Үлестіру құралдары
Ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің технологиялық картасы
Жалпы мәлімет
- Топ
- Ортаңғы топ
- Білім беру салалары
- Шығармашылық, Қатынас
- Бөлімі
- Сурет, Тіл дамыту
- Тақырыбы
- «Әжеме әдемі орамал»
Мақсаты
- Сурет салуда дәстүрден тыс әдістермен жұмыс істей алу қабілетін дамыту.
- Табиғи заттардан арнайы дайындалған бастырмаларды пайдаланып, өрнек құрастыруға үйрету.
- Кеңістікті бағдарлай білу біліктіліктерін арттыру.
- «Құс қанаты» ою-өрнегімен таныстыру.
- Отбасы және оның маңыздылығы туралы түсінікті нығайту.
- Отбасындағы әженің орнын түсіндіру, әжені сыйлауға және құрметтеуге тәрбиелеу.
Құрал-жабдықтар
Көрнекілік құралдар
- Отбасы туралы суреттер жинағы
- Әженің суреті
- Сурет үлгісі
- Әдемі орамал
- Кішкене сандық
- Ұлттық ою-өрнектердің суреттері
Үлестіру құралдары
- Әр балаға төртбұрыштап қиылған қағаз
- Табиғи заттардан жасалған бастырмалар
- Гуашь
- Губка
- Дымқыл салфетка
Билингвальды бөлік
Әже
Бабушка
Орамал
Платок
Іс-әрекет кезеңдері
Шаттық шеңбері
Өлең
Угай-ай, Ұшып жүрген аспанда, Ала қарға — угай-ай. Өлең айтып берейік, Апайларға — угай-ай. Угай, угай — әніміз, Арпа, бидай — дәніміз. Өлең айтып берейік, Апайларға — угай-ай.
Тәрбиешінің сөзі
Балалар, бүгін осындай шуақты күні жарық әрі кең бөлмеде сендерді көргеніме өте қуаныштымын.
Сұрақ-жауап және әңгіме
Көрнекілік
Тәрбиеші отбасы суретін көрсетеді.
Сұрақтар
- Балалар, суретке қараңдаршы. Бұл суретте кімдер бейнеленген?
- Оны бір сөзбен қалай айтуға болады?
Әже туралы
Тәрбиеші әженің суретін көрсетеді.
Сұрақтар
- Бұл кім?
- Орыс және ағылшын тілдерінде қалай атаймыз?
- Ендеше, бүгін біз әжелеріміз туралы әңгімелесеміз.