Теріс сандар

Қарама-қарсы сандар, бүтін сандар, рационал сандар

Бұл материал 6-сынып математика курсындағы қарама-қарсы сандар, бүтін сандар және рационал сандар тақырыптарын меңгеруге арналған. Негізгі мақсат — ұғымдарды түсіндіру, оларды есеп шығаруда қолдану және координаталық түзуде кескіндеуді қалыптастыру.

Сабақ негізделген оқу мақсаты

Қарама-қарсы сандар, бүтін сандар, рационал сандар туралы түсінікті дамыту және оны есептер шығаруда қолдануды қалыптастыру.

Тілдік мақсат

Оқушылар ұғымдарды мысалдар арқылы келтіріп, сипаттай алады, өз ойларын нақты жеткізеді.

Негізгі сөздер мен тіркестер

  • қарама-қарсы таңбалар
  • бүтін сандар
  • рационал сандар
  • нақты сандар жиыны

Сабақ мақсаттары

Барлық оқушылар

  • Тақырыптың мазмұнын меңгереді.
  • Сұрақтарға сыни тұрғыдан ойланып, еркін жауап береді.

Оқушылардың басым бөлігі

  • Қарама-қарсы, бүтін және рационал сандар ұғымын түсінеді.
  • Ұғымдарды есеп шығаруда тиімді қолданады.

Кейбір оқушылар

  • Теріс, бүтін және рационал сандарды қолдана отырып, нүктелердің координаталық түзуде орналасу себебін түсіндіреді.

Ұйымдастыру кезеңі

  • 1 «Жүректен жүрекке» тренингі арқылы оқушылар бір-бірімен амандасады.
  • 2 Топқа бөлу: әртүрлі суреттер таратылып, топ ережелері еске түсіріледі. Оқушылар топтық жұмысқа кіріседі.

Қызығушылықты ояту

«Егер мен…» ойыны (үй тапсырмасын тексеру)

Оқушылар сұрақтарға жауап беру арқылы алдыңғы білімді белсендіреді.

  1. 1. Санақ басы ретінде қандай сан алынған?
  2. 2. Теріс сандар қандай жағдайда міндетті түрде жақшамен жазылады?
  3. 3. Координаталық түзу дегеніміз не?
  4. 4. Координаталық түзудің бағыттарын атаңдар.
  5. 5. Мысал келтіріңдер.

Мағынаны тану

Топпен жұмыс: «Академиялық дау-дамай» әдісі

Жаңа тақырыпты түсіну үшін арнайы тапсырмалар ұсынылады. Әр топ өз дәлелін келтіріп, қорытынды жасайды.

1-топ тапсырмалары

  • Қарама-қарсы сандарды координаталық түзуде кескіндеу.
  • Қарама-қарсы санның ережесін тұжырымдау.
  • Оң, теріс және 0 санының қарама-қарсы мәндерін анықтау.
  • Бүтін сандар және рационал сандар жиынын ажырату, таңбалар ережесін қолдану.

Координаталық түзуде кескіндеу бойынша тапсырма

  • Координаталық түзу сызып, оның бойына 3 және −3, −1,5 және 1,5 сандарын белгілеңдер.
  • Белгіленген нүктелерді координата басынан қарағанда: ұқсастығын және айырмашылығын сипаттаңдар.
  • Берілген түзуде 2 және −2, 0,5 және −0,5 сандарын белгілеңдер.

2-топ тапсырмалары

  • Қарама-қарсы санның ережесін тұжырымдау.
  • Оң, теріс және 0 сандарының қарама-қарсы сандарын анықтау.

Анықтама

Бір-бірінен тек таңбасымен ғана ажыратылатын сандар қарама-қарсы сандар деп аталады.

Автор туралы

Камалова Шнар Болатовна

Алматы облысы, Жамбыл ауданы, Тарғап ауылы

Тарғап ауылындағы орта мектеп, мектепке дейінгі шағын орталығы бар КММ

Математика пәнінің мұғалімі