Ескі таулар
Сабақтың тақырыбы
Таулардың биіктігіне қарай жіктелуі. Таулардың пайда болуы. Ескі және жас таулар (География, 6-сынып).
Білімділік
Оқушыларға таулардың пайда болуы туралы түсінік беру; қатпарлы және қатпарлы-жақпарлы таулар туралы білімін кеңейту; таулардың сыртқы күштердің әсерінен өзгеруі жөніндегі ұғымдарын толықтыру.
Дамытушылық
Оқулықпен және картамен жұмыс арқылы тауларға қатысты жалпы және арнайы дағдыларды қалыптастыру; ойлау қабілетін дамытып, дүниетанымын арттыру.
Тәрбиелік
Ой-өрісін кеңейту, пікірін еркін жеткізуге бейімдеу және сөздік қорын байыту.
Сабақтың түрі
Аралас сабақ.
Сабақтың әдістері
- Баяндау
- Кестемен жұмыс
- Семантикалық карта
- Сәйкестендіру
- Географиялық диктант
Көрнекіліктер
Сабақ барысы
I. Ұйымдастыру
- Оқушылармен амандасу
- Оқушыларды түгендеу
- Сабаққа назарын аудару
25 жыл тәуелсіздік — ырысымыз,
Болашаққа бастайды әр ісіміз.
Егемен елімізді көркейтетін
Білім шыңына шығу — парызымыз!
II. Үй тапсырмасын тексеру
«Ішкі және сыртқы шеңбер» әдісі
Оқушылар екі шеңбер құрады: сыртқы және ішкі. Ішкі шеңбердегі оқушылар өткен тақырып бойынша сыртқы шеңберге сұрақ қойып, қозғалып отырады. Сыртқы шеңбер орнында тұрып жауап береді. Кейін шеңберлер орын алмастырады.
Оқушылар мозайка құрастыру арқылы екі топқа бөлінеді. Әр топ өз атауын таңдап, топ басшысын сайлайды.
III. Жаңа сабақ
Болады таудың жасы,
Жотасы, шыңы, басы.
Беткейі мен етегі —
Әр түрлі келер жасы.
Жер бетінде маңайындағы жазықтардан оқшау көтеріліп жатқан, қатты тілімденген биік бөліктерді таулар деп атайды.
Таулар жан-жағынан ортасына қарай биіктей береді. Ең жоғары бөлігі тау басы, ал оқшауланған төбесі шың деп аталады.
Таулардың биіктігіне қарай жіктелуі
Аласа таулар
400–1000 м
Орташа биік таулар
1000–2000 м
Биік таулар
2000 м-ден жоғары
Қатпарлы таулар тау жыныстарының қабаттары қатпарланып көтерілген кезде пайда болады.
Егер таулар жарылымдар бойымен тау жыныстары қабаттарының көтерілуі нәтижесінде түзілсе, олар жақпарлы таулар деп аталады.
Таудың үшінші түрі — жанартаулық таулар.
Қатпарлы таулар қалай түзіледі?
Су түбінде жиналған тау жыныстарының қабаттары орасан зор бүйір қысымның әсерінен қатпарланып, жоғары көтеріліп, тау түзеді. Жер шарындағы таулардың көпшілігі осындай қатпарлардан тұрады, сондықтан олар қатпарлы таулар деп аталады.
Мысалдар
Альпі, Кавказ, Кордильер
Жоғары иілген қатпарлар
Тау жоталарын құрайды
Төмен иілген қатпарлар
Тауаралық аңғарларды құрайды
Мәтінмен жұмыс (1-топ)
Тақырып: Таулардың пайда болуы.
Мәтінмен жұмыс (2-топ)
Тақырып: Ескі және жас таулар.
IV. Сабақты бекіту
Семантикалық карта
| Таудың аты | Ескі таулар | Жас таулар | Қатпарлы таулар | Қатпарлы-жақпарлы таулар |
|---|---|---|---|---|
| Алтай | — | — | — | — |
| Гималай | — | — | — | — |
| Альпі | — | — | — | — |
| Орал | — | — | — | — |
Ескерту: Кестені сабақ барысында оқушылар таулардың түрлеріне сәйкес толтырады.
«Сәйкестерін тап» тапсырмасы
-
1) «Аспан таулары» мағынасын білдіретін тау атауы
Жауап нұсқалары: Орал, Тянь-Шань, Гималай, Анды
-
2) Әлемдегі ең биік таулар
Жауап нұсқалары: Орал, Тянь-Шань, Гималай, Анды
-
3) Азия мен Еуропаны бөліп тұрған таулар
Жауап нұсқалары: Орал, Тянь-Шань, Гималай, Анды
-
4) Ең ұзын таулар жүйесі
Жауап нұсқалары: Орал, Тянь-Шань, Гималай, Анды
Сергіту сәті: «Теңіз солдаты»
- Қайық жүзеді (2 оқушыдан «қайық» құрау)
- Тамақтану (3 оқушыдан топ құрып «тамақтануды» көрсету)
- Еден жуу (1 оқушы «кеменің еденін жуады»)
- Кеме түзіледі (бірінің артына бірі тұру)
Географиялық диктант
- Жер бетінде маңайындағы жазықтардан оқшау көтеріліп жатқан, қатты тілімденген биік бөліктерді тау деп атайды.
- Биік тауларға мысалдар келтір: Гималай, Тянь-Шань, Алтай және т.б.
- Сыртқы күштердің әсерінен тау жыныстарының өзгеруін үгілу дейміз.
- Дүниежүзіндегі ең биік тау жүйесі — Гималай.
- Еуропаны Азиядан бөліп тұратын тау — Орал тауы.
V. Үй тапсырмасы
«Таулардың биіктігіне қарай жіктелуі», «Таулардың пайда болуы», «Ескі және жас таулар» тақырыптарын оқып келу.
VI. Бағалау
«Бағдаршам» әдісі арқылы бағалау.
Жасыл
Тақырыпты толық түсіндім
Сары
Ішінара түсіндім, сұрағым бар
Қызыл
Қосымша түсіндіру қажет
Мұғалім туралы мәлімет
Аймақ
Ақтөбе облысы, Шалқар ауданы, Есет ауылы
Мектеп
Сарыбұлақ негізгі мектебі
Пән мұғалімі
Химия және география пәні мұғалімі Сайынова Гүлім Әлімқызы
Қорытынды ескерту
Тақырыпты бекіту барысында оқушыларға дүниежүзіндегі ең биік шың — Эверест туралы қысқаша деректер келтіріп, картамен орналасуын көрсету ұсынылады.