Ыбырай Алтынсарин туралы мәлімет

Алматы облысы, Талғар қаласы

№7 мектеп-лицей

Пән мұғалімі

Дарменқұлова Ғалия

Сабақ тақырыбы

Ыбырай Алтынсарин — ұлы ағартушы, балалар әдебиетінің атасы

Әдіс-тәсілдер

  • Түсіндіру
  • Әңгімелеу
  • Пікір алмасу
  • Сұрақ-жауап

Көрнекіліктер

Слайдтар, кеспе қағаздар, үнтаспа, бейнероликтер және басқа материалдар.

Сабақтың мақсаты

Білімділік

Ыбырай Алтынсариннің өмірі, ағартушылық қызметі және шығармашылық жолы туралы білімді тереңдету. «Қазақ хрестоматиясы» мазмұнымен таныстыру.

Дамытушылық

Оқушылардың ауызша және жазбаша тіл мәдениетін қалыптастыру, мәтін мазмұнын аша білу қабілетін дамыту.

Тәрбиелік

Әдебиетке және Ыбырай шығармашылығына сүйіспеншілікті ояту; еңбексүйгіштікке, табиғатты қорғауға, ұқыптылыққа тәрбиелеу.

Сабақ құрылымы

  1. I

    Ұйымдастыру кезеңі

    Оқушылардың назарын сабаққа аудару.

  2. II

    Мақсат-міндеттерді түсіндіру

    Сабақтың бағыты мен күтілетін нәтижелерін айқындау.

  3. III

    Жаңа сабақ: Ыбырай Алтынсарин

    Өмірі, еңбегі және «Қазақ хрестоматиясы» арқылы ағартушылық идеялары.

    1) Мәлімет

    Ыбырай туралы негізгі деректер.

    2) Өз біліміңді тексер

    Маңызды оқиғалар тізбегі.

    3) Сәйкестіктерді іздеу

    Дерек пен қорытындыны байланыстыру.

  4. IV

    Бекіту: «Даналық ағашы»

    4 топқа бөлініп, «Жазушы қандай болу керек?» тақырыбында жазушының 5 қасиетін тізімдеу. Нәтижелер тақтаға жазылып, қайталанған пікірлер белгіленеді.

  5. V

    Қорытынды: «Эстафета» ойыны

    Оқушылар үш топқа бөлінеді. Әр топқа тапсырма жазылған парақ беріледі. Белгі бойынша белгілі бір уақыт ішінде бірін-бірі қайталамай, есте қалған мәліметті, түсінікті, оқиғаны немесе мерзімді параққа жазады да, парақты келесі топқа жылжытады. Ең көп әрі нақты мәлімет берген, мерзімдерді дәл көрсеткен топ жеңімпаз атанады.

  6. VI

    Бағалау

    Оқушылардың білімін бағалау.

  7. VII

    Үй тапсырмасы

    • Ы. Алтынсариннің шығармашылығы туралы қосымша мәлімет жинау.
    • «Қазақ хрестоматиясынан» бір өлеңді жаттау.
  8. VIII

    Рефлексия

    Ы. Алтынсарин шығармашылығындағы идеяларды қандай мақал-мәтелдер арқылы білдіруге болады? Оқушылар өз дәлелін мысалдармен толықтырады.

«Өз біліміңді тексер»: маңызды оқиғалар

  • Қостанай облысы, Затобол ауданында дүниеге келеді.
  • Орынборда қазақ балаларына арнап ашылған 7 жылдық орыс-қазақ мектебіне оқуға түседі.
  • Мектепті «өте жақсы» бағамен бітіреді.
  • Орынбордағы шекаралық комиссияда тілмаш қызметін атқарады.
  • Шекаралық комиссия төрағасы, шығыстанушы ғалым, профессор В. В. Григорьевпен жақын танысады.
  • Торғай мектебіне мұғалім болып тағайындалады.
  • Торғайда мектеп ашады.
  • Петербург пен Қазан қалаларына барады.
  • «Қазақ хрестоматиясын» жазуға кіріседі.
  • «Қазақ хрестоматиясы» Орынборда басылып шығады.
  • Торғай облысы мектептерінің инспекторы қызметіне тағайындалады.
  • Орскіде тұңғыш мұғалімдер мектебі ашылады.
  • Торғай қаласының 4 уезінде (Торғай, Ырғыз, Тройц, Ақтөбе) мектептер ашылады.
  • Торғайда қолөнер мектебі ашылады.
  • «Мұсылмандық тұтқасы» оқу құралын жазады.
  • Ырғызда тұңғыш қыздар мектебі ашылады.
  • Қостанай уезінің Обаған және Жетіқара болыстарында бір сыныптық мектептер ашып, жанынан қазақ балаларына арналған 25 орындық интернат салдырады.
  • Ауыр науқастан қайтыс болады.

Мәтінмен жұмыс: «Таза бұлақ»

Тапсырма

Жазушы «Таза бұлақ» әңгімесінде үш жолаушының сөзі арқылы адам көңілінің тазалығы мен бұлақтың тазалығын қалай байланыстырады?

Үзінді

— Әй, жолаушы, болсаң осы бұлақтай бол!

Жігіт айтты: — Менің ойыма бөтен бір нәрсе келеді: бұл бұлақтың суы бір орында тынып тұрып, шөп-шалам түсіп, лай-қоқым болса, бұған адам мен айуан мұнша ынтық болмас еді; бұлақ күні-түні тынбай ағып, тазаланып тұрғаны үшін ынтық болады. Олай болса, жазудың мағынасы: көңіліңді, бойыңды осы бұлақтай таза сақта. Нешік бұлаққа қарасақ, күн түссе күннің, шөп түссе шөптің сәулесін көреміз. Көңілің де сол рәуішті сыртқа ашық көрініп тұрсын дегені ме деймін, — деді.

Сөздікпен жұмыс

айуан
жануар
ынтық
құмар, ықыласты
рәуіш
түр, қалпын білдіретін ұғым

Белгілер арқылы оқу (кесте)

Оқулық мәтінін оқып, жұмыс дәптерінде төмендегі белгілермен кесте толтырылады:

  • V Білемін, маған таныс ақпарат.
  • + Мен үшін жаңа ақпарат.
  • - Мен үшін түсініксіз ақпарат.
  • ? Мені таң қалдырады.

Жүктеу туралы белгі

Материалдың толық нұсқасын бөлек жүктеуге болады.