Ақпаратты экранға шығару құрылғысы
Ақтөбе облысы, Қандыағаш қалалық №2 орта мектебі
Физика және информатика пәні мұғалімі: Сағынова Ибаш Тұрғанбайқызы
Зияткерлік сайыс: «ХХІ ғасыр көшбасшысы»
«ХХІ ғасыр көшбасшысы» зияткерлік сайысы 9-сынып оқушылары арасында өткізілді. Әр сыныптан бір оқушыдан қатысып, барлығы алты сыныптан 6 оқушы бақ сынады.
Мақсат 1
Оқушылардың пәнге қызығушылығын арттыру, білімін өзге оқушылармен салыстыра отырып, әр оқушының топтық жарыста өз деңгейін көрсете білуіне ықпал ету.
Мақсат 2
Тез ойлау қабілетін және логикалық ойлауын дамыту.
Мақсат 3
Өзін еркін ұстауға, бірін-бірі құрметтеуге және уақытты тиімді пайдалануға баулу.
Сайыс құрылымы
Сайыс 4 турдан тұрады: «Бәйге», «Жорға», «Дода», «Жүйрік».
I тур
Бәйге
II тур
Жорға
III тур
Дода
IV тур
Жүйрік
I тур — «Бәйге»
Бұл турда 6 ойыншыға бірдей 8 сұрақ оқылады. Әр сұраққа а, ә, б, в нұсқалары беріледі.
Білімнің ұшқырлығын танытатын бұл кезеңде сайыскер жаңылмасын.
Уақыт зымырап өте береді — асықпай, қалыспай жауап берсін.
Сұрақтар (8)
-
Бірқатар байттар тізбегі:
а) қалта ә) себет б) файл в) құжат
-
Қағаздағы көріністі экранға түсіретін құрылғы:
а) пернетақта ә) мәтіналғы (сканер) б) басып шығарғыш в) тінтуір
-
Microsoft компаниясын құрған адам:
а) Блез Паскаль ә) Джон фон Нейман б) Билл Гейтс в) Ада Лавлейс
-
Операциялық жүйелер міндетіне қарай неше түрге бөлінеді?
а) 5 ә) 4 б) 2 в) 3
-
Утилиттер — бұл:
а) редакторлар ә) компиляторлар б) модуляторлар в) көмекші бағдарламалар
-
Дискідегі ақпаратты сығу бағдарламалары:
а) архиваторлар ә) утилиттер б) оңтайландыру бағдарламалары в) драйверлер
-
111012 саны ондық жүйеде нешеге тең?
а) 29 ә) 35 б) 25 в) 19
-
Компьютерде орындалатын бағдарламалар келесі топтарға жіктеледі:
а) жүйелік, қолданбалы, бағдарламалау тілдері ә) басқарушы, ойын бағдарламалары б) қарапайым және көпдеңгейлі бағдарламалар в) операциялық жүйелер
II тур — «Жорға»
Бұл турда экранда 6 ұяшық көрсетіледі. Сайыскер бір ұяшықты таңдайды. Таңдалған ұяшықтың ішінде 10 сұрақ болады, әр сұраққа 8 секунд ішінде жауап беру керек.
1-ұяшық
- Бэббидж машинасына бағдарлама жазған бағдарламалаушы — Ада Лавлейс.
- Жеті санына байланысты салт-дәстүрлер: жеті ата, жеті қазына, жеті нан, жеті күн.
- Дүниежүзілік компьютерлер арасындағы байланыс ортасы — интернет.
- Жаз айлары: маусым, шілде, тамыз.
- Спорт және туризм министрі — Досмұхамбетов Темірхан Мыңайдарұлы.
- Ең кіші планета — Меркурий.
- Ноғай ордасының астанасы — Сарайшық.
- Ең көп тараған процессор түрі — Pentium.
- Нөл температурада су мұзға айналады.
- Ақпарат сақталатын орын — жад; жад екіге бөлінеді.
2-ұяшық
- Адам мен компьютер арасындағы байланыс — интерфейс.
- Бата түрлері: Наурыз бата, жас отауға арналған бата, ас қайыру батасы, т.б.
- Интернетпен байланыс жасайтын құрылғы — модем.
- Астана қаласының әкімі — Тасмағамбетов Иманғали Нұрғалиұлы.
- Азия ойындары спорттың 11 түрінен өтеді.
- Қыс айлары: желтоқсан, қаңтар, ақпан.
- Астананың бұрынғы атауы — Ақмола.
- Ертеден келе жатқан мейрамдар: Ораза айт, Рамазан айт, Наурыз тойы, соғым басы, Сабан той, т.б.
- Кереге басы мен шаңырақты ұстастыратын ағаш — уық.
- 1 кг = 1000 г.
3-ұяшық
- Вирустың кері әсерін жоятын бағдарлама — антивирус.
- Ұлттық киімдер: сәукеле, тұмақ, бөрік, кимешек, шапан, ішік, кәмзол, мәсі, т.б.
- Астана қаласының бейресми символына айналған ғимарат — Бәйтерек.
- ЭЕМ 5 буынға бөлінеді.
- Ақпаратты өңдеу құрылғысы — процессор.
- «Оянған өлке» романының авторы — Ғ. Мүсірепов.
- Үнемі солтүстікті көрсететін жұлдыз — Темірқазық.
- Компьютер құрылғыларын байланыстыратын сымдар — кеңарна.
- 3-ке бөлгенде бөліндісі 2 болып, қалдығы 2 қалатын сан — 8.
- «Компьютердің атасы» — Чарлз Бэббидж.
4-ұяшық
- Бір жолға жазылатын оператор саны — 256.
- Жаңа туған нәрестенің ең алғаш киген көйлегі — иткөйлек.
- Қоршаған ортаның ластануын зерттейтін ғылым — экология.
- Бірінші қазақ киностудиясы Шәкен Айманов атымен аталған.
- Ақпаратты экранға шығару құрылғысы — монитор.
- Көктем айлары: наурыз, сәуір, мамыр.
- Дәрігерлер беретін анттың авторы — Гиппократ.
- «Жеті жарғы» Тәуке хан тұсында жазылған.
- Қазақстанда Азия ойындары 7-рет өтіп жатыр.
- Екі санының бесінші дәрежесі — 32.
5-ұяшық
- Дискілер ішіндегі көлемі ең үлкені — DVD.
- Ұлттық ойындар: соқыртеке, шертпек, ақсүйек, орамал тастау, сақина салмақ, т.б.
- Құсжолы пішіні — шиыршық.
- Компьютердің негізгі құрылғылары: жүйелік блок, монитор, пернетақта.
- Біздің елден бұрын Азия ойындары Қытайда өтті.
- Файл 2 бөліктен тұрады.
- Абылай ханның шын аты — Әбілмансұр.
- «Ақпарат» сөзі латын тілінен шыққан.
- 1-ден 5-ке дейінгі сандардың көбейтіндісі 0 цифрымен аяқталады.
- КСРО-дағы алғашқы ЭЕМ жұмысына басшылық еткен академик — Сергей Алексеевич Лебедев.
6-ұяшық
- Компьютерді ең алғаш шығарған фирма — Apple.
- Балаға қатысты салт-дәстүрлер: бесікке салу, қырқынан шығару, тұсау кесу, сүндетке отырғызу.
- Қан қысымын өлшейтін аспап — тонометр.
- Ә. Марғұлан Павлодар облысы, Баянауыл ауылында дүниеге келген.
- Хоккейде бір командада 5 ойыншы ойнайды.
- Күз айлары: қыркүйек, қазан, қараша.
- Жас келінге айтылатын жыр — беташар.
- Қазақстан туындағы тәуелсіздіктің белгісі — қыран.
- Кубы 27-ге тең сан — 3.
- «Қыз Жібек» фильмінде Қыз Жібек рөлін ойнаған — Меруерт Өтекешова.
III тур — «Дода»
Алдыңғы екі турда жоғары ұпай жинаған үш сайыскер ғана қалады. Қалған үш қатысушы сайысты осы кезеңде тоқтатады.
«Дода» кезеңінде «Әйгілі тұлғалар», «Салт-дәстүр», «Спорт» тақырыптары бойынша 20, 30, 40 ұпайлық 9 ұяшық жасырылған. Әдеттегідей, ұпайы жоғары сайыскер бірінші болып ұяшық таңдайды.
Әйгілі тұлғалар
- Әлкей Марғұлан есімі мектебімізге 2005 жылғы 5 шілдеде берілді.
-
1938 жылы репрессияға ұшыраған бес арысты атаңыз:
Ахмет Байтұрсынов, Мағжан Жұмабаев, Міржақып Дулатов, Жүсіпбек Аймауытов, Шәкәрім Құдайбердіұлы.
-
Абайдың 31-қара сөзінде естіген нәрсені ұмытпауға әсер ететін төрт себеп айтылады:
- Көкірегі байлаулы, берік болмақ.
- Естігенде не көргенде ғибраттану; көңілденіп, тұшынып, ынтамен ұғыну.
- Ішінен бірнеше уақыт қайталап ойлап, көңілге бекіту.
- Ой кеселді нәрселерден қашық болу.
Ой кеселдері: уайымсыздық, салғырттық, ойшыл-күлкішілдік, бір қайғыға салыну немесе бір нәрсеге құмарлықтың пайда болуы. Бұл — ақыл мен ғылымды тоздыратын нәрселер.
Салт-дәстүр
- Қыз ұзатылғанда киетін бас киім — сәукеле.
-
Жеті ата:
Бала, әке, ата, арғы ата, баба, түп ата, тек ата.
- Ерулік — ауылға жаңа көшіп келген үйді жатсындырмай, өз ортасына тартудың белгісі. Көрші-қолаң жаңа қоныстанған отбасына ас әзірлеп, табақ тартады. Бұл дәстүрдің әлеуметтік мәні де бар: жаңа үйдің алғашқы күндері отын-су секілді қажеттері толық болмауы мүмкін, ал ерулік сол кезеңдегі қолдаудың көрінісі.
Спорт
- Азия ойындары алғаш рет 1951 жылы Үндістанда өтті.
- 2012 жылғы жазғы Олимпиада — Лондон қаласында.
-
Азия ойындарының алауын жаққан спортшылар:
Әбілсейт Айханов, Жақсылық Үшкемпіров, Дәулет Тұрлыханов, Ермахан Ыбыраймов, Бақтияр Артаев, Жәнібек Қандыбаев, Тимур Тұрсынбаев.
IV тур — «Жүйрік»
Бұл турда екі сайыскер «ҚАЗАҚСТАН» сөзінен жаңа сөздер құрастырып жарысады. Берілген әріптерден мағыналы сөздер неғұрлым көп жасаса, соғұрлым сайыскердің тілдік қоры мен ой ұшқырлығы айқын көрінеді. Осылайша «Жүйрік» анықталады.
Негізгі сөз
ҚАЗАҚСТАН
Мысал сөздер
Қазақ, сақ, қаз, азан, азат, қазан, ана, ата, нан, ас және басқа да көптеген мағыналы сөздер.
Қорытынды
Марапаттау
Жеңіске жеткен оқушы марапатталады.
Қорытынды сәт
Сайыс «ХХІ ғасыр көшбасшысы» әнімен аяқталады.