Сабақтың әдісі. Жаңа сабақ

Сабақ туралы мәлімет

Сабақтың түрі
(ашық сабақ) ертегі сабақ
Пән
Сауат ашу, 1-сынып
Сабақтың тақырыбы
Ү дыбысы мен әрпі
Көрнекілігі
Әріптер, оқулық, суреттер, интерактивті тақта
Әдіс-тәсілдер
Ой қозғау, топтастыру, тізбектей оқу, ойын, сұрақ-жауап, түсіндіру
Пәнаралық байланыс
Дүниетану, тіл дамыту

Сабақтың мақсаттары

Білімділік

Ү дыбысы мен әрпін таныту; осы дыбыс арқылы берілген сөздерді оқуға үйрету; Ү дыбысының жіңішке дауысты дыбыс екенін түсіндіру. Ү әрпінің баспа және жазба түрлерімен таныстыру.

Дамытушылық

Ү дыбысына байланысты жаңа сөздермен жұмыс арқылы оқушылардың ой-өрісін, тілін, сөздік қорын дамыту, дүниетанымын кеңейту.

Тәрбиелік

Адамгершілікке, еңбексүйгіштікке, табиғатты сүюге баулу; құстарды қорғауға тәрбиелеу.

Сабақтың барысы

I. Ұйымдастыру кезеңі

Бүгінгі қонақтарға өз білімімізді көрсетейік.

II. Психологиялық дайындық

Үлкенге де сіз,
Кішіге де сіз,
Сәлем бердік сіздерге
Құрметпенен біз.

III. Алдыңғы білімді белсендіру (сұрақ-жауап)

  • Қазақ тілінде қанша әріп бар?
  • Дыбыс деген не?
  • Әріп деп нені айтамыз?
  • Дыбыстар нешеге бөлінеді?
  • Дауысты және дауыссыз дыбыстар нешеге бөлінеді?

IV. Дауысты және дауыссыз дыбыстарды ажырату

Дыбыстарды тиісті ұяшықтарға орналастыру (топтастыру жұмысы).

V. Өткенді пысықтау

Ө дыбысын қайталау.

VI. Жаңа сабақ: Ү дыбысы мен әрпі

Тақтада «Бауырсақ» ертегісінің суреті көрсетіледі. Оқушылар кейіпкерлерін атайды. Бауырсақты түлкіге жегізбеу үшін жабайы аңдардың тапсырмаларын орындаймыз. Сол арқылы Ү дыбысымен танысамыз.

Сабаққа белсенді қатысқан оқушыларға ата мен әженің сыйлығы бар. Оның не екенін сабақ соңында білеміз (гүлдер таратылады).

1) Қоянның тапсырмасы: сөзжұмбақ шешу

Ой қозғау
  1. Кезікті бір жануар, үстінде екі тауы бар.
  2. Көру мүшесі не?
  3. Не — білім бұлағы?

Қандай сөз шықты? «Үкі» сөзі қандай дыбыстан басталады?

Хормен айту: Ү-ү-ү.

Үжіңішке дауысты дыбыс, созылып айтылады. Айтқанда ерін сүйірленіп алға жылжиды, тіл артқа ығысады, иек көтеріледі.

Ү дыбысына ұқсас дыбыс бар ма? Ү және Ұ дыбыстарын салыстыру (кеспе әріптер).

  • Ү — жіңішке дауысты дыбыс.
  • Ұ — жуан дауысты дыбыс; таңбасында белінен сызылған элемент бар.

Суретпен жұмыс

Сөздерді буынға бөлу, сөйлем құрау.

Қосымша материал

Г-ден баста мен кілең,
Ажарымын өңірдің.
К-ден баста мен кілең,
Қалдығымын көмірдің.

Т-дан бастап оқысаң,
Аты аңыз қу аңмын.
К болса басқы әрпім,
Езу тартып қуандың.

Мысалдар: гүл — күл, түлкі — күлкі.

Сергіту сәті

Қимыл-қозғалыс арқылы бой сергіту.

2) Қасқырдың тапсырмасы: оқулықпен жұмыс

Тізбектей оқу
  • Қатар бойынша тізбектеп оқыту.
  • «Білеміз бе?» ойыны.
  • «Сөздік қоржын»: жаңа сөздермен танысу.

3) Аюдың тапсырмасы: дәптермен жұмыс

Жазылым
  • Әріпті ауада жазып, қол жаттықтыру.
  • Ү дыбысының бас және кіші әріптерін жазу: Ү, ү.

4) Түлкінің тапсырмасы: ой тастау

Жұмбақ

Жұмбақ шешу арқылы Ү дыбысы бар сөздерді табу және талдау.

Ертегінің түйіні

Бауырсақ ата мен әжесіне қайта оралады. Олар қатты қуанып, оқушыларға ризашылықтарын білдіреді.

VIII. Қорытынды (сұрақ-жауап)

  • Бүгін біз қандай дыбыспен таныстық?
  • Ү дыбысы қандай дыбыс?
  • Ү дыбысына байланысты сөздер айтыңдар.

IX. Үй тапсырмасы және мадақтау

Үй тапсырмасын беру, оқушыларды мадақтау. Сабақ аяқталды. Сау болыңыздар!

Автор туралы

Тілеубай Бижан

Қарағанды облысы, Шет ауданы, Ақой ауылы
Жалпы білім беретін Ақой орта мектебі
Бастауыш сынып мұғалімі

Ескертпе

Слайдтар (1–11) сабақ кезеңдеріне сәйкес қолданылып, сұрақ-жауап, топтастыру, суретпен жұмыс, сергіту және қорытынды бөлімдерін визуалды қолдайды.