Судан лимонад алу, лимонадтан сүт алу

Павлодар облысы, Шарбақты ауданы, Жылыбұлақ негізгі жалпы білім беру мектебі

Химия пәні мұғалімі: Муслимова Гульфарида Социалқызы

Сабақтың мақсаты

Білімділік

Оқушылардың алған білімдерін қайталау және қорытындылау.

Дамытушылық

Өзара жарыса отырып ойларын жинақтауға үйрету, анықтамалар мен тәжірибелерді есте сақтау қабілеттерін жетілдіру.

Тәрбиелік

Жолдастарына көмектесуге, бірлесіп жұмыс істеуге баулу және пәнге қызығушылық ояту.

Көрнекіліктер

  • Мектептегі химия журналдары

  • Тұз қышқылы (HCl)

  • Индикатор

  • AgNO3

  • Бор

  • Крахмал

  • Йод

  • Спиртовка

  • Темір қаңылтыр

Сабақтың барысы: «ХХІ ғасыр химигі»

Ұйымдастыру кезеңі

Оқушылар бір қатарға тұрып, алдарына өз аттары жазылған көрсеткіштерін қояды.

Мұғалім: Бүгін біз мектебімізде химия пәнін жақсы меңгерген оқушылардың арасынан «ХХІ ғасыр химигін» анықтаймыз. Құрметті оқушылар, ендігі кезек өздеріңізде. Химиядан алған білімдеріңізді ортаға салып, қызықты тәжірибелер жасап, ойын ойнап, сабақты мәнді әрі тартымды өткізейік. Осында отырған қауым атынан баршаңызға сәт-сапар тілейміз!

І тур: «Бәйге»

Жылдам сұрақ-жауап

  1. 1) Оттегі жай зат күйінде қайда кездеседі?

    Атмосферада (ауада).

  2. 2) Қазіргі кезде неше элемент белгілі?

    110.

  3. 3) Заттар және олардың қасиеттері мен өзгерістері туралы ғылым?

    Химия.

  4. 4) Ең жеңіл металл?

    Литий.

  5. 5) Ең ауыр металл?

    Осмий.

  6. 6) Br2 (бром) молекуласындағы химиялық байланыс?

    Жауабы көрсетілмеген.

  7. 7) 3-периодта, IIIA топта, реттік нөмірі 13. Бұл қандай элемент?

    Al (алюминий).

  8. 8) Периодтық жүйедегі элементтердің көлденең қатары?

    Период.

  9. 9) Тыңайтқыш ретінде қолданылатын сілтілік металл?

    K (калий).

  10. 10) Найзағайлы жаңбыр кезіндегі электр разрядтарынан немесе қылқанды ағаштардың шайыры тотыққанда қандай газ түзіледі?

    Озон.

  11. 11) «Шаршамайтын металл»?

    Be (бериллий).

Көрермендерге сұрақ

Елімізде жаңадан шыққан 500 теңге қандай металдан жасалған? Металдың атауын латынша, қазақша және орысша атаңыз.

Латынша

Argentum

Қазақша

Күміс

Орысша

Серебро

Қызықты тәжірибе

«Судан лимонад алу, лимонадтан сүт алу» (тәжірибені үйірме мүшелері көрсетеді).

ІІ тур

Тереңдетілген сұрақтар

  1. 1) Теріс және оң зарядталған атомдар қалай аталады?

    Иондар.

  2. 2) 6,02 × 1023 саны қалай аталады?

    Авогадро саны.

  3. 3) Атомдық массасы 14 болатын элемент?

    Азот.

  4. 4) Химиялық реакцияға түсетін заттар қалай аталады?

    Бастапқы (әрекеттесуші) заттар.

  5. 5) Элементтердің таңбаларын кім ұсынған?

    Берцелиус.

  6. 6) Ең тез балқитын металл?

    Цезий.

  7. 7) Фосфор жанғанда будақтап ақ түтін түзеді. Ол түтінді су сіңіргенде қандай қосылыс түзіледі?

    Фосфор қышқылы.

  8. 8) Ең қиын балқитын металл?

    Вольфрам.

  9. 9) Қанның құрамына кіретін металл?

    Темір (Fe, ferrum).

  10. 10) Қандай металдарды салқын сумен жандыруға болады?

    K, Rb, Fr, Cs.

  11. 11) Ауада жанатын сілтілік металл?

    Цезий.

  12. 12) Алмаздың кристалл торы?

    Атомдық.