Оқушыларға төрт түлік малдың пайдасы, адамзатөміріндегі маңызы туралы айтып ұғындыру

Сабақтың тақырыбы

Төрт түлік мал – ел байлығы.

Сабақтың мақсаты

  • Оқушыларға төрт түлік малдың пайдасын және адам өміріндегі маңызын түсіндіру.
  • Төрт түліктен алынатын өнімдер туралы нақты мәлімет беру.
  • Қазақтың ұлттық салт-дәстүрін сақтауға, ана тілін құрметтеуге, еңбекқорлыққа тәрбиелеу.
  • Сөздік қорын молайтып, сөйлеу мәдениетін жетілдіру, ойлау белсенділігін дамыту.

Кіріспе

«Елдің көркі — мал» деген нақыл сөздің өзінен-ақ қазақ халқы үшін малдың орны айрықша болғанын аңғаруға болады. Қазақ жұрты ежелден мал шаруашылығымен айналысып, ғасырлар бойы жинақталған тәжірибесі арқылы малдың өрісін, тіршілік ету ерекшелігін, қадір-қасиетін терең таныған.

Төрт түліктің еті мен сүті ғана емес, терісі, тіпті мүйізі мен сүйегіне дейін тұрмыс қажетіне жараған. Бүгінгі күні де мал шаруашылығы еліміз үшін маңызын жоймаған іргелі сала болып қала береді. Қазақстанның түкпір-түкпірінде бұл кәсіпті жалғастырып отырған көптеген шаруа қожалықтары бар.

Сондықтан халқымыздың қасиетті төрт түлікке қатысты ұғымдарын, бай мұрасын ұмытпай, күнделікті тіршілігімізде орнымен қолдана білу — маңызды міндет. Бүгінгі тәрбие сағаты осы тақырыпқа арналып, сабақ сайыс түрінде өткізіледі.

Сабақтың көрнекілігі

  • Төрт түлік мал бейнеленген суреттер
  • Буклеттер
  • Төрт түлікке арналған мақал-мәтелдер мен тыйым сөздер

Сабақтың жүру барысы

Ұйымдастыру

Мұғалім: «Сәлеметсіздер ме, құрметті ұстаздар мен оқушылар! “Төрт түлік мал – ел байлығы” тақырыбындағы тәрбие сағатымызды бастауға рұқсат етіңіздер.»

Сайыс форматы

Оқушылар алдын ала төрт топқа бөлінеді. Әр топ өз командасының атынан өнер додасына түседі.

Бағалау

Әрбір дұрыс жауап 5 балдық жүйемен бағаланады.

Сайыс жоспары (7 бөлім)

  1. 1 Сөз атасы — сәлем: әр топ өзін таныстырады.
  2. 2 Білгенге маржан: топ жетекшілері сайысы.
  3. 3 Өнер алды — бірлік: әр топ өз өнерін ортаға салады.
  4. 4 Кім жылдам? сурет құрастыру.
  5. 5 Ойнайық та ойлайық: жұмбақ шешу.
  6. 6 Мақал — сөздің мәйегі: мақал-мәтел айту сайысы.
  7. 7 Қорытынды: әділқазылар алқасының шешімі мен қорытынды сөзі.

Әділқазылар алқасын сайлау

Әділқазылар құрамы: ______________________________________

I бөлім: «Сөз атасы — сәлем»

Әр топ өзін таныстырып, ұранын айтады.

I топ — «Қошақандар»

Мә-мә деген әні бар, Жібек тоны — сәні бар. Қошақаным момақан, Сүйкімді бір жануар.

Ұран

Қошақанбыз момақан, жарысқа бүгін жол ашқан.

II топ — «Торпақтар»

Мө-мө деген әні бар, Үй маңынан табылар. Мөңіреген бұзауым — Маған үйір жануар.

Ұран

Торпақтармыз томпиған, жарысқа түссе қомпиған.

III топ — «Ботақандар»

Мөө-мөө деген әні бар, Енесін тез сағынар. Жібек жүнді ботақан — Мөлдір көзді жануар.

Ұран

Ботақанбыз маң басқан, жүлдеге бүгін таласқан.