Сабақ барысында оқушыларға берілетін іздендіру сұрақ
Сабақтың тақырыбы
Ахмет Йасауи — «Диуани хикмет» кітабы
Сабақтың мақсаты
Білімділік
«Диуани хикметтегі» негізгі ойды түсіндіру арқылы Ахмет Йасауиді тарихи тұлға, қазақ әдебиеті тарихындағы пәлсафалық сипаттағы ақын ретінде таныту.
Дамытушылық
Оқушылардың жеке тұлғалық ізденімпаздығын дамытып, дерекпен жұмыс істеу, дәлелдеу, ой қорыту дағдыларын қалыптастыру.
Тәрбиелік
Хикметтердің поэтикалық тілі мен ақыл-нақылдарын қазақ ғұламаларының еңбектерімен салыстыра талдау арқылы имандылыққа, мейірімділікке, ар-ождан тазалығына баулу.
Сабақтың ресурстары мен форматы
Көрнекілігі
- Оқулық, хикмет мәтіндері
- Суреттер, дайындалған рефераттар, слайдтар
- Интерактивті тақта
- Online жүйесі арқылы сабақ өткізу
Түрі, типі, әдістері
Сабақ түрі: жаңа білімді меңгерту.
Сабақ типі: іздендіру сабағы.
Әдістері: баяндау, түсіндіру, проблемалық сұрақтар арқылы әдеби талдау, іздендіру, салыстыру, мәнерлеп оқу, ой қорыту.
Технология: Қ. Бітібаеваның жобалау технологиясы.
Пәнаралық байланыс: тіл, тарих, география.
Пайдаланылған әдебиеттер
- 1. А. Қыраубайқызы. Ежелгі дәуір әдебиеті. Алматы: Мектеп, 2002.
- 2. Қ. Бітібаева. Әдебиетті тереңдете оқыту. Алматы: Мектеп, 2003.
- 3. Тоғысбаев Б., Сужикова А. Тарихи тұлғалар. Алматы, 2006.
- 4. Н. Келімбетов. Ежелгі дәуір әдебиеті. Алматы, 1991.
Сабақтың барысы
I. Ұйымдастыру кезеңі
- Сыныптың даярлығын тексеру
- Кезекші арқылы оқушыларды түгендеу
- Оқушылардың зейінін сабаққа аудару
Мұғалімнің кіріспе сөзі
Құрметті оқушылар! Бүгінгі сабағымыз ақын, ойшыл, мұсылман әлемінің көрнекті қайраткері, философ әрі ғұлама Ахмет Йасауидің «Диуани хикмет» («Даналық кітабы») еңбегінің тәрбиелік мәнін ашуға арналған іздендіру сабағы. Ең алдымен, өз беттеріңмен ізденіп тапқан материалдарыңмен танысайық.
Талқылау бағыттары
- 1) Ахмет Йасауидің өмірі туралы мәлімет.
- 2) Ұстазы Арыстанбабқа сипаттама.
- 3) Йасауи кесенесінің тарихы туралы пікір.
«Диуани хикмет» туралы негізгі түсініктер
Ахмет Йасауидің мәңгі өшпес мұрасы — «Диуани хикмет» қыпшақ диалектілерімен көне түркі тілінде жазылған. Бұл еңбекте ол сопылық-философиялық дүниетанымын көркем тілмен баяндайды.
Ескерту: Түпнұсқа сақталмаған. Бізге жеткен нұсқалар — XV–XVI ғасырлардағы көшірмелер.
Атаудың мәні
- Диуан
- жинақ.
- Хикмет
- даналық, Алланың ақ жолын баяндайтын ғибрат сөзі.
Мазмұндық жіктелуі
- 1) Сопылық ілім мазмұнын өлеңмен жырлаған хикметтер: үгіт, насихат, өсиет, тәлім-тәрбие.
- 2) Дәуір мен қоғам бейнесін танытатын лирикалық шығармалар.
Ақын: «Төрт мың төрт жүз хикмет айт хақ пәрменімен…» деп, даналық сөздерінің 4 400 жол екенін ескертеді.
Абайдың ой түйіні ретінде айтылатын тұжырым: «Мұны жазған білген құл, атын білме, сөзін біл» — мұраның құндылығы автордың атымен емес, сөздің шындығымен өлшенетінін білдіреді.
Іздендіру тапсырмасы (ой түйіндеу)
Сабақ барысында «Диуани хикмет» туралы өз көзқарастарыңды, пікірлеріңді жинақтап, қысқаша түрде қағазға түсіріп отырыңдар. Соңында ой қорытындысын шығарамыз.
Хикметтен үзінді: негізгі ойды анықтау
Енді хикметтен үзінділер оқып, негізгі ойды айқындап, поэтикалық әрі салыстырмалы талдау жасайық.
Даналардың айтқаны келер болды,
Қияметтің қияпаты төнер болды,
Ақымақтар айқаймен жеңер болды,
Бұл не деген замана болды, достар.
Халайықтан мейірім мен рақым кетті,
Момынға телі-тентек зақым етті,
Тал түсте талапайда ақыл кетті,
Бұл не деген замана болды, достар.
Үлкен-кіші адамнан ибалық әдет кетті,
Қыз-бозбала жастардан әдеп кетті,
Мінез-құлықты бұзатын әлек жетті,
Бұл не деген замана болды, достар.
Мұсылманды мұсылман түтіп жейді,
Бірін-бірі ұқпайды, түсінбейді,
Мүриттер пірге көз қырын түсірмейді,
Бұл не деген замана болды, достар.
Жамағаттың жақсыға құрметі жоқ,
Кішілердің үлкенге ізеті жоқ,
Патшаларға әділдік міндеті жоқ,
Бұл не деген замана болды, достар.
Дәруіштер дұғасының шипасы жоқ,
Тым болмаса үстінде лыпасы жоқ,
Құнарсыз қу тақырдай бұтасы жоқ,
Бұл не деген замана болды, достар.
Азған заман ғалымы залым болар,
Қошаметшіл қулықпен мәлім болар,
Анығын айтқан адалдар жазым болар,
Бұл не деген замана болды, достар.
Айтылған сөз, уәденің байламы жоқ,
Жалғандыққа шындықтың қайраны жоқ,
Шындықты айтып осылай шырқыраған
Құл Қожа Ахмет сөзінің жалғаны жоқ.
Салыстырмалы тапсырма: Абаймен үндестігі
Ұйқасын тауып толықтыр. (Абай өлеңімен салыстыру)
Бос орындарды толтыр:
Кітапты молда теріс оқыр,
Мал құмар көңілі – бек соқыр,
Жүректе айна жоқ болса,
Тыңдағыш қанша көп болса,
Сөздік жұмыс
- Зікір
- Құдайды мадақтап айтылатын өлеңдер, зікір салу дәстүрі.
- Тақуа
- Діндар, діншіл, құлшылықты берік ұстанушы.
- Ақырет
- О дүние, машхар күні, адам баласының есеп беретін мәңгілік өмірі.
- Тамұқ
- Діни ұғым бойынша: күнәһар жан азап шегетін жер — тозақ.
- Нақақ
- Жазықсыз, кінәсіз, орынсыз (бостан-босқа).