Жылап тұрып аламыз, Тиын бер деп моншаға

Ескен Елубаевтың өлеңі

Күн жайдары жаз еді,
Қайғымыз жоқ басқадай.
Ауыл маңы саз еді,
Ортасында тоспа бар.

Сонда өтеді күніміз,
Күнесімес шашымыз.
Жаман емес күйіміз,
Көңілді әрбір жазымыз.

Болса – дағы күлкілі,
Айта алмаймыз жалған біз
Бәріміз де бұл күні,
Моншашыл боп алғанбыз.

Апамызға барамыз
Ұрысса да соншама.
Жылап тұрып аламыз,
Тиын бер деп моншаға.

Қайткен күнде тиынды
Алатынын аламыз.
Моншаға емес, жиылып
Тоспа жаққа барамыз

Ол тиынды моншаға
Жұмсайтын кім сонша біз.
Шомыламыз тоспаға,
Тоспа – біздің моншамыз.

Тиыныңа өз еркің,
Тәтті кәмпит алсаң да,
Ешкім де жоқ сезетін,
Кино жаққа барсаң да.

Біліп қойып бір күні
Бергенше үйі жазасын,
Ойлап тапқан осыны
Жұман біздің жасасын!

Маңғыстау облысы, Бейнеу ауданы,
Боранқұл орта мектебі
Маханұлы Қуаныш
Мұғалімі: Мендигазиева Гүлжихан

Ескен Елубаевтың басқа өлеңдері



Ұқсас жұмыстар

Хикаялар
Бейбарыс сирасындағы жас бейбарыс бейнесі
Тараз өңірінің архитектуралық ескерткіштері
Қазақтың биязы әйелдеріне тән мінезден ада
Толымсыз теңеулер
Ботагөз романындағы диалог үлгілері
Ілияс жансүгіров - сатирик
Дін мен дәстүр (дүкеншінің әңгімесі)
Тимур және оның командасы
Тараздың көне моншалары
ҚР қоғамдық жаңа даму кезеңінде жоғары білім беру
САРЫҰЛЫ АҚТАНБЕРДІ
БЕРДӘУЛЕТҰЛЫ ЖӘНІБЕК
Кәсіби бағдар берудегі оқушылардың тұлғалық ерекшеліктерін психологиялық зерттеу
ТІЛЕПБЕРГЕНҰЛЫ ҚАЗАНҒАП
ҚҰДАЙБЕРДІҰЛЫ ШӘКӘРІМ туралы
XX ғасыр басындағы тарихи білім беру жүйесі
Берелдің берері берекелі
Қазіргі кездегі қазақстандағы білім беру жүйесіндегі проблемалар
Бернштам баскарған экспедиция