Қазақстанның мемлекеттік тілі

Сабақ жоспары (5-сынып, қазақ тілі)

Сабақтың тақырыбы
Қазақстанның елордасы — Астана
Сабақтың түрі
Жаңа сабақ
Сабақтың әдістері
Сұрақ-жауап, перфокартамен жұмыс, «Жаңылмаймыз» ойыны
Көрнекіліктер
Интерактивті тақта, компьютер, тест, мәтін, слайдтар, бағалау парақтары, топшамалар
Пәнаралық байланыс
Музыка, орыс тілі
Күтілетін нәтиже
Астана тақырыбында еркін әңгімелей білу

Сабақтың мақсаттары

Білімділік

Оқушылардың білім деңгейін көтеру, ұжымдық түрде білім алуға баулу, сөздерді өзара байланыстырып, ойды жүйелі айту дағдысын қалыптастыру.

Дамытушылық

Алған білімдерін толықтыру, сөйлеу тілін дамыту.

Тәрбиелік

Отанға сүйіспеншілік рухында тәрбиелеу, елордамызды сүюге, аялауға баулу, эстетикалық тәрбие беру.

Сабақ барысы

I. Ұйымдастыру кезеңі

  • Оқушылармен амандасу.
  • Кезекшінің мәліметі.
  • Күнтізбелік сұрақтар: бүгін нешесі, аптаның қай күні, жылдың қай мезгілі?
  • Күз айларын атау.

II. Үй тапсырмасын тексеру

4-тапсырма

  • Мақал-мәтелдерді жатқа айту.
  • Сөзжұмбақ шешу.

Жетекші сұрақтар

  • Біздің Отанымыз қай мемлекет?
  • Астанасы қай қала?
  • Астана қаласы ұнай ма? Неліктен?
  • Астана қандай қала?

Оқушылар, енді Астана қаласына сырттай саяхат жасайық. Саяхатқа шығу үшін бізге саяхат картасы қажет (тақтаға «саяхат картасы» ілінеді).

III. Жаңа сабақ: «Саяхат» форматы

1-аялдама: Вокзал

Сөздік жұмысы

орналасқан

расположен

рәміз

символ

ғимарат

здание

сол жағалауында

на левом берегу

ескерткіштер

памятники

гүлденуде

цветет

зәулім

высотный

Тапсырма: жаңа сөздермен сөз тіркестерін немесе сөйлем құрастырыңдар. Кейін мәтінді дауыстап оқимыз.

2-аялдама: Бәйтерек

Мәтінмен жұмыс

Жұмыс кезеңдері

  1. Мәтінді оқу.
  2. Сұрақтарға жауап беру.
  3. Мазмұндау.

Мәтін

Астана — Қазақстан Республикасының астанасы. Астананың бұрынғы атауы — Ақмола. Ол Солтүстік Қазақстандағы Ақмола облысында орналасқан.

Астананың рәмізі — Бәйтерек. Қазіргі кезде Астана — ең сұлу, жас қала. Мұнда әсем, зәулім ғимараттар бой көтеріп жатыр.

Астананың жазы салқын, қысы суық. Қалада 9 шағын аудан бар, сондай-ақ «Орбита», «Шұбар», «Жастар», «Целинный» шағын аудандары орналасқан.

Бас қалада Абайдың, С. Сейфуллиннің, сондай-ақ Төле, Қазыбек, Әйтеке билердің ескерткіштері бар. Астана күннен-күнге гүлденуде. Оның болашағы зор.

Астанаға қонақтар көп келеді. Астана күні — 6 шілде.

1-тапсырма

Мәтіннен септік, тәуелдік және көптік жалғаулары бар сөздерді теріп жазыңдар.

1-топ

Септік жалғауы бар сөздер

2-топ

Көптік жалғауы бар сөздер

3-топ

Тәуелдік жалғауы бар сөздер

4-аялдама: Хан Шатыр

Сұрақтар

Тапсырма: берілген сандарды таңдап, жасырынған сұрақтарға жауап беріңдер.

  1. Қазақстан қандай мемлекет?
  2. Қазақстанның астанасы қай қала?
  3. Қазақстанның мемлекеттік тілі қандай?
  4. Қазақстанның Президенті кім?
  5. Қазақстанда қандай қалалар бар?
  6. Қазақстанның мемлекеттік рәміздерін ата.
  7. Әнұранның авторлары кімдер?
  8. Сенің туған жерің қай өңір?
  9. Адасқан сөздерді орнына қой: Менің, Қазақстан, Отаным.
  10. «Біздің Отанымыз…» сөйлемін жалғастыр.

5-аялдама: «Қазақ елі» монументі

«Жаңылмаймыз» ойыны

Тапсырма: сөйлемдерді дұрыс құрастырыңдар. Септік жалғауы бар сөздердің астын сызып, қай септік екенін анықтаңдар.

  1. Болашағы зор Астананың.
  2. Астанада ғажап зәулім ғимараттар салынып жатыр.
  3. Астанада билердің ескерткіштері бар.
  4. Астана Арқаның төрінде орналасқан.
  5. Астана — ең сұлу, жас қала.

6-аялдама: Тәуелсіздік сарайы

Перфокартамен жұмыс

Перфокарталар арқылы тоқсандық қайталау және тіл дамыту тапсырмалары орындалады. Төмендегі тақырыптар бойынша материалдар ұсынылады:

Қазақстанның елордасы — Астана

перфокарта

Тоқсандық қайталау

перфокарта

Менің атам мен әжем

шылау

Мектеп

лексика

Мектеп ғимараты

синоним

Мектеп кабинеттері

антоним

Жаңа оқу жылы

антоним

Біздің мұғалім

омоним

Оқу құралдары

омоним

Әдепті балалар

жуан және жіңішке дауыстылар

Өзім туралы

буын, екпін

Денсаулық

еріндік және езулік дауыстылар

Күз

сөз құрамы

Көкөністер мен жемістер

түбір және қосымша

Жаңбырлы күн

жұрнақ пен жалғау

Күз кереметі

жіктік жалғау

Қазақ тілі туралы

буын

Менің ана тілім

ашық буын

Тіл туралы мақал-мәтелдер

бітеу буын

Қ. Мырзалиев «Ана тілі»

тасымал

Кіріспе. Менің отбасым

үндестік заңы

Менің пәтерім

зат есім

Біздің үй

тәуелдік жалғау

Бақылау диктанты

Туған жерімнің табиғаты

Нәтиже сабақ

тест

Ескерту

Тізім ықшамдалған форматта берілді: перфокарталарды тақырыпқа сай іріктеп, сыныптың деңгейіне қарай қолдануға болады.