Өрнектерді түрлендіруде негізгі тригонометриялық тепе - теңдіктерді қолдану
9-сынып
Дайындаған: Мақсұт Нұрсара Мұқатайқызы
Сабақтың тақырыбы
Өрнектерді түрлендіруде негізгі тригонометриялық тепе-теңдіктерді қолдану
Сабақтың типі
Білімді бекіту сабағы
Сабақтың формасы
Топтық, жұптық және жеке жұмыс
Оқытылатын технологиялар
- Ақпараттық-коммуникациялық технологиялар
- Құзыреттілікті қалыптастыруға бағытталған оқыту
- Модульдік оқыту технологиясы
Әдістері мен оқыту формалары
- Оқушылардың топтағы өзіндік жұмысы
- Картография сызбасы
- ҚБТ: практикалық тапсырма және ашық тест
- Өзіндік бағалау
Қажетті құрал-жабдықтар
Қолданылған әдебиеттер
- Оқулық: Алгебра — Шыныбеков, Алматы: «Атамұра»
- Б. Г. Зив, В. А. Гольдич — «Дидактические материалы», 9 класс, Санкт-Петербург
Сабақтың мақсаты
Өрнектерді түрлендіруде негізгі тригонометриялық тепе-теңдіктерді пайдаланып, есептерді әртүрлі тәсілдермен шешу арқылы оқушылардың біліктілік дағдыларының қалыптасуын және меңгеру деңгейін анықтау.
Міндеттері
Білімдік
Негізгі тригонометриялық тепе-теңдіктерді меңгерту; өрнектерді ықшамдау және тепе-теңдікті дәлелдеу дағдыларын қалыптастыру.
Дамытушылық
Тригонометрия бойынша қосымша мәліметтерді қарастыра отырып, құзыреттілікке бағытталған тапсырмаларды жеке, жұптық және топтық форматта орындату.
Тәрбиелік
Өзара сыйластыққа тәрбиелеу; топта жұмыс істеу дағдыларын қалыптастыру; өзін-өзі және сыныптастарының жұмыс нәтижесін бағалай білу.
Күтілетін нәтижелер
- Тригонометриялық функциялардың қасиеттерін біледі.
- Негізгі тригонометриялық тепе-теңдіктерді біледі.
- Тепе-теңдікті дәлелдей алады.
- Тақырыпты өмірмен байланыстырып түсіндіре алады.
- Топпен жұмыс арқылы сыйластық пен жауапкершілігі артады, өзіне талап қоя біледі.
Құзыреттіліктер
Пәндік құзыреттілік
Тригонометрия тақырыбын қосымша мәліметтермен толықтыра отырып, өрнектерді түрлендіруде негізгі тригонометриялық тепе-теңдіктерді қолдана алу.
Құндылық-мағыналық құзыреттілік
Алған білімнің өмірмен байланысын түсіну; өзіндік білім алу және ізденіс арқылы білім қалыптастыру.
Ақпараттық құзыреттілік
Қосымша материалдарды өз бетімен салыстырып, талдау жасау; қажетті мәліметтерді жинақтау.
Коммуникативтік құзыреттілік
Топта және жеке жұмыс жасай білу; ынтымақтастықта әрекет ету; мақсатқа жету жолдарын бірлесе талқылау; дұрыс сұрақтар қою арқылы тақырыптың мәнін ашу.
Өзіндік менеджмент құзыреттілігі
Проблемалық сұрақтарға жауап беру және күрделі құрылымды тапсырмаларды орындаудың тиімді жолын таңдай алу.
Сабақтың барысы: ұйымдастыру кезеңі (1 минут)
1) Топқа бөлу
- Мұғалім оқушыларды түрлі түсті таратпа қағаздар арқылы 3 топқа бөледі.
- Топқа бөлу сурет арқылы жүзеге асады; сыныпта дыбыссыз қадам тәртібі сақталады.
1-топ
Синус
Көк түс
2-топ
Косинус
Қызыл түс
3-топ
Тангенс, котангенс
Жасыл түс
2) «Миға шабуыл»: тақырыпқа шығу
Полиглот — ребус
- Үш — tri
- От — огонь
- 2341
- Ұзындық өлшемі — метр
- «и» мен «я» әріптері
Қорытынды: «Тригонометрия» ұғымына келу.
«Тригонометрия еліне хош келіпсіздер»
Оқушылардың назарын сабақтың мақсатына бағыттау.
3) «Сен — маған, мен — саған»
Әр топ бір-біріне қысқа хат жолдап, алдыңғы білімдері мен күтілімдерін бөліседі.
4) Бос орынды толтыру
Сұрақтар
- Сабақтың тақырыбы қандай?
- Бүгін біз немен айналысамыз?
- Неге бұл тақырып маңызды?
Ауызша мадақтау
«Жарайсың», «Керемет», «Өте жақсы».
Тақырып пен мақсатты нақтылау
Бүгінгі тақырып
Өрнектерді түрлендіруде негізгі тригонометриялық тепе-теңдіктерді қолдану
Жұмыс форматы
Оқушылар тапсырма деңгейін таңдап, A, B, C топтарына жиналып жұмыс жасайды.