Есер баладан

Сабақтың мақсаты мен міндеттері

Мақсаты

Мәтін мазмұнын меңгерту, автор ойын түсіндіріп, оқушының өз көзқарасын қоса отырып пікір білдіруіне мүмкіндік жасау.

Міндеттері

  • Мәтіндегі автордың ойын, идеясын ашу.
  • Оқушылардың шығармашылық қабілетін арттыру, сауатты оқу дағдысын жетілдіру және өз ойын еркін айтуға дағдыландыру.
  • Өтірік айтпауға тәрбиелеу.

Сабақтың барысы

Ұйымдастыру кезеңі

Сыныпты сабаққа дайындау, назарды шоғырландыру.

I. Үй тапсырмасын тексеру

Өткен тақырып бойынша сұрақ-жауап арқылы білімді тиянақтау.

II. Қызығушылықты ояту

Сұрақтар:

  • Балалар, сендер өтірік айтып көрдіңдер ме?
  • Өтірік айту жақсы әдет пе?

Оқушылардың пікірлері тыңдалып, ойлары қысқаша қорытындыланады.

III. Мағынаны тану

Автор туралы

А. Хамзеұлы — педагог, жазушы. Ол балаларға арнап көптеген әңгімелер жазған.

Оқулықпен жұмыс

  • Мәтінді мұғалім мәнерлеп оқып береді.
  • Оқушылар іштей оқиды, тізбектей дауыстап оқиды.
  • Жұпта талқылап, негізгі ойды анықтайды.

Сөздікпен жұмыс

Ізет көрсету
құрмет көрсету
Мойнына салып беру
өтірігін әшкерелеу, жалғанын бетіне басу

Кубизм стратегиясы (топтық жұмыс)

1-топ

Талдау

Әңгімеге мазмұндық жоспар құру.

2-топ

Баяндау

Әңгіме мазмұнын жүйелі түрде айтып беру.

3-топ

Сипаттау

Әмірге мінездеме беру, іс-әрекетін бағалау.

Дәптермен жұмыс

Оқушылар мақал-мәтелдерді дәптерге көшіріп жазады және мағынасын талдайды.

  • 1. Өтірік сөз жанға қас, өткір пышақ қынға қас.
  • 2. Өтірік өрге баспайды.

Шығармашылық тапсырма

Мақал-мәтелдерді толықтырып жаз:

1. Есер баладан ... бала жаман.

Таңдау: ерке немесе есті

2. Жақсы бала — сүйік, жаман бала — ....

Таңдау: күйік немесе жүйрік

IV. Ой толғаныс

Еркін жазу стратегиясы

Оқушылар Әмірге хат жазады: кейіпкердің әрекетіне баға беріп, шыншылдық пен жауапкершілік туралы өз ойларын білдіреді.

Үй тапсырмасы

  • Мәтінді оқу.
  • Мазмұндау.

Бағалау

Оқушылардың мәтінді түсінуі, топтық жұмыстағы белсенділігі, пікір айтуы және шығармашылық тапсырманы орындауы бойынша бағаланады.