Программаға арналған негізгі шарттар және орындау жолдар

Есептің қойылымы

Бұл курстық жұмыстың мақсаты — деректер базасын құру және онымен тиімді жұмыс істеу. Жүйеде деректердің өзара байланысын (қатынастарын) ұйымдастырып, қойылған талаптарды толық жүзеге асыру көзделеді. Қатынастарды құру барысында негізгі қағидалар ретінде «Реляциялық алгебра» операциялары қолданылды.

Қатынастарға қойылатын негізгі талаптар

  • Атрибуттарға атау берілуі керек және олардың құрылымы біртекті болуы тиіс.
  • Жолдардың реттілігі маңызды емес.
  • Атрибуттардың реттілігі маңызды емес.
  • Қайталанатын жолдар болмауы тиіс.

Қолданылатын технологиялар

Жобада SQL тілі қолданылады. SQL деректермен жұмыс істеуде реляциялық модельдің логикасына сүйеніп, сұраныстар арқылы қажетті ақпаратты жылдам алуға мүмкіндік береді. Жұмысты іске асыру алдында қатынастардың схемасы құрастырылып, тәжірибеге ең жақын әрі тиімді шешім таңдалды. Тәжірибелік тұрғыдан ең ұтымды тәсіл ретінде екі кестені қолдану қарастырылды.

Программаға арналған негізгі шарттар және орындау жолдары

«Сессия қорытындысы» бойынша анықтамалық мәліметтерді жасау — еліміздегі жоғары оқу орындарындағы мыңдаған студенттің деректерін шағын компьютерлік бағдарламада жүйелеумен тең. Университет әкімшілігі осындай күрделі ақпарат ағындарын автоматтандырылған бағдарламалық қамтама арқылы реттеп, оқу процесін басқаруды жеңілдетеді.

Жасалатын жоба студенттердің белгілі бір тәртіппен берілген тізімін қамтиды. Жобаға енгізілген деректер арқылы әрбір оқытылатын пән жөнінде толық мәлімет алуға болады: пән атауы, өтілу мерзімі және сессия қорытындысына қатысты нәтижелер.

Негізгі мақсат

Өте аз уақыт ішінде пән туралы, оның өтілу уақыты туралы және сессия қорытындысы қандай болатыны жөнінде толық әрі нақты мәлімет алу.

Практикалық талап

Мәліметтер қорын пайдаланып, Delphi ортасында деректермен жұмыс істей білу және нәтижені қолданушыға ыңғайлы түрде ұсыну.