Сауат ашу 1 сыныпСалт - дәстүр және ауыз әдебиеті
Сауат ашу (1-сынып): «Салт-дәстүр және ауыз әдебиеті»
Тақырып: «Ұлттық кейіпкер туралы не білемін? Я дыбысы мен әрпі». Бұл сабақта оқушылар Яя әрпін танып, оның дыбыстық табиғатын (қосарлы дыбыс) түсінеді және оқу-жазу дағдыларын бекітеді.
Оқу мақсаттары
- 1.2.9.1 — әріпті тану, ажырату және оны дыбыспен сәйкестендіру.
- 1.2.9.2 — дыбыстардың сөздегі қызметін түсіну (я, ю, е — қосарлы дыбыстар) және дұрыс оқу.
- 1.2.1.2 — оқудың түрлерін қолдану (буындап оқу, жиі кездесетін сөздерді тұтас оқу, түсініп оқу).
Ойлау деңгейлері
- Білу және түсіну
- Қолдану
Бағалау критерийлері
- Әріпті таниды, ажыратады және оны дыбыспен сәйкестендіреді.
- Яя дыбысының қосарлы дыбыс екенін меңгереді.
- Буындап оқиды, буын санын анықтайды, сөздерді тұтас оқиды.
- Сауатты, ұқыпты жаза алады.
Сабақтың басы: ынтымақтастық атмосферасы
Ұзақтығы: 5 минут
«Ертеңгілік шеңбері»
Оқушылар шеңберге тұрып, бір-бірінің қолын ұстап, алақан арқылы жүрек жылуын сезінеді. Мұғалім жылы қарым-қатынасты қалыптастыруға бағытталған қысқа әңгіме жүргізеді.
Өсеміз біз күліп-ойнап,
Он саусақтың саласындай.
Өсеміз біз күліп-ойнап,
Бір адамның баласындай.
Сұрақтар: Қазір қандай сабақ? Бұл сабақта немен айналысамыз?
Негізгі ұғым: Дыбысты біз айтамыз және естиміз, ал әріпті көреміз және жазамыз.
Ойын: «Үйіңді тап»
Әр оқушы өзіне берілген дыбысты алып, сәйкес «шаңырақтың» астына тұрады. Бұл тапсырма дыбыстарды ажырату дағдысын нығайтады.
Дыбыстардың түрлері
Дауысты және дауыссыз дыбыстар.
Мысалдар
А, О, Ы, Ө, Ү, Ұ, И, І, Ә, Е; Н, Г, Т, Д, П, Ж, З, К, Қ, Л, М т.б.
Дауысты дыбыс қалай жасалады?
Ауа өкпеден кедергісіз шығып, үннен ғана тұратын дыбыстар дауысты дыбыстар деп аталады.
Дауыссыз дыбыс қалай жасалады?
Айтқанда ауа кедергіге ұшырап шығатын дыбыстар дауыссыз дыбыстар деп аталады.
Сабақтың ортасы: айтылым және «тосын сәт»
Мұғалім екі қобдиша ұсынады: біріншісінде — жұмбақтар, екіншісінде — сыйлықтар. Жұмбақты дұрыс шешкен оқушы сыйлық алады.
Жұмбақтар
-
Күндіз атамыздың төбесінде, түнде ілгіштің басында.
Жауабы: тақия
-
Қолы жоқ сурет салады, тісі жоқ тістеп алады.
Жауабы: аяз
-
Жесең ащы, көзіңнен жас шығарар.
Жауабы: пияз
-
Желіде тұрар шырмалып, теріп ал да суғарып.
Жауабы: қияр
-
Далада жүреді шапқылап, керемет тым сақ құлақ.
Тек есектен басқа да, оған ұқсар жоқ құлақ.Жауабы: қоян
Негізгі жаңалық: «Я» дыбысы мен әрпі
Бақылау сұрағы
Жұмбақтардың жауаптарындағы сөздердің ішінде қандай таныс емес дыбыс кездесті? Яя.
Таңбалануы
Яя — баспа және жазба түрі.
Дыбыстық сипаты
Я — дауысты дыбыс.
Маңызды түсінік
Я дыбысы й + а дыбыстарының қосындысынан тұрады. Яғни ол екі дыбыстың қосарлана айтылуынан жасалғанымен, бір әріппен ғана таңбаланады.
Тапсырма: «Я» дыбысын хормен айтқызу және артикуляциясын дұрыс қалыптастыру.
Мәлімет
Білім беру ұйымы
С. Бердіқұлов атындағы орта мектеп (мектепке дейінгі шағын орталығы бар) КММ
Мұғалім
Күзембай Әлия Тұрсынәліқызы