М. Әуезов Көксерек әңгімесі

Сабақтың мақсаты

Білімділік

  • Әңгіменің идеясын жан-жақты талдау арқылы ашу.
  • «Көксерек» бойынша өткен білімді жүйелеу және бекіту.
  • Қасқыр бейнесі туралы пайымдауларды жинақтау.

Дамытушылық

  • Сөздік қорды байыту, байланыстырып сөйлеу дағдыларын дамыту.
  • Ортақ шешімге келу және пікірді дәлелдеп айтуға үйрету.

Тәрбиелік

  • Бірлесе жұмыс істеуге, ұйымшылдыққа баулу.
  • Қарым-қатынас мәдениетін қалыптастыру.

Сабақтың барысы

I. Ұйымдастыру кезеңі

Психологиялық тренинг

«Жүректен шыққан жылы сөз»: оқушылар бір-біріне смайлик-доп арқылы жылы лебіз айтып, сабаққа жағымды көңіл күй қалыптастырады. «Жылы сөз жанға қуат береді» қағидасын тәжірибеде сезіндіру көзделеді.

Ұйымдастыру жұмыстары

  • Амандасу, сабаққа назар аударту.
  • Қатысымды анықтау.
  • Құрал-жабдықтарды тексеру.
  • Суреттер арқылы топқа бөлу.

Топтар:

  • 1-топ: Құрмаш
  • 2-топ: Көксерек

Ескерту: әр топтың жетекшісі жауап берген оқушыларды белгілеп отырады.

II. Үй тапсырмасын тексеру

Бейнеүзінді

«Көксерек» фильмінен үзінді көрсетіледі. Мақсат — оқиға желісін қайта жаңғыртып, бүгінгі қорытындылауға негіз дайындау.

Мағынаны тану: сұрақ-жауап

Жеке және топтық жұмыс арқылы оқушылар шығарма мазмұнын қаншалықты меңгергенін дәлелдейді. Төмендегі бөлімдер бойынша талдау сұрақтарына жауап беріледі.

I бөлім: Қасқырлар мекені

  1. Қасқырлар қай жерді мекендеді?
  2. Олар немен және қалай қоректенді?

II бөлім: «Екі аяқтылардың» қатігездігі. Бөлтіріктер тағдыры

  1. Мүйіз тұяқтылармен келген екі аяқтылар қандай қатыгездік жасады?
  2. Неліктен бөлтіріктерді көздеріне қарап өлтірді?

III бөлім: Құрмаштың мейірімі

  1. Құрмаш Көксерекке қандай қамқорлық жасады?
  2. Көксерек қандай тағылық қылықтар көрсетті?

IV бөлім: Көксерек — ауыл тұрғыны

  1. Көксерек қандай қорлық көрді?
  2. Ала төбеттен қалай кегін алды?

V бөлім: Көксеректің ауылдан кетуі. Ұяласымен табысуы

  1. Көксерек ұяласымен қалай табысты?

VI бөлім: Қараадыр еліндегі мазасыздық. Тағылардың тағылық істері

  1. Қараадыр елінде неліктен қайтадан мазасыздық туды?
  2. Тағылар қандай тағылық іс жасады?

VII бөлім: Құрмаштың қазасы. Көксеректің жазасын тартуы. Әженің зары

  1. Құрмаш қалай қаза болды?
  2. Көксерекке қандай жаза берілді?

III. Сергіту сәті

Қысқа сергіту жаттығулары арқылы зейін жинақталып, келесі тапсырмаларға дайындық жасалады.

IV. Топтық жұмыс: постер құру

1-тапсырма

Қасқырдың қасиеттерін сипаттап, постерде көрсетіңіз.

2-тапсырма

Адамдардың іс-әрекеті мен мінез-құлқындағы қасиеттерді сипаттап, постерде көрсетіңіз.

V. Шығармашылық жұмыс: ой толғаныс

Еркін жазу стратегиясы

«Егер мен автор болсам…» — әңгімені оқушының өз қиялымен, көңіл күйді көтеретіндей етіп аяқтап жазуы. Мақсат: мәтін идеясына сүйене отырып, өзіндік көзқарас білдіру және шығармашылық қабілетті дамыту.

VI. Сабақты бекіту: «Сиқырлы сандықша» сұрақтары

Әр топқа тақырып бойынша сұрақтар қойылады. Түсініксіз тұстарға бағыт беріліп, жауаптар нақтыланады.

  1. Ауыл адамдары Көксеректі неге жек көрді және жазалады?
  2. Неліктен Көксерек адамдар ортасына үйренісіп кете алмады?
  3. Көксерек ауылдан не үшін қашып кетті?
  4. Неліктен Көксерек Құрмаштан гөрі ақ қасқырмен тез бауырласты?
  5. Құрмаш қалай қаза болды?
  6. Көксерек туралы ел адамдары не деді?

VII. Қорытынды

Адам да, жануар да — табиғат жаратылысы. Әрқайсысы өмір сүру және ұрпақ жалғастыру үшін тіршілік етеді. Қасқыр — жыртқыш болғанымен, ол да тірі иесі. Мұны адам баласы түсіне білуі керек.

Қасқыр апанын бұзу, бөлтіріктерін өлтіру — адамның табиғатқа жасаған қиянаты. Табиғат — тал бесік. Табиғатты аялаңдар, адамдар: жыртқыш болсын, мейлі құс болсын — бәрі жер-ананың перзенті. Перзенті жапа шексе, жер-ана да көз жасын бұлайды.

VIII. Өзін-өзі бағалау және рефлексия

Оқушылар өз үлесін бағалап, сабақтағы түсінігін, қиындықтары мен жетістіктерін қысқаша қорытындылайды.

IX. Үй тапсырмасы

«Менің әңгімеден алған әсерім» тақырыбында эссе жазу.