Салт - дәстүр сөзімен сэнквейн құру

Сабақтың мақсаты мен күтілетін нәтиже

Жалпы мақсат

Оқушылардың салт-дәстүрлер туралы білімін толықтыру және оны өмірлік жағдайлармен байланыстыра қолдануға үйрету.

Білімділік

  • Бұрын алған білімді пысықтау, отбасы дәстүрлерін талдау арқылы коммуникативтік құзыреттілікті қалыптастыру.
  • мүлік, аластау, құндылық, мұра сөздерін меңгерту.

Дамытушылық

  • Оқып түсіну және тыңдап түсіну арқылы мәтін мазмұны бойынша сұрақ құрастыру.
  • Әртүрлі жағдаятта сұхбатқа түсу дағдысын жетілдіру.
  • Салалас құрмалас сөйлемге синтаксистік талдау жасау машықтарын дамыту.

Тәрбиелік

  • Оқушылардың дүниетанымын кеңейту.
  • Қазақ халқының тарихын, мәдениетін, салт-дәстүрлерін құрметтеуге тәрбиелеу.
  • Қазақы болмысқа баулу.

Құзыреттіліктер

Пәндік

Сабақ мазмұны арқылы.

Ақпараттық

Интерактивті тақта және слайд-шоу арқылы.

Коммуникативтік

Дәстүрлер туралы мәліметті талдау, пікір айту, диалог құру арқылы.

Сабақтың барысы

1) Ұйымдастыру кезеңі

  • Сәлемдесу.
  • Оқушыларды сабаққа ынталандыру, сәттілік тілеу.

2) Қызығушылықты ояту

Жаңа тақырыпқа шығу үшін ән тыңдатылады. Оқушылар әннің мазмұнына сүйеніп, оның не туралы екенін айтады. Осыдан кейін мұғалім сабақтың тақырыбын анықтайды: «Қазақ халқының салт-дәстүрлері».

Ой қозғау

«Салт-дәстүрлер туралы не білесіңдер?»

Оқушылардың пікірлері тыңдалады.

3) Мұғалімнің кіріспе сөзі

Қазақ халқының салт-дәстүрлері сан алуан. Олар, мысалы, тәрбие дәстүрлері, отбасы дәстүрлері, діни дәстүрлер, Наурыз дәстүрлері және еңбек дәстүрлері болып бөлінеді.

Әрбір халықтың салт-дәстүрі — оның ұлттық рухани құндылығы. Қазақтың дәстүрлерін зерттеп, жинақтап, жүйелеп кітап етіп шығарған белгілі шежіреші, этнограф Сейіт Кенжеахметов.

Көрнекілік

Слайд-шоу: «Қазақтың салт-дәстүрлері»

4) Жаңа сөздер

Шілдехана

Нәрестенің дүниеге келуіне байланысты өткізілетін той-отырыс.

Нәресте

Жаңа туған сәби.

Қырқынан шығару

Сәбидің туғанына қырық күн толуына байланысты жасалатын дәстүр.

Аластау

Жамандықты, кесірді қуу, тазарту ырымын жасау.

Дәстүр

Ұрпақтан ұрпаққа жалғасатын ғұрып, жол-жора.

Кәде

Салтқа байланысты берілетін сый-кәде, кәделік.

Құндылық

Қадірлі, маңызды ұғым; ұлттық-рухани байлық.

Мұра

Атадан қалған өсиет, игілік, рухани және материалдық байлық.

Тапсырма

Жаңа сөздерді қолданып, ауызша сөйлем құраңдар.

5) Мәтін бойынша жұмыс

1-тапсырма (жеке жұмыс)

Мәтінді түсініп оқып, мәтін бойынша сұрақтарға жауап беріңдер.

2-тапсырма (жеке жұмыс)

Әр қатар бір мәтінді алады да, етістіктерді теріп жазады: 1-қатар — «Шілдехана», 2-қатар — «Қырқынан шығару», 3-қатар — «Бесікке салу».

1-қатар (Шілдехана)

жасалатын, жайылып, тартып, салып, ойналады, болса, өмір сүреді

2-қатар (Қырқынан шығару)

толған, құйып, шомылдырады, алады, шешіп алып, сақтап қояды, жайылады

3-қатар (Бесікке салу)

болып есептеледі, жүктеледі, жайылып, беріледі

6) Тапсырмалар бойынша жұмыс

А) Жағдаяттық диалог (жұптық жұмыс)

Салт-дәстүрлер бойынша жағдаят құрастырып, екеуара сөйлесіңдер. Уақыт: 2–3 минут.

Ә) Синтаксистік талдау (жеке жұмыс)

Берілген сөйлемдерден құрмалас сөйлемді тауып, синтаксистік талдау жасаңдар.

Талдауға берілген сөйлемдер

  1. Шілдехана думанды, қызықты өтеді және ұлттық ойындар ойналады.
  2. Сәбидің қарын шашын, тырнағын алады.
  3. Мерекелік дастарқан жайылады және бесікке салған адамға кәде беріледі.
  4. Әрбір халықтың салт-дәстүрі ұлттық рухани құндылық болып саналады.

Б) Мазмұндау (жеке жұмыс)

Мәтінді өз сөздеріңмен мазмұндаңдар.

7) Рефлексия

Проблемалық сұрақ

«Салт-дәстүрлер бүгінгі қоғамға қажет пе? Неліктен?» Оқушылардың пікірлері тыңдалады.

8) Бекіту, бағалау және үй тапсырмасы

Бекіту

«Салт-дәстүр» сөзіне сэнквейн құрастыру.

Бағалау

Оқушылардың жұмысы критерий бойынша бағаланады.

Үй тапсырмасы

«Маған ұнайтын қазақтың салт-дәстүрі» тақырыбына шығарма жазу.

CRITICAL RABBIT ERROR: stream_socket_client(): Unable to connect to tcp://45.86.81.61:5672 (Connection timed out) #0 /var/www/6_temp_zharar.kz_2/vendor/php-amqplib/php-amqplib/PhpAmqpLib/Connection/AbstractConnection.php(253): PhpAmqpLib\Wire\IO\StreamIO->connect() #1 /var/www/6_temp_zharar.kz_2/vendor/php-amqplib/php-amqplib/PhpAmqpLib/Connection/AbstractConnection.php(720): PhpAmqpLib\Connection\AbstractConnection->connect() #2 /var/www/1_cheetah/corp/RabbitPublisherBig.php(41): PhpAmqpLib\Connection\AbstractConnection->channel() #3 /var/www/1_cheetah/corp/RabbitPublisherBig.php(126): Corp\RabbitPublisherBig::channel() #4 [internal function]: Corp\RabbitPublisherBig::flush() #5 {main}