Тұщы судың бір көзі - өзен

Дүниетану

Өзен және көл

Бұл сабақта оқушылар өзен мен көл туралы түсінігін кеңейтіп, олардың айырмашылығын ажыратады. Ой-өрісін дамытып, тіл байлығын арттырады және ақпаратты жүйелі мазмұндау дағдысын қалыптастырады. Сонымен қатар өзен-көл жағасында тазалық сақтауға тәрбиеленеді.

Сабақ типі Аралас сабақ
Әдісі СТО технологиясы
Көрнекілігі Физикалық карта, суреттер, тірек-сызба, слайд

Негізгі мақсаттар

  • Өзен мен көл туралы түсінік қалыптастыру, айырмашылығын ұғындыру.
  • Ой-өрісті, тіл байлығын дамыту; жүйелі мазмұндау дағдысын жетілдіру.
  • Су көздерін қорғау, жағалауда тазалық сақтауға тәрбиелеу.

Кілтті сұрақтар

  • Адам тіршілігі үшін өзен мен көлдің маңызы қандай?
  • Өзен мен көлдің айырмашылығы неде?
  • Суды ұқыпты пайдаланудың қандай ережелері бар?

Сабақ барысы

I. Қызығушылықты ояту

1) Психологиялық дайындық

Сыныпта жағымды көңіл-күй қалыптастыруға бағытталған қысқа жаттығулар мен ынтымақтастық атмосферасын орнату.

2) Топқа бөлу

Оқушылар 4 топқа бөлінеді: Каспий, Сырдария, Жайық, Балқаш.

3) «Сұрақ қою» стратегиясы (үй тапсырмасы)

Алдыңғы тақырып: Жер асты сулары.

1-топ

Жер асты сулары қалай пайда болады?

2-топ

Жер асты сулары ағысының нәтижесінде не пайда болады?

3-топ

Минералды сулар қалай пайда болады?

4-топ

Адам өміріне шипалы сулардың қандай пайдасы бар?

4) Сөзжұмбақ

Сөзжұмбақты шешу арқылы сабақтың тақырыбы анықталады: «Өзен және көл».

II. Мағынаны тану

Топтық жұмыс

  • Адам тіршілігі үшін өзен мен көлдің маңызы.
  • Өзен мен көлдің айырмашылығы.

Топ тапсырмалары

1-топ

Қазақстан өзендері туралы мәлімет ұсынады.

2-топ

Қазақстан көлдері туралы мәлімет ұсынады.

3-топ

Көлдер мен өзендердің орналасуын сызба/сурет арқылы көрсетеді.

4-топ

Өзен, көл және су туралы мақал-мәтелдер жинақтайды.

Оқулықпен жұмыс

Әр топ өзіне берілген мәтінді оқып, негізгі ойды бөліп көрсетеді және қысқаша мазмұндайды.

1-топ: Өзен — тұщы судың маңызды көзі

Өзен

Тұщы судың негізгі көздерінің бірі — өзен. Адамдар көбіне өзен жағасына жақын қоныстанады, өйткені өзен суы тұрмысқа да, шаруашылыққа да қажет.

Мысалы, Ертіс өзенінің бойында Өскемен, Семей, Павлодар қалалары орналасқан. Өнеркәсіп орындары да өзенге жақын салынады, себебі өндіріс көп мөлшерде тұщы суды қажет етеді.

Өзен туралы шумақ

Өзендер — желмен жарысар,

Өршіл де асау ағыстар.

Өзенді ластап, лайласаң,

Өзіңе дерт боп жабысар.

Өзен суы ішуге жарамды болумен қатар, қатынас жолы ретінде пайдаланылады, сондай-ақ су күші арқылы электр қуатын өндіруге мүмкіндік береді.

2-топ: Көлдің ерекшелігі мен пайдасы

Көл

Көл де адам өмірінде маңызды орын алады. Кейбір ағынды көлдердің суын ішуге болады. Ал ағынсыз көлдің суы көбіне тұзды келеді.

Өте үлкен көлдер «теңіз» деп те аталады. Каспий — көлдердің ішіндегі ең үлкені. Дүние жүзіндегі ең терең көл — Ресей жеріндегі Байкал.

Арал теңізі бұрынғы аумағы бойынша дүние жүзінде 3-орын алған. Аралдан кейінгі ірі көл — Балқаш. Оның бір бөлігі тұщы, екінші бөлігі тұзды болып келеді.

4-топ: Су туралы мақал-мәтелдер

Тәрбие

Ақпаса — су бұзылады.

Сыйлап берген су да тәтті.

Судың да сұрауы бар.

Өзен жағалағанның өзегі талмайды.

Ел көркі — мал, өзен көркі — тал.

Ел ағасыз болмас, көл жағасыз болмас.

Көлдің көркі — құрақ, таудың көркі — бұлақ.

Қосымша мәлімет: Қазақстанның өзендері мен көлдері

Анықтама

Өзен туралы

Қазақстанда шамамен 85 мың өзен бар. Жазық жердегі өзендер баяу ағады, ал тау өзендерінің ағысы қатты болады.

Өзен — құрлық бетіндегі табиғи арнамен тұрақты немесе жылдың көпшілік бөлігінде ағатын су ағыны. Ірі өзендер жоғарғы, орта, төменгі ағысқа бөлінеді.

Тікелей мұхиттарға, теңіздерге, көлдерге құятын немесе құм мен батпаққа сіңетін өзендер негізгі деп аталады; ал негізгі өзенге келіп қосылатындары — оның салалары.

Ірі өзендер (ұзындығы)

Өзен Ұзындығы
Ертіс 1698 км
Сырдария 1692 км
Есіл 1607 км
Жайық 1084 км

Сондай-ақ ұзындығы 1000 км-ден асатын басқа өзендерге Тобыл, Іле, Шу жатады.

Көл туралы

Қазақстанда 48 мыңнан астам көл бар. Көл суы ағынды және ағынсыз болып бөлінеді.

Ағынды көлден су ағып шығады, сондықтан оның суы көбіне тұщы болады.