Сабақтың көрнекілігі. Сабақтың тақырыбы

Сабақтың тақырыбы

§24. 1920–1930 жылдардағы мәдени құрылыс

Сабақтың мақсаты

Білімділік

Қазақстанда білім мен ғылымның дамуын, сондай-ақ өнер саласындағы жетістіктерді оқушыларға түсіндіру.

Дамытушылық

Тарихи оқиғалар мен үдерістерді тарихи-әдеби деректер арқылы баяндату; өткенге ғылыми көзқарас қалыптастыру; салыстыру, талдау және пікір білдіру қабілеттерін дамыту.

Тәрбиелік

Жастардың Отан тарихына сүйіспеншілігін арттыру, ұлтжандылық сезімін ояту.

Сабақтың сипаттамасы

Сабақтың түрі

Жаңа сабақты меңгеру.

Сабақтың әдістері

  • Компьютерде жұмыс жасау
  • Ауызша баяндау
  • Талдау

Көрнекіліктер

  • Карта
  • Слайд-суреттер
  • Хронологиялық кесте
  • Сөзжұмбақ
  • Тест
  • Тапсырмалар

Сабақтың барысы

  1. I Ұйымдастыру бөлімі
  2. II Үй тапсырмасымен жұмыс
  3. III Жаңа сабақ
  4. IV Тапсырмалармен жұмыс
  5. V Жаңа сабақты бекіту
  6. VI Оқушыларды бағалау
  7. VII Үй тапсырмасын беру

I. Ұйымдастыру бөлімі

Оқушылармен амандасу, сыныпты түгендеу, сабаққа назар аударту.

II. Үй тапсырмасымен жұмыс

Тест тапсырмалары

Әр сұраққа берілген нұсқалардың ішінен дұрыс жауапты таңдаңыз.

  1. 1) Қазақ КСР Конституциясы қашан қабылданды?

    • а) 1937 жылғы наурыз
    • ә) 1934 жылғы сәуір
    • б) 1936 жылғы желтоқсан
    • в) 1935 жылғы мамыр
    • г) 1933 жылғы шілде
  2. 2) Қазақстандағы ұлттық шеткері аймақтарды бағындыру саясатын белсенді жүргізушілер кімдер?

    • а) Н. Ежов, Ф. Голощекин
    • ә) Н. Ежов, А. Байтұрсынов
    • б) Ф. Голощекин, Т. Рұсқұлов
    • в) Т. Рұсқұлов, Н. Ежов
    • г) А. Байтұрсынов, Ф. Голощекин
  3. 3) Қазақ АКСР-і одақтас республика болып қай жылы құрылды?

    • а) 1932 жыл
    • ә) 1936 жыл
    • б) 1937 жыл
    • в) 1938 жыл
    • г) 1940 жыл
  4. 4) Лаңкестік жаппай сипат алған кезеңді көрсетіңіз.

    • а) 1941–45 жж.
    • ә) 1937–38 жж.
    • б) 1927–31 жж.
    • в) 1931–33 жж.
    • г) 1918–20 жж.
  5. 5) Ф. И. Голощекин ұсынған идеяны көрсетіңіз.

    • а) ЖЭС
    • ә) Әскери коммунизм
    • б) Азық-түлік салғырты
    • в) Индустрияландыру
    • г) «Кіші Қазан»