Қалқаманның әкесі кім
Сабақ тақырыбы
Шәкәрім Құдайбердіұлы. «Қалқаман – Мамыр»
Сабақтың мақсаты
- Білімділік: ақын өміріне қысқаша шолу жасау; поэманың тақырыбы мен идеясын ұғындыру.
- Дамытушылық: поэманың композициясын, сюжеттік дамуын және көркемдік ерекшелігін сұрақ-тапсырмалар арқылы талдатып, оқушыларды өз бетімен жұмыс істеуге дағдыландыру; ойды жүйелі жеткізуге мән беру.
- Тәрбиелік: салт-дәстүрді құрметтеуге, адалдық пен достыққа берік болуға; ұлт тұлғаларының елге сіңірген еңбегін бағалауға; ақынның әні мен өлеңі арқылы өнерді түсініп, қадірлеуге тәрбиелеу.
Сабақтың сипаты
- Типі:
- жаңа сабақ
- Түрі:
- аралас сабақ
- Әдісі:
- СТО, сұрақ-жауап, баяндау
Ресурстар
- Видеопроектор
- Қима қағаздар
- Шәкәрім, Абай кітаптары
- Жетондар
Пәнаралық байланыс
Сабақтың барысы
I. Ұйымдастыру
Оқушыларды түгендеу, сабақ мақсаты мен күтілетін нәтижені қысқаша нақтылау.
II. Үй тапсырмасын тексеру
Абай шығармашылығына қатысты сұрақтар арқылы білімді пысықтау.
- 1) Ауыз әдебиетінен мол сусынды Абай кімдерден алды? Жауап: Ұлжан, Зере.
- 2) Абай Құнанбайұлының шын есімі кім? Жауап: Ибраһим.
- 3) Абай қай жылы дүниеге келді? Жауап: 1845 жылы.
- 4) Құнанбай қандай адам болған? Жауап: шешен, ақылға бай, қажы, болыс.
- 5) «Бөтен сөзбен былғанса сөз арасы, ол ақынның білімсіз бейшарасы» — қай өлеңнен үзінді? Жауап: «Өлең – сөздің патшасы, сөз сарасы».
- 6) «Ызалы жүрек, долы қол, улы сия, ащы тіл» — көркемдегіш тәсіл? Жауап: эпитет.
- 7) Әбдірахман кім, оған арналған өлең қалай аталады? Жауап: ұлы; «Әбдірахман өлгенде».
- 8) Абайдың неше қарасөзі бар? Жауап: 45.
- 9) 17-қарасөзінде Ақыл, Қайрат, Жүрек кімге жүгінеді? Жауап: Ғылымға.
III. Жаңа сабақ
1) Қызығушылықты ояту («Құпия кілт»)
- Абайдың туысы болып келетін ақын.
- «Бес арысымыздың» бірі.
- «Адамдық борышың» өлеңінің авторы.
2) Шәкәрім өмірінің хронологиясы
Шәкәрім Құдайбердіұлы (1857–1931) — Абайдың немере інісі. Себебі әкесі Құдайберді — Абайдың ағасы. Жеті жасында әкесінен айырылып, осы кезеңнен бастап өлең жаза бастаған.
1878
20 жасында Ысқақтың орнына сайланып, болыс болады.
1881
Болыстық қызметті Абайдың кеңесімен Оспанға өткізеді.
1905–1906
Меккеге қажылық сапарға барады. Ыстамбұл мен Париж кітапханаларында жұмыс істеп, жинаған деректері негізінде «Түрік, қырғыз, қазақ һәм хандар шежіресі» еңбегін жариялайды.
1909–1910
Ел ортасынан оңаша кетіп, Шыңғыстаудың қойнауындағы Шақпақта өмір сүреді. Шығармашылықпен айналысады.
1912
Семейде 1878–1904 жылдары жазған өлеңдері «Қазақ айнасы» деген атпен жеке кітап болып басылып шығады.
1931
Жазықсыз атылды.
1958
2 қазанда КСРО прокуратурасы ақынның кінәсіз екенін анықтап, ақтады.
1959
«Қазақ әдебиеті» газетінде бірнеше өлеңі жарияланды.
3) Топтастыру стратегиясы
Шәкәрім тұлғасын көпқырлы қырынан тану:
Сергіту сәті: өлеңмен ой сергіту
«Бұл ән басқа әннен өзгерек» (үзінді)
Өткен адам болады көзден таса,
Өлді-өшті, оны ешкім ойламаса.
Ол кетсе де белгісі жоғалмайды,
Керектісін ескеріп ұмытпаса.
Естіп, біліп, көз көріп, ойға салмақ,
Өткен істен адамзат бір үлгі алмақ.
Қызықпақ, не жек көрмек, жиіркенбек,
Бастан кешкен әр істен белгі қалмақ.
«Қалқаман – Мамыр» поэмасы
Негізгі деректер
- Жазылған жылы: 1882
- Жарық көргені: 1912, Семей, «Жәрдем» баспасы
- Оқиға орны: Сыр өңірі
- Тарихи кезең: 1722 жыл — «Ақтабан шұбырынды» қарсаңындағы қилы уақыт суреттеледі.
- Жанры: эпикалық-ғашықтық дастан
- Тақырыбы: екі жастың махаббат драмасы
- Идеясы: қоғамдағы әділетсіздікке, ел билеушілердің озбырлығына қарсылық.
Композиция
- Оқиғаның басталуы: туыстық байланыс.
-
Байланысуы:
- Мамырдың бой жетуі
- Қалқаман мен Мамырдың кездесуі
- Қос ғашықтың бірге қашуы
- Дамуы: Мәмбетай мен Көкенайдың «баба сөзіне» келіспеуі.
- Шиеленісуі: Мамырдың өлімі.
-
Шарықтау шегі:
- Қалқаманға шығарылған үкім
- Қалқаманның елден кетуі
- Шешімі: елдің күйзелісі; Қалқаман ұрпағының тарауы.
IV. Дәптермен жұмыс
Өлең құрылысына талдау (үзінді)
Бабаң айтты: Өлтірер жұмыс емес,
Таспен атып, өлтірмек бұл іс емес.
Біреудің некелісін бұзбаған соң,
Қанына ортақ болу дұрыс емес.
Қорытынды белгілер
- Өлең өлшемі: 11 буынды, қара өлең үлгісі.
- Поэтикалық тілі: суреттеу, баяндау, мінездеу, портрет, теңеу, эпитет, метафора.
V. Оқулықпен жұмыс
1) Түсініктеме парағы
- Еркек-шора
- ер бала секілді киінген қыз.
- Бастаңғы
- әке-шешесі үйде жоқта қыз-жігіттердің мал сойып, құрбыларын жинап, бас қосуы.
- Оғат
- оғаш, қателік.
- Халал
- адал.
- Асық
- ғашық.
- Шаһит болу
- дін жолында қаза болу (ақ өлім).
2) «Ізден, тап» тапсырмасы
- Мамырдың соңғы сөзін табу.
- Әнет бабаның Қалқаманға шығарған үкімін табу.
- Қалқаманның елімен қоштасу сөзін табу.
VI. Білімді бекіту
Блиц-тест арқылы негізгі деректерді жылдам қайталау.
-
1) Қазақтың Сыр бойында жүрген жылы?
A) 1722 B) 1737 C) 1822
-
2) Әрі би, әрі молда, әрі ғұлама кім?
A) Көкенай B) Әнет баба C) Мәмбетей
-
3) Қалқаманның әкесі кім?
A) Мәмбетей B) Әнет баба C) Олжай
-
4) Ауыл үлкендерін жинап, той жасаған хан?
A) Сәмеке B) Мәмбетей C) Көкенай
-
5) Мамыр Қалқаманға қашан, қай жерге келуді сұрады?
A) Жұма күні, сайда B) Бүрсігүні, қалың қамыста C) Ауыл іргесінде
-
6) Мамыр қыз балаша киінгеніне неге өкінді?
A) Әкесі құда түсірмекші болды B) Қалқаман алып қашпақшы болды C) Барлық жауап дұрыс
-
7) Екі жастың қосылуына не бөгет болды?
A) Екі елдің арасының алшақтығы B) Туыс, аталас болуы C) Әнет бабаның сөзі
-
8) Қазақтың бастаушысы кім?
A) Мәмбетей B) Көкенай C) Саван Раптан
-
9) Елі Қалқаманды не себепті іздемеді?
A) Ашаршылық B) Қазақ-қалмақ соғысы C) Ұлы Отан соғысы
-
10) Қалқаманның ұрпағы қай жүздің ішінде жүр?
A) Орта жүз B) Кіші жүз C) Ұлы жүз
VII. Үй тапсырмасы
1) Шығармашылық жұмыс
Кейіпкермен сырласу хат жазу.
2) Жаттау
Қалқаман мен Мамырдың алғашқы жұмбақтап айтқан жерін жаттау.
3) Оқу
Шәкәрім шығармаларымен танысу.
VIII. Бағалау
Тапсырмаларға қатысу белсенділігі, жауаптың дәлдігі, мәтінмен жұмыс сапасы және қорытынды тұжырым жасауына қарай бағалау.