұмысы
Отырықшы құстарға адамдар ұя жасап, жемшашарлар құрып көмектеседі. Қыста тоңып, ашығып қалмауы үшін жағдай жасап, оларды қорғайды. Сонымен қатар оқушылар топ болып бірлесіп оқып, слайд бойынша мазмұнын түсіндіреді.