Мұхтар ШахановАлғыс айтып өтем саған(Рысбек Тұрысбековке)О бастан - ақ Мен Сен болғам, Сен, әрине, Мен едің, Екеуміз қос желкені едік достық атты кеменің

Мұхтар Шаханов

Алғыс айтып өтем саған
(Рысбек Тұрысбековке)

О бастан - ақ Мен Сен болғам,
Сен, әрине, Мен едің,
Екеуміз қос желкені едік достық атты кеменің.
Келер таңға қиял жалғап, сыр толғасып кей күн біз
Шын досы жоқ адамдарды аяу керек дейтінбіз.
Адал достық құдіретін ешбір сезім бөгемес,
Тіпті көзсіз махаббаттан оның даңқы кем емес.
Тірліктегі менің әрбір өрісім мен жеңісім
Ең негізгі қуаныш боп есептелді сен үшін.
Қалжыраған сәттерімде қайғы - мұңмен қағысып,
Пейіліңді қанат етіп, сен жетуші ең ап ұшып.
Енді бейнең алыс тартты қалың тұман ішінде,
Еш айырма болмап еді сөзің менен ісіңде.
Зор пенделік тарту күшін жеңе алғанын үшін де,
Саф адалдық ауасымен дем алғаның үшін де,
Маған шексіз және шетсіздене алғаның үшін де,
Алғыс айтып өтем саған өңім түгіл түсімде.



Ұқсас жұмыстар

Жарасқан Әбдірашевтің ақындық мұрасы
КҮЛӘШ АХМЕТОВА ӘЛЕМІ ЖӘНЕ ПОЭЗИЯ
Ғабит мүсірепов қазақ солдаты роман
Өлеңдер жинағы
Тимур және оның командасы
Мемлекеттік тілді деңгейлік оқыту технологиясы
М.Шаханов – халқымыздың ұлттық қасиетін қастерлеуші ақын
Аударма өнері – идеология майданындағы зор құралдардың бірі
Абай - лирик ақын
Ұрпақ тәрбиесі – ұлт болашағы
Бу қазандықтары мен шаң дайындау жүйелері есебі
Аурудың тұрақтылығы және даму себебі
ТҮМЕН ҰЛЫ МҮДЕ ҚАҒАН
Дербес компьютерлердің шығу тарихы
ҚР қоғамдық жаңа даму кезеңінде жоғары білім беру
Коммерциялық ақпарат пен коммерциялық кұпия мәні және оны қорғау
ҚР «Халық Банкі» АҚ құрылымы
ДОМАЛАҚ АНА