Сақтардың мекендеген орны
Сабақтың тақырыбы
Сақтардың мекендеген орны. Сақ қоғамы.
Сабақтың мақсаты
Білімділік
Сақ топтары және олардың мекендеген өңірлері туралы толық түсінік беру. Сақ қоғамындағы басқару ісі мен қоғамдық құрылыстың ерекшеліктерін түсіндіру.
Дамытушылық
Оқушыларды картамен өз бетінше жұмыс істеуге үйрету. Топтық жұмыс дағдыларын және тақырып бойынша қорытынды ой түю қабілетін дамыту.
Тәрбиелік
Сақтарды ержүрек халық ретінде таныта отырып, олардың дүниежүзілік өркениетке қосқан үлесін айқындау. Оқушыларды отаншылдыққа, елжандылыққа, ерлік пен батырлыққа тәрбиелеу.
Оқыту моделі және сабақ сипаттамасы
Оқыту технологиясы
Сын тұрғысынан ойлау технологиясы.
Сабақтың типі
Жаңа білімді өз бетімен игерту.
Сабақтың түрі
Аралас сабақ.
Пәнаралық байланыс
Дүниежүзі тарихы.
Сабақтың әдістері
- Топтастыру
- Сұрақ–жауап
- Бағытталған оқыту
- Іздендіру және зерттеу
- Проблемалық түсіндіру
- Сыни тұрғыдан ойлау
- Қорытындылау
Күтілетін нәтиже
- Оқушылар өз бетінше жұмыс істеу дағдыларын қалыптастырады.
- Алған білімін жүйелей алады.
- Ізденіс нәтижесі айқындалады.
- Өз ойын және пікірін ашық жеткізе алады.
- Топпен жұмыс істеуге бейімделеді.
Көрнекіліктер мен ресурстар
Сын тұрғысынан ойлауға қолайлы орта қалыптастыру
- 1 Оқушыларға қызықты әрі қолайлы мүмкіндік туғызу.
- 2 Әртүрлі идеялар мен пікірлерді қабылдау.
- 3 Ойлануға жеткілікті уақыт беру.
- 4 Қажет кезде жәрдем көрсету.
- 5 Сын тұрғысынан ойлауды бағалап, қолдау көрсету.
Сабақты жүргізу формалары
Жеке
Жұптық
Топтық
Ұжымдық
Сабақ барысы
I. Ұйымдастыру кезеңі
- Оқушыларды түгендеу.
- Оқушылардың назарын сабаққа аудару.
- Оқушыларды 2 топқа бөлу.
II. Үй тапсырмасын сұрау
Алдыңғы тақырыпты бекіту үшін төмендегі сұрақтар бойынша талқылау жүргізіледі:
- Көшпелі мал шаруашылығының пайда болу себебі неде?
- Көшпелі мал шаруашылығы қашан қалыптасты?
- Көшпелі өмір салтының отырықшы тіршіліктен айырмашылығы қандай?
- Көшпелі мал шаруашылығының түрлерін атаңыз.
- Ерте кезде Қазақстан аумағында өмір сүрген тұрғындар қалай аталды?