Белгілі бір мерекелерде, аламан тойларда бәйге жариялау қазақ халқының ежелгі салт дәстүрі
Математика • 2-сынып
100 көлеміндегі сандарды таңбаша қосу және азайту
Ондықтан аттап қосу мен азайтуға арналған пысықтау тапсырмалары арқылы білімді бекітуге бағытталған жарыс сабақ.
Сабақтың мақсаты
- Өтіп жатқан тақырыпты тиянақтау: түрлі тапсырмалар арқылы негізгі мазмұнды қамтып, білімді бекіту; ауызша және жазбаша есептерді шығару дағдысын дамыту, шығару жолын есте сақтауды қалыптастыру.
- Топтық жұмыс арқылы қарым-қатынасты нығайту: әр оқушының жеке даму деңгейін көтеруге, өз орнын таба білуге және алға ұмтыла еңбек етуге тәрбиелеу.
- Ойлау қабілетін шыңдау: шапшаңдыққа, ізденімпаздыққа және өзіне деген сенімділікке баулу.
Сабақ түрі
Жарыс сабағы.
Әдіс-тәсілдер
Талдау, сұрақ-жауап, топтық және жеке жұмыс.
Көрнекіліктер
Сабақтың жүру барысы
I. Ұйымдастыру кезеңі: қызығушылықты ояту
Күн жарығын алақанға саламын,
Жүрегіме басып ұстай қаламын.
Ізгі әрі нәзік, жарық, мейірімді,
Болып кетер сонда дереу жан-жағым.
Осындай жылумен бүгінгі сабағымызды бастаймыз.
II. Үй тапсырмасын тексеру
№5 тапсырма
Баған түрінде орындау, дұрыстығын тексеру.
Тапсырма оқушыларға кезекпен оқытылып, нәтижесі бірге талданып тексеріледі.
III. Жаңа сабақ: «Бәйге» жарыс сабағы
Бүгінгі сабағымыз ерекше форматта өтеді. Алдағы уақытта не істейтінімізді өздерің анықтайсыңдар: тақтадағы кестеде берілген сандардың орналасуына сәйкес әріптерді орнына қойып, шыққан сөздерді оқимыз.
Бәйге дегеніміз не?
Бәйге — қазақ халқының ұлттық ойындарының бірі, яғни ат жарысы. Белгілі мерекелер мен аламан тойларда бәйге жариялау — ежелден келе жатқан дәстүр. Жүйріктерді арнайы күтіп-баптап, жарысқа дайындаған. Бәйгеге көбіне балалар мінген, кейде қыздар да қатысқан, себебі олардың салмағы жеңіл болған — бұл аттың шабуына қолайлы.
Сабақ ережесі
- Бүгінгі сабағымыз «Бәйге жарысы» деп аталады.
- Оқулықтағы және қосымша тапсырмаларды орындаймыз.
- Әр дұрыс орындалған тапсырма — 1 шақырым.
- Барлығы 10 тапсырма орындасақ — 10 шақырым «шабамыз».
- Тапсырмаларды қатесіз орындап, мәреге бірінші жеткен топ — жеңімпаз.
Келістік пе?
Ендеше, сандықтың ішінен әр топ өздерің мінетін жүйрік тұлпардың атын таңдап аласыңдар.