Мәреге жету

Сабақтың мақсаты

Білімділік

Оқушылардың бірмүше, бірмүшенің стандарт түрі, көпмүше және олармен орындалатын амалдар туралы білімін тереңдету. Көпмүшені көбейткіштерге жіктеу дағдыларын жүйелеу.

Дамытушылық

Ой-өрісті дамыту, логикалық ойлау қабілетін арттыру, теориялық білімді практикада қолдану дағдысын қалыптастыру.

Тәрбиелік

Шапшаңдыққа, ізденімпаздыққа, тиянақтылыққа, ұқыптылыққа баулу; ұжымшылдық пен ауызбіршілікке тәрбиелеу.

Сабақ форматы

Әдісі

Саяхат-сабақ.

Түрі

Қайталау сабағы.

Көрнекілігі

Слайдтар, мультипроектор, тапсырмалар, суреттер.

Пәнаралық байланыс

Тарих, қазақ әдебиеті, музыка.

Сабақтың барысы

  1. 1

    Ұйымдастыру кезеңі.

  2. 2

    Үй тапсырмасын тексеру (слайдқа жазып, жауаптарын бірге тексеру).

  3. 3

    Өткенді еске түсіру: «Сөйлемді аяқта».

  4. 4

    Құпия кесте: «Жылдар сөйлейді».

  5. 5

    «Гүлге қонған көбелек» ойыны.

  6. 6

    Сергіту сәті.

  7. 7

    «Ұшқыр ой»: топтық жұмыс.

  8. 8

    Бекіту: «Мәреге жету».

  9. 9

    Үйге тапсырма.

  10. 10

    Қорытынды бағалау және рефлексия: «Не үйрендім? Не ұнады?»

Ұйымдастыру сәті

Оқушыларды түгендеу, сабаққа назарларын аудару және топқа бөлу: бірмүше таңдағандар — 1-топ, көпмүше таңдағандар — 2-топ. Сабақ «Әлемнің жеті кереметі» тақырыбы бойынша саяхат түрінде өтеді.

Үй тапсырмасын тексеру

Үй тапсырмасы слайд арқылы тақтада тексеріледі. №356 тапсырмасы орындалғаннан кейін Мысырдағы Хеопс пирамидасына қысқаша «саяхат» жасалады.

Өткенді еске түсіру: «Сөйлемді аяқта»

Санды және әріпті көбейткіштер мен олардың дәрежелерінің көбейтіндісібірмүше деп аталады.

2x² · 3x⁵ = 6x⁷ — бұл бірмүшелердің көбейтіндісі.

Бірнеше мүшенің алгебралық қосындысы — көпмүше.

5ab(2ab + 3a² − 4b²)бірмүшенің көпмүшеге көбейтіндісі.

Көпмүшені бірмүшеге көбейту үшін бірмүшені көпмүшенің әрбір мүшесіне көбейтіп, шыққан көбейтінділерді қосу керек.

3m − 2m + 5m = 6m — бұл ұқсас мүшелерді біріктіру.

Саяхат нүктесі: Олимптегі Зевс мүсіні.

Құпия кесте: «Жылдар сөйлейді»

Өрнектерді ықшамдап, мәнін табыңдар. Теңдеулерді шешіңдер.

Өрнекті ықшамдау

  • 5n − 11 + n, мұндағы n = 2

    6n − 11 = 1

  • 3(5 − a), мұндағы a = 2

    15 − 3a = 9

  • 19x − 4(2x − 3), мұндағы x = 3

    19x − 8x + 12 = 45

Теңдеуді шешу

  • 2(x − 9) = 0

    x = 9

  • x² − 5x = 0

    x(x − 5) = 0

    x = 0 немесе x = 5

1945.09.05Ұлы Жеңіс күні.

Саяхат нүктесі: Галикарностағы Мавзолей.

«Гүлге қонған көбелек» ойыны

Көбелектердегі тапсырмаларды ауызша орындау арқылы батыр туралы мақалдың жалғасын табады.

Үлгі тапсырмалар

  • 4a + 3a² = a(4 + 3a)

  • 2(3x + 2y) = 6x + 4y

  • −m²n² − mn = −mn(mn + 1)

Қосымша тапсырмалар

  • 8xy − 4y² = 4y(2x − y)

  • 2x² · 3x⁵ = 6x⁷

  • 5(p − 10) = 5p − 50

Саяхат нүктесі: Семирамиданың аспалы бағы.

Жеке оқушымен жұмыс

  • 0,5m · 3x = 1,5mx

  • 8b² · b = 8b³

  • 3ab · 2b = 6ab²

  • −6p² · 2g = −12p²g

  • −2a · b · a = −2a²b

  • 5mn² · 2m = 10m²n²

  • 4a · 3ab = 12a²b

  • 7x + 3x + 4 = 10x + 4

Сергіту сәті

Оқушылар өздері таңдаған көбелектің түсіне сәйкес мінез-құлық сипаттамасын алады.

Саяхат нүктесі: Родос Колоссы.

«Ұшқыр ой» — топтық жұмыс

Әр топ берілген тапсырмаларды орындайды. Үлгерімі төмен оқушылармен қосымша жеке жұмыс жүргізіледі.

1-топ: көпмүшені көпмүшеге көбейт

(2x + 1)(x + 4) = 2x² + 9x + 4

5ab(2ab + 3a² − 4b²) = 10a²b² + 15a³b − 20ab³

2-топ: көпмүшені көпмүшеге көбейт

(3a − 2)(2a − 1) = 6a² − 7a + 2

(3x + 2y)(x − y) = 3x² − xy − 2y²

Саяхат нүктесі: Александрия шамшырағы.

Бекіту: «Мәреге жету»

Тапсырманы шапшаң әрі дұрыс орындаған топ мәреге жетіп, туды алады.

Ұқсас мүшелерді біріктіріңдер

5x − 7xy + 4xy = 5x − 3xy

2x⁴ − 3x + 4x² − 2x⁴ + 4x = 4x² + x = x(4x + 1)

Саяхат нүктесі: Эфестегі Артемида ғибадатханасы.

Үйге тапсырма және қорытынды

Үйге тапсырма

Өткен тақырыптарды қайталау.

Қорытынды бағалау

Сабақты қорытындылау, мәреге жеткен топты мадақтау. Рефлексия: «Не үйрендім? Не ұнады?»

Жарайсыңдар!