Кальций және оның қосылыстары
Сабақ туралы қысқаша мәлімет
Батыс Қазақстан облысы, Орал қаласы, дарынды балаларға арналған мамандандырылған С. Сейфуллин атындағы №11 облыстық қазақ мектеп-интернат кешені. Химия пәнінің мұғалімі: Темиралиева Аяжан Джигеровна.
Сабақтың тақырыбы: «Кальций және оның қосылыстары. Судың кермектілігі».
Сабақтың мақсаты
Білімділік
Периодтық жүйедегі орны арқылы кальций атомының құрылысы мен қасиеттерін, оның негізгі қосылыстарын және күнделікті өмірдегі қолданылу салаларын таныстыру. Алған білімді бекіту, ойлау қабілетін дамыту, білімге қызығушылығын және дүниетанымын кеңейту.
Дамытушылық
Оқушылардың өз бетінше және ұжыммен жұмыс істеу дағдыларын дамыту; есте сақтау мен ой-өрісті жетілдіру; өмірлік бақылаулар мен деректерді тиімді қолдануға және шығармашылықпен жұмыс істеуге үйрету.
Тәрбиелік
Ұйымшылдыққа, төзімділікке, ұқыптылыққа және жауапкершілікке тәрбиелеу.
Әдістер мен ресурстар
Сабақ әдістері
- Сұрақ-жауап
- Зертханалық тәжірибе
- Топтық жұмыс
- Тірек-сызбалармен жұмыс
Көрнекілік
- Д. И. Менделеев кестесі
- Интерактивті тақта
- Үлестірме тапсырмалар
Реактивтер
Құрал-жабдықтар
- Ұстағыш
- Кәрден табақша
- Газ өткізгіш түтік
- Пробирка
Сабақтың барысы
Ұйымдастыру
Сыныпты сабаққа дайындау, жұмыс форматын нақтылау.
Үй тапсырмасын тексеру
Қайталау сұрақтары арқылы білімді нақтылау.
Жаңа сабақ
Тақырыпқа кіріспе және жаңа ұғымдарды ашу.
Бекіту
Тапсырмалар мен ізденіс жұмыстары арқылы бекіту.
Үй тапсырмасы
Келесі сабаққа дайындық тапсырмаларын беру.
I. Ұйымдастыру кезеңі
Топқа бөлу және жұмысқа кірісу
- Оқушылар үш топқа бөлінеді: оқушылық, эвристикалық, шығармашылық.
- Үлестірме материалдар таратылады, әр топтың алдына қажетті зертханалық құрал-жабдықтар мен реактивтер қойылады.
- Сабақ жоспары таныстырылып, жұмыстың кезеңдері түсіндіріледі.
Негізгі бөлімнің құрылымы
- 1 «Қайталау – оқу анасы»
- 2 «Тапқыр болсаң, тауып көр!»
- 3 «Білгенге маржан»
- 4 «Жадыңда сақта!»
- 5 «Көргенімді есімде сақтаймын»
- 6 «Ізденген жетер мұратқа!» (бекіту)
Жоспар түсіндірілгеннен кейін әр топқа үлестірме тапсырмалар беріледі.
II. Үй тапсырмасын тексеру
1-бөлім. «Қайталау – оқу анасы»
Төмендегі сұрақ-жауаптар арқылы алдыңғы тақырыптар бойынша білім жүйеленеді.
1) «Кендер» деп нені айтады?
Өнеркәсіптік әдіспен металдар алынатын минералдар кендер деп аталады.
2) Қазақстан қазба байлықтарының металлогендік картасын жасаған кім?
Қ. И. Сәтбаев.
3) Жемірілу (коррозия) деген не?
Қоршаған орта факторларының әсерінен металдың бүліну (желіну) құбылысы жемірілу (коррозия) деп аталады.
4) Жұмсақ металл?
Натрий.
5) Электролиттік диссоциация теориясын ашқан ғалым?
С. Аррениус.
6) Кремний қышқылының тұздары қалай аталады?
Силикаттар.
7) Сұйық металл?
Сынап.
8) Күміс қасық шыны стақанға қарағанда жылуды неше есе жақсы өткізеді?
500 есе.
9) Ең қиын балқитын металл?
Вольфрам.
10) Қанның құрамында кездесетін металл?
Темір.
11) Металдарды олардың қосылыстарынан химиялық белсендірек металдармен тотықсыздандыру әдісі қалай аталады?
Металлотермия.
12) Шынының формуласы қандай?
Na2O · CaO · 6SiO2 (тақтаға жазылады)
III. Жаңа сабақ
2-бөлім. «Тапқыр болсаң, тауып көр!»
Кроссворд шешу арқылы бүгінгі тақырыптың атауы анықталады: «Кальций және оның қосылыстары. Судың кермектілігі».