Тәуелсіздік - тәу етер тұғырым атты әдеби кеш1 - жүргізуші

Әдеби кеш: «Тәуелсіздік – тәу етер тұғырым»

Тәуелсіздіктің 22 жылдық мерекесіне арналған әдеби кештің жүргізушілер мәтіні редакцияланып, тілдік тұрғыдан ықшамдалып берілді.

1-жүргізуші

Кіріспе

Қайырлы күн, қонақтар, ұстаздар, оқушылар!

Тәуелсіздік — 11 әріптен құралған,
Сан ғасырлар әр қазаққа болған арман.
Талай дара, даналардың көз жасы
Қанымен атты таң боп бізге алаң.

Тәуелсіздік — ата-бабам аңсаған,
Жете алмай құрбан болды қанша адам.
Махамбеттер, кешегі өткен Қайраттар —
Әр кезеңде сен деп ерлік жасаған.

Тәуелсіз ел тарихы — отаншылдықтың, ерліктің, елдіктің не екенін дәлелдейтін, тамыры терең бай тарих. Егемен еліміздің ертеңін нұрландырар барыс текті, намысты ұрпақ бойында ұлттық сана көрініс тапса, ақыл-ойы мен жүрегінде туған жері мен еліне деген сүйіспеншілік орнықса — бұл еліміздің дамуы мен өркениетке ұмтылуы жолындағы нәтижелі қадам болмақ.

2-жүргізуші

Қош келдіңіздер

Тәуелсіздіктің 22 жылдық мерекесіне арналған «Тәуелсіздік – тәу етер тұғырым» атты кешімізге қош келдіңіздер!

Тәуелсіздік — менің байтақ Отаным,
Бір өзіңсіз Мұхтарым, Абайым, Шоқаным.
Тәуелсіздік — сәбилердің шаттығы,
Тәуелсіздік — атаның ақ батасы.

Тәуелсіздік, тәуелсіз — жыр-әнім,
Көк байрағым, Елтаңбам, Әнұраным.
Атыңнан айналайын, Тәуелсіздік,
Қолда елімді, қасиетті Құраным.

Тарих еске алуды ұнатады. Ал біздің тарихымыз, Құдайға шүкір, жеткілікті. Тарихтың қуанышпен еске алатын тұстары да, өкінішпен қарайтын кездері де болады. Ендеше, маңызы зор Тәуелсіздігіміздің тарих беттеріне бір сәт шегініс жасайық.

Негізгі ой

Тәуелсіздік

Елдің еңсесін көтерген, сан ұрпақ аңсаған асыл құндылық.

Тарих

Қуанышы мен қасіреті қатар өрілген, елдіктің айғағы.

Ұлттық сана

Туған жерге сүйіспеншілік пен жауапкершілікті тереңдететін тірек.