Ортадан тепкіш сораптардың жұмыс жасау принциптері

Оқу ақпараты

Сорап және ауа үрлеу станциялары

Сабақ тақырыбы: Ортадан тепкіш сораптардың жұмыс істеу принциптері

Оқытушы
Таңқыбаева Б. Р.
Топ
С-14-9
Сабақ типі
Дәстүрлі
Сабақ түрі
Аралас сабақ

Өткізу әдістері

  • Түсіндіру
  • Баяндау
  • Конспектілеу

Көрнекіліктер

  • Слайдтар
  • Бейне көріністер
  • Карточкалар
  • Сызбалар

Сабақтың мақсаты

Төмендегі мақсаттар студенттің теориялық білімін жүйелеуге, тәжірибеде қолдануға және кәсіби ойлауын дамытуға бағытталған.

Білімділік мақсаты

  • Жаңа ұғымдарды белгілі деңгейде қалыптастыру.
  • Алған білімді жүйелеуге және қорытындылауға үйрету.
  • Білімді тәжірибеде қолдануға баулу.
  • Өзін-өзі бағалау мен талдауға дағдыландыру.
  • Дұрыс қорытынды жасауға бағыттау.

Дамытушылық мақсаты

  • Құбылыстардың қасиеттерін және өзара байланысын ажырата білуге үйрету.
  • Материалды жоспарлау және құрылғының жұмыс принципін түсіндіру дағдысын дамыту.
  • Теориялық білімді практикада қолдануға үйрету.
  • Оқу дағдыларын дамыту: оқу, жазу, есептеу, сызу, конспект жасау және есте сақтау.
  • Ойлау қабілетін дамыту.

Тәрбиелік мақсаты

  • Еңбекке баулу.
  • Білімге құштарлыққа тәрбиелеу.

Сабақтың барысы

1) Ұйымдастыру кезеңі (3 минут)

  • Оқушылармен сәлемдесу.
  • Журналға белгі қою.
  • Оқушылардың назарын сабаққа аудару.

2) Үй тапсырмасын сұрау (32 минут)

Өткен тақырып бойынша оқушылардың білімін тексеру, сұрақ-жауап арқылы негізгі ұғымдарды нақтылау.

3) Жаңа сабақ жоспары (35 минут)

Бұл бөлімде қалақты (динамикалық) сорғылардың жұмыс істеу принципі және олардың негізгі түрлері қарастырылады.

Қалақты сорғылар: негізгі ұғым

Қалақты сорғы — динамикалық сорғылар тобына жатады. Ол жұмыс дөңгелегінің қалақтары арқылы ағып өтетін сұйықтыққа әсер етіп, қозғалтқыштан алынған энергияны сұйық ортаға береді.

Қалақты сорғылардың түрлері

  • Ортадан тепкіш
  • Осьтік
  • Диагональді

Ортадан тепкіш сораптардың жұмыс істеу принципі

Сұйықтықтың қозғалыс бағыты

Сұйықтық жұмыс дөңгелегіне кіргенде алдымен осьтік бағытта қозғалады. Дөңгелек ішінде ағыс радиалды бағытқа ауысып, кейін дөңгелек центрінен перифериясына қарай бағытталады.

Жұмыс дөңгелегі тұрақты жиілікпен айналғанда, сұйықтық дөңгелек каналдары бойымен үздіксіз қозғалады.

Энергия мен қысымның қалыптасуы

Дөңгелек қалақшалары ағып жатқан сұйықтыққа қозғалыс энергиясын, қысымды және қажетті жылдамдықты береді.

Дөңгелектен шыққаннан кейін трубоөткізгіштерде сұйықтық жылдамдығы төмендеп, соның нәтижесінде дөңгелек жасаған қысым күшейеді.

Жұмыс дөңгелегінің құрылысы

Жұмыс дөңгелегі әдетте шойыннан, болаттан немесе қоладан құйылады және екі дисктен тұрады:

  • бірі — білікке орнатылатын тығын (бекітпе бөлік);
  • екіншісі — кең сақина пішінді втулка.

Дисктердің арасында қалақшалар орналасады: олар дөңгелек каналдарын құрап, екі дискіні біртұтас құрылымға біріктіреді.

Дөңгелектің орта бөлігіне кіріс трубоөткізгіш аздаған ауа саңылауымен енеді; оған сорғыш труба жалғанады.

Ескерту

Қосымша материалдар ретінде толық нұсқа, сондай-ақ слайдтарды жүктеу қарастырылған.