Қар ханшайымы
Мақсаты мен ұйымдастыру
Мақсаты
Оқушылардың қыркүйек айынан бері үйренген әндері мен билерін көпшілікке ұсыну, сондай-ақ Жаңа жыл мерекесімен құттықтау.
Көрнекілігі
Жаңа жылдық киімдер, бетперделер, безендірілген шырша және мерекелік атрибуттар.
Әдістері
Ойын, рөлдік қойылым, ән айту, би билеу.
Өту барысы
Кіріспе өлең жолдары
Жүргізуші
Аппақ бүгін қыр далам, Ақ дастархан жапқандай. Халық біткен қарбалас, Қонақ күтіп жатқандай.
Ақниет
Көңілде көп қуаныш, Әр көңілде жақсылық. Кетер жылға мың алғыс, Әкелген көп жақсылық.
Эльдар
Жаңа жылда алдағы, Көңіл өсіп, кеңейсін. Ортақ ойы, арманы, Жақсы дәстүр көбейсін.
Қонақтарға тілек
Жүргізуші
Қадірменді халайық! Осы бір есте ерекше қалатын Жаңа жыл кешіне қатысып отырған қонақтарымызға зор денсаулық, баянды бақыт, тату-тәтті ғұмыр, бейбіт аспан тілейміз.
Ескі жылды шығарып салу
Әліби
Ал, ағайын, ағайын, Ескі жылдай аға бар. Оны ортаға алайық, Шығарып оны салайық.
Жүргізуші
Аяулы да құрметті 2012 жыл! Сен бізбен 365 күн, 365 түн бірге болдың. Бейбітшілік жылы болдың. Рахмет саған!
Ақжол
Өткен жылға ризамыз, Кемелденді еліміз. Қандық талай сырға біз, Шарықтады ойымыз.
Ескі жыл (Ұлу)
Балаларым, балғындарым, Алғысым көп айтар менің! Дәл осыдан артығырақ Қарсы алыңдар жылан жылын!
Жүргізуші
Ал, балалар, Ескі жыл риза болсын. Өнерлеріңді көрсетіп, көңілін көтеріп, шығарып салайық.
Айбек
Жаңа жылдық тойда, Көрсетейік өнер біз. Тақпақ айтып, ән салсақ, Риза болар Ескі жыл.
Ән
Назерке — «Ертегілер»
Ескі жыл
Сау болыңдар, балалар, Келешегі халқымның. Ашық болсын аспаның, Аман болсын жас-кәрің.
Ескі жыл сахнадан кетеді.
Қар ханшайымының келуі
Жүргізуші
Балалар, бүгінгі Жаңа жыл кешімізге Қар ханшайымы да келіпті.
Қар ханшайымы
Балалардың көңілді болғанын ұнатпаймын, тентек қыздар мен ұлдар! Күлесіңдер, шаттанасыңдар — ендеше қорғаныңдар.
Әй, менің сенімді көмекшілерім — мұздар, қайдасыңдар? Мұздар, ұшыңдар! Барлығын мұз етіп қатырыңдар!
Сахналық әрекет:
Балалардың бәрі «мұз болып» қатады.
Жүргізуші
Менің сиқырлы күшім жетпей жатыр. Сиқырды шешу үшін көңілденейік, күлейік!
Балалар күліп, қозғала бастайды — «мұз» сиқыры баяу шешіледі.
Қар ханшайымы
Оны әлі көреміз — кімге жаман болатынын. Аяз ата келмейді!
Жүргізуші
Бізді қорқытпа! Сен Жаңа жыл кешінде сені не күтіп тұрғанын әлі білмейсің.
Қар ханшайымы
Онда көрейін: мені не күтіп тұр екен? Әй, сыған қызы Аза, кел — маған бал ашып бер!
Сыған қыздары билеп шығады.
Сыған
Неге шақырдың, Қар ханшайымы?
Қар ханшайымы
Жетер билегенің. Енді маған осы кеште не болатынын айтып бер!
Сыған
Қазір, қазір, жарқыным… Бүгін сен Аяз атаның қолындағы таяқшадан еритін боласың. Алақан сызықтары алдамайды — өтірік айтпайды.
Қар ханшайымы
Сен не деп тұрсың, оңбаған! Қане, жоғал!
Сыған кетеді. Қар ханшайымы ойланып қалады.
«Аяз атаның таяғынан еримін» дей ме?.. Мүмкін емес. Бірақ алақан алдамайды… Ойланып көрейін.
Жүргізуші
Балалар, Қар ханшайымынан қорқып тұра бермей, мерекемізді жалғастырайық: ән салып, би билейік!
Қар ханшайымы
Мен әнді, күлкіні, мерекені ұнатпаймын. Мерекелеріңнің шырқын бұзамын! Ха-ха-ха!
Аяз ата мен Ақшақардың келуі
Жүргізуші
Балалар, Аяз атаны көмекке шақырайық. Қане, бәріміз бірге «Аяз ата, Ақшақар!» деп айғайлайық!
Балалар
Аяз ата, Ақшақар!
Жүргізуші
Қош келдіңіз, Аяз ата! Амансың ба, Ақшақар!
Аяз ата
Амансыңдар ма, балалар? Ажарларың атқан таңдай, Киімдерің қандай! Ел аман, жұрт тыныш, Көңілдерің шат екен. Ақ қырауға малынған Сақалым да, мұртым да. Сағынған Аяз ата Сәлем берем жұртыма.
Ақшақар
Ал, балалар, құлақ қойып тыңдаңдар. Мектептің үлкен залында, Жасыл шырша жанында, Жаңа жылды қарсы алып, Би билейік, ән салып!
Жүргізуші
Аяз ата, Қар ханшайымы мерекемізді бұзбақшы. Сиқырлы таяғыңызбен оны ерітіп жіберіңізші!
Сахналық әрекет
Аяз ата таяғын көтере бергенде Қар ханшайымы келеді.
Қар ханшайымы
Аяз ата, балалар, мені кешіріңіздер. Мені ерітпеңіздер, мен сіздермен бірге көңіл көтерейін.
Аяз ата
Қане, балалар, кешіреміз бе?
Балалар
Иә, кешіреміз!
Жүргізуші
Ендеше мерекемізді жалғастырайық. Шеңбер құрып тұрайық, шыршаның шамдарын жағайық!
Балалар
Қуан, шыршам, шамдарыңды жарқырат!
Шырша шырағы жанады, балалар қол соғады.
Тақпақтар
Аяужан
Жаңа жыл келді міне жерімізге, Әкелген құт-береке елімізге. Жақсылық пен қуаныш жылы болып, Қиындық жолатпасын елімізге.
Ернар
Келді тағы Жаңа жыл, Қуантамыз сіздерді. Құтты болсын қуаныш, Құттықтаймын сіздерді.
Аяулым
Аппақ күміс бар далам, Зымыраймын шанамен. Тоғайлар тон киеді, Аяз беттен сүйеді. Жиналып алып бар бала, Тұрғызамыз қар қала.
Айжан
Өлең де әзір, ән де әзір, Ойын да әзір, би де әзір. Кел, Жаңа жыл, біздерге, Кел, Жаңа жыл, Жаңа жыл.
Ислам
Жаңа жылда барлық үйге Аяз ата келеді. Жаңа жылда сәбилерге Сыйлық әкеп береді.
Абылай
Жаңа жыл, Жаңа жыл, Жаңа жылда жаңа жыр. Жасыл шырша жанында Билеп барлық бала жүр.
Ботагөз
Шаттық жыр, шаттық жыр, Дидарында шаттық нұр. Аяз ата ортада, Арқасында қапшық жүр.
Асима
Шырша құрып алаңға, Жырға шашу шашайық. Тойға көңіл ашайық, Қане, әнге басайық.
Жаңа жылды шақыру
Ақшақар
Аяз ата, Жаңа жыл қайда? Жолда келе жатып адасып кетпеді ме екен. Балалардың көмегімен тауып алсақ қайтеді?
Жүргізуші
Қане, балалар, онда бәріміз бірге «Кел, Жаңа жыл!» деп айқайлайық!
Жаңа жыл
Халқым менің! Жаңа жылмын мен сенің. Елді шарлап самғаймын, Бір күн қызық бір күннен — Бола берсін әрдайым. Жаңа жылдың бастауын Сендермен тойлайын.
Жүргізуші
Аяз ата, Ақшақар және Жаңа жылды ортаға алып, шыршаны айнала «Аппақ, аппақ» әнін орындайық.
Әндер, билер және ойындар бағдарламасы
Ән
«Аппақ, аппақ»
Би
Шығыс биі — Анэль
Ән
«Айгөлек» — Олжас, Айша, Ермек, Айғаным, Сұлтан Ж.
Ойын
«Шаңғышы»
Мақсаты: билеп жүріп қозғала білуге үйрету.
Шарты: табандарына ақ қағаз қойып, билеп жүріп соны жылжытады.
Вальс
«Ақ қайың»
Нурислам–Шұғыла, Ә. Темірлан–Шұғыла, Темірлан–Дильназ, Алмат–Әдемі, Айбек–Балауса, Бекжан–Унзиля
Ән
«Төлдер» — Біржан, Нұралы
Ойын
«Биші жұп»
Мақсаты: әдемі билей білуге тәрбиелеу.
Шарты: екі бала шарды екі жағынан қысып алып, қолмен ұстамай билейді.
Ән
«Қошақан» — Алишер, Сұлтан
Е. Мағжан, Бекарыс, Зухра, Перизат
Ән
«Әрқашан күн сөнбесін» — Асыл, Асанәлі, Теміржан, Алихан
Би
Өзбек биі — Мөлдір
Ескерту
Бағдарлама барысында балалардың өнерлері көрсетіліп, Аяз ата мен Ақшақарға арналған құттықтаулар жалғасады.
Қорытынды
Аяз ата
Балалар, біздің әлі де баратын жеріміз көп. Бізді өздеріңдей балалар тосып отыр. Келесі Жаңа жылға дейін сау болыңдар!
Балалар
Сау болыңыз, Аяз ата! Сау болыңыз, Ақшақар!
Жүргізуші
Құттықтау сөз кезегі ата-аналарға беріледі. Енді балалар топ болып өз кабинеттеріне барып, Аяз ата қалдырған сыйлықтарды алайық.
Осымен Жаңа жыл кешіне арналған мерекелік бағдарламамыз аяқталды. Сау болыңыздар!