Қателескен кім

Сабақтың тақырыбы

5-сынып математика: мәтінмен берілген есептерді шығару.

Сабақтың түрі

Аралас сабақ

Сабақтың типі

Оқушылардың білімін жүйелеу сабағы

Әдістері

Түсіндіру, баяндау, сұрақ-жауап, талдау, есеп шығару

Сабақтың мақсаты

Білімділік

Мәтінмен берілген есептердің мағынасын түсініп оқу, дұрыс талдау, негізгі мәселені ажырата білу дағдыларын қалыптастыру. Алған білімдерін есеп шығару барысында қолдануға үйрету.

Дамытушылық

Математикаға қызығушылықты арттыру; талдау, саралау, салыстыру, қолдану, есте сақтау, іздену және логикалық ойлау қабілеттерін дамыту. Тез есептеу дағдыларын жетілдіру.

Тәрбиелілік

Сыни тұрғыдан ойлау, дұрыс түсініп қорытынды шығару, ойын ашық жеткізу, сабаққа белсенді қатысу және өз еңбегі мен өзгенің еңбегін бағалай білуге тәрбиелеу.

Көрнекіліктер

  • Интерактивті тақта
  • Кеспе қағаздар
  • Жетондар
  • Тест тапсырмалары
  • Сызба-суреттер, формулалар

Сабақтың барысы

I. Ұйымдастыру

  • Оқушылармен сәлемдесу, сабаққа дайындығын және қатысуын тексеру.
  • Сыныпты 2 топқа бөлу.
  • Сабақтың тақырыбы мен мақсатымен таныстыру.

II. Үй тапсырмасын тексеру

1) Оқыту арқылы тексеру

№971; №1007

2) Сұрақ-жауап

  1. Ондық бөлшектер қалай қосылады?
  2. Ондық бөлшектерді қосқанда қосудың қандай қасиеттері орындалады?
  3. Ондық бөлшектерді қалай азайтамыз?
  4. Натурал саннан ондық бөлшекті қалай азайтамыз?
  5. Жартыны ондық бөлшек түрінде қалай жазамыз?
  6. Ширекті ондық бөлшек түрінде қалай жазамыз?

3) «Кім жылдам?»

Топ жетекшілері кеспе қағаздармен тапсырма береді; шығарылған есеп санына қарай жетон беріледі.

A Б В Г
1 3,89 0,253 4,16 2,5
2 1,23 6,2 3 4,7
3 0,245 5,21 5,023 0,291
4 4 12 6,4 2

Тапсырма үлгілері: A1 + Б6, В3 − Г2 және т.б.

III. Жаңа білімді меңгерту

Жаттығуға арналған мәтіндік есептер туралы түсінік беріледі: есеп шартын мұқият оқу, берілгендерін дұрыс жазу, талдау жасау және шешу жолын негіздеу.

1-мысал

Ағынсыз судағы қайықтың жылдамдығы 13,4 км/сағ, ал өзен ағысының жылдамдығы 1,7 км/сағ. Қайық 1 сағатта ағысқа қарсы қандай қашықтық жүреді?

13,4 − 1,7 = 11,7

Жауабы: 11,7 км

2-мысал

AB кесіндісі бір нүкте арқылы екі бөлікке бөлінген. Бірінші бөліктің ұзындығы 5,6 см, екінші бөліктің ұзындығы 4,2 см. AB кесіндісінің ұзындығын табыңдар.

AB = AC + CB = 5,6 + 4,2 = 9,8

Жауабы: 9,8 см

3-мысал

Көлемдері бірдей (1 см³) мыс, күміс және алтын алынды. Мыстың массасы 8,9 г, күміс мыстан 1,6 г ауыр, алтын күмістен 8,8 г ауыр. Алтынның массасын табыңдар.

(8,9 + 1,6) + 8,8 = 19,3

Жауабы: 19,3 г

4-мысал

Ит 9,1 м/с жылдамдықпен өзінен 26,45 м қашықтықта отырған қоянға қарай жүгірді. 1 секундтан соң ит пен қоянның арақашықтығы қанша метр болады?

26,45 − 9,1 = 17,35

Жауабы: 17,35 м

5-мысал

Үшбұрыштың периметрі 6,7 см. Бір қабырғасы 2,3 см, екінші қабырғасы біріншісінен 0,5 см ұзын. Үшінші қабырғаның ұзындығын табыңдар.

AC = 2,3 + 0,5 = 2,8

BC = 6,7 − (2,3 + 2,8) = 1,6

Жауабы: 1,6 см

Ескерту

Есептің жауабын міндетті түрде өлшем бірлігімен жазыңдар (км, см, г, м).

IV. Сергіту сәті («Кім жылдам?»)

  1. Алманың жартысы неге ұқсайды?
  2. «Математика» сөзінде неше әріп бар?
  3. 15 минут — бір сағаттың қандай бөлігі?
  4. Тәулікте неше сағат бар?
  5. Көбейтінді қай кезде нөлге тең болады?
  6. Ширек ғасырда неше жыл бар?
  7. 1 — жай сан ба, әлде құрама сан ба?

V. Оқулықпен жұмыс

Есептер шығару: №959, №964, №976, №1003, №1005.

VI. Бекіту (интерактивті тақтада)

1) «Кім қателесті?» (логикалық есеп)

Бір шаруа ақшадан қысылып, өсімқор көршісінен екі теңге қарыз сұрайды. Көршісі қарыз беруге келісіп, мынадай шарт қояды: «Мен саған екі теңге емес, 200 тиын беремін, бірақ сен оны маған өзін-өзі көбейткендегі өсіммен қайтарасың», — дейді. Қиналып тұрған шаруа бірден келіседі: «Екі теңгесі не, екі жүз тиыны не — бәрібір емес пе?» деп ойлайды. Белгілі мерзімнен кейін шаруа көршісіне 4 теңге әкеліп береді. Бірақ көршісі 4 теңгенің аз екенін айтып дау шығарады.

Сұрақтар: Қателескен кім? Көрші шаруадан қанша теңге қайтаруын талап етті?

2) Шығармашылық тапсырма

Суреттердің бірнеше бөлігін бояп, боялған және боялмаған бөліктерді ондық бөлшек түрінде жазыңдар.

3) Баламалы тест тапсырмасы

1. Ондық бөлшек түрінде жаз:

27/5

  • A) 3,4
  • Ә) 0,34
  • Б) 0,034
  • В) 34

2. Қосуды орында:

19,07 + 3,23

  • A) 2,3
  • Ә) 22,3
  • Б) 0,223
  • В) 0,2230

3. Теңдеуді шеш:

x − (17,035 − 13,965) = 220,1

  • A) 22,348
  • Ә) 2,23485
  • Б) 223,485
  • В) 223

4. Ондық бөлшектерді азайт:

8,65 − 7,75

  • A) 3,4
  • Ә) 0,9
  • Б) 0,09
  • В) 9

5. Ондық бөлшекті жай бөлшекке айналдыр:

4,34

  • A) 434/100
  • Ә) 34/10
  • Б) 434/1000
  • В) 34/100

VII. Қорытынды және бағалау

Бағалау

Бағалау парағы арқылы қорытынды баға қою.

Рефлексия

«Бүгін сабақта не істедік?» сұрағына қысқаша жауап беру.

Кесте

Білемін
_____
Үйренгенім
_____
Білгім келеді
_____

VIII. Үй тапсырмасы

  • №972, №1004
  • Шығармашылық тапсырма: №1007