Соларды атап көрейікші

Ұйымдастырылған ашық оқу қызметінің технологиялық картасы

Бұл материал таным саласы бойынша балалардың білімін бекітуге, логикалық ойлауын дамытуға және өз бетімен жұмыс жасау дағдыларын қалыптастыруға бағытталған.

Негізгі мәліметтер

Білім беру саласы
Таным
Бөлімі
ҚМҰҚ
Тақырыбы
Ойнайық та, ойлайық

Мақсаты

  • Балалардың алған түсініктерін бекіту.
  • Логикалық ойлау қабілетін және танымдық қызығушылығын дамыту.
  • Өз бетімен жұмыс жасауға және ұқыптылыққа тәрбиелеу.

Көрнекіліктер мен материалдар

Көрнекіліктер

Геометриялық пішіндер

Үлестірмелі материалдар

Сары Жасыл Қызыл

Әдіс-тәсілдер

Ойын технологиясы Ақпараттық тәсілдер Воскобович ойын технологиясы

Сабақ барысы

Тәрбиеші балалармен жылы амандасып, көңіл күйін сұрайды. Одан кейін сабақтың негізгі бөлімдері ойын және сұрақ-жауап арқылы жүргізіледі.

Ұйымдастыру кезеңі

Тәрбиеші

Сәлеметсіздер ме, балалар! Көңіл күйлерің қалай?

Шаттық шеңбері

Жарқын-жарқын үніміз,

Болашақтың күніміз.

Балабақша үйінің,

Жайнап тұрған гүліміз.

Тәрбиеші

Сәлеметсіздер ме, қонақтар! Қош келдіңіздер!

Қайталау: мезгілдер мен айлар

Сұрақ

Бір жылда неше мезгіл бар?

Жауап

Төрт мезгіл.

Сұрақ

Осы төрт мезгілді атап беріңдер.

Жауап

Қыс, көктем, жаз, күз.

Сұрақ

Қазір жылдың қай мезгілі?

Жауап

Көктем.

Сұрақ

Көктем мезгілінде неше ай бар? Атап көрейік.

Жауап

Наурыз, сәуір, мамыр.

Қайталау: апта күндері

Сұрақ

Бір аптада неше күн бар?

Жауап

Жеті күн.

Өлең: «Апта күндері»

Апта деген апайдың

Жеті бірдей баласы бар.

Ең үлкені — дүйсенбі,

Екінші ұлы — сейсенбі.

Ақылды әрі көмекші —

Үлкен қызы — сәрсенбі.

Ортаншы ұлы — бейсенбі.

Бәрінен де жұма қызы сүйікті.

Сауықшыл да көңілді —

Кіші ұлы — сенбі.

Демалғанды сүйетін —

Кенже ұлы — жексенбі.