Қарлығаш құсымыз

Мақсаты

  • Құстардың тіршілігі туралы түсінік беру.
  • Адамгершілік пен еңбексүйгіштікке тәрбиелеу, ынтымаққа баулу және қоршаған ортаны қорғау жауапкершілігін қалыптастыру.
  • Оқушылардың ой-өрісін дамыту: өздігінен қорытынды шығаруға, ізденуге дағдыландыру.

Көрнекілігі

Құстардың суреттері Плакаттар Үнтаспа Слайд Қанатты сөздер

Кіріспе сөз

Сәлеметсіздер ме, құрметті қонақтар! «Құстар — біздің досымыз» атты тәрбие сағатымызға қош келдіңіздер. Баршаңызды көктем мерекесімен құттықтаймыз! Көктем — табиғаттың қысқы ұйқыдан оянып, тіршіліктің жаңаратын шағы. Осы мезгілдің ең айқын белгісі — жылы жақтан туған жеріне оралатын құстар.

1 сәуір — Халықаралық құстар күні

1 сәуір — Халықаралық құстар күні. Бұл күн 1906 жылы құстарды қорғау туралы Халықаралық конвенцияда жарияланғаннан бері аталып келеді. Қазақстан — құстарға бай өлке, сондықтан оларды қорғап, орынды пайдалану әрқайсымыздың міндетіміз.

Табиғат пен шаруашылыққа пайдасы

  • Құстар зиянкестермен қоректеніп, орман мен егінді қорғайды.
  • Ағаштар мен өсімдіктердің жайқалып өсуіне көмектеседі.
  • Құстың еті — азық, мамық-қауырсыны — киім-кешек, көрпе-жастыққа жарайды.

Мәдениет пен руханияттағы орны

  • Құстардың үні талай әуенге арқау болып, ақын-жазушылардың шығармасына шабыт берген.
  • Құстардың ұшу заңдылығын алғаш зерттегендердің бірі — Леонардо да Винчи.
  • Көк байрағымыздағы қыран, Бәйтеректегі самұрық бейнесі — құстардың символдық мәнін айқындайды.

Құстар туралы айтар әңгіме көп. Дәл қазір қанатты достарымыз туған жеріне оралуда. Оларды құрметпен қарсы алайық.

Ән: «Құстар қайтып барады»

Жүргізушілер сөзі

1-жүргізуші

Сәлеметсіздер ме, құрметті қонақтар, достар! Сіздерді бүгінгі «Құстар — біздің досымыз» атты тәрбие сабағымызды тамашалауға шақырамыз.

2-жүргізуші

Табиғатты құрайтын бөліктердің бірі — құстар. Халық ежелден-ақ құстарды сүйіп, ең жақсы көретін адамын құсқа теңеу арқылы құрметін білдірген. Саңлақ ұлын — сұңқарға, әсем әншіні — бұлбұлға, ел үшін жанын қиятын батырды — қыранға, сұлулықтың символын — аққуға теңеген.

1-жүргізуші

Құс — табиғат байлығы. Байлықтың көзі — құстарды әрдайым қорғай білу. Олар ағаштар мен өсімдіктерді зиянды жәндіктерден тазартады, сөйтіп табиғаттың тепе-теңдігін сақтайды.

Жер бетіндегі түр саны
~ 8600
Қазақстандағы түр саны
474

Көктем көрінісі

Көктем вальсі әуенімен көктем келеді.

Сәлем, достар, аман ба,

Мынау бейбіт заманда.

Құс — көктем жыршысы,

Ән саламын құс үнімен,

Сәнденемін нұр гүлімен.

Қуантайын бәріңді —

Құс мерекесі күнімен.

Оқушы орындауы

«Көктем жыры» — 4-сынып оқушысы (орындаушы аты-жөні көрсетіледі).

Ән

«Көктем вальсі» — 2-сынып оқушысы (орындаушы аты-жөні көрсетіледі).

Көктемнің шақыруы

Ал, құрметті халайық, мерекені бастайық. Жұмбақтың шешімін тапсаңдар, құстарды қарсы алайық.

Жұмбақтар мен кейіпкерлер

Жұмбақ 1

Ұшса оқтай зулайды,

Көктемде жұлдыз аққандай.

Жауабы: Қарлығаш

Қарлығаштың сөзі

Мен адамның досымын, мекенінде тұрамын.

Шыбын келсе — кәсібім, ұстап жеймін, қырамын.

Үй ішін тазалаймын шыбын деген кеселден,

Ел аузында мақтаулы, санитармын төселген.

Ән: «Қос қарлығаш» (орындаушы көрсетіледі)

Жұмбақ 2

Орманда жоғары ағашқа қонады.

Тұмсығын балға ғып, тоқ-тоқ соғады.

Жауабы: Тоқылдақ

Тоқылдақтың сөзі

Балалар, мен — орман құсымын. Балғадай тұмсығыммен ағаш қабығының арасындағы зиянкестерді тауып, жоямын.

Орман іші соқылдап,

Ағашта ұрды тоқылдақ.

Жаңғырықты түнімен,

Тұмсығының түбімен.