Текшелер аялдамасы
Сабақтың тақырыбы
Көлемді өлшеу
Сабақтың мақсаты
- Текше, тік бұрышты параллелепипед, олардың көлемі және «куб сантиметр» ұғымдарымен таныстыру.
- Ойлау, талдау, дәлелдеу, ереже қорыту дағдыларын дамыту; есептер арқылы логикалық ойлау қабілетін жетілдіру; компьютерлік сауаттылықты арттыру.
- Тапқырлыққа, жылдамдыққа, ізденімпаздыққа және өздігінен жұмыс істеуге тәрбиелеу.
Сабақтың түрі
Саяхат сабақ
Сабақтың әдістері
- Түсіндіру
- Сұрақ-жауап
- Топтастыру
- Салыстыру
- Жобалау әдісі
- Компьютермен жұмыс
Көрнекіліктер
- Интерактивті тақта
- Электронды оқулық
- Компьютерлер
Психологиялық дайындық
Математика — ең негізгі ғылым.
Сондықтан да сол ғылымның тілін біл.
Сабақтың барысы
I. Ұйымдастыру кезеңі
Оқушылармен амандасып, сабаққа назарын аударамын.
II. Үй тапсырмасын тексеру
№3 тапсырма (103-бет). Екі оқушы ауызша оқиды, дұрыстығы тақтадан тексеріледі.
Өлшем бірліктерін түрлендіру
- 8 дм = 80 см
- 1 м = 1 000 мм
- 8 см = 80 мм
Аудан бірліктерін түрлендіру
- 7 дм2 = 700 см2
- 1 м2 = 1 000 000 мм2
- 8 см2 = 800 мм2
- 4 см2 = 400 мм2
- 9 м2 = 900 дм2
- 4 м2 = 40 000 см2
Үй тапсырмасын бекіту: «Балалар, саяхатқа шығуға қалай қарайсыңдар? Ендеше, бүгін математика әлеміне саяхат жасайық».
Саяхатқа дайындық: «Билет» алу
Не қажет?
Көлік.
Билет қалай алынады?
Тест тапсырмаларына дұрыс жауап беру арқылы. Оқушылар тестті компьютерде орындайды, нәтижесін тақтадан тексеріп, өзін-өзі бағалайды.
Саяхат жоспары
- Геометриялық фигуралар аялдамасы
- Текшелер аялдамасы
- Параллелепипедтер аялдамасы
- Компьютерлер аялдамасы
III. Жаңа сабақ
1) Геометриялық фигуралар аялдамасы
Оқушылар топтастыру әдісі арқылы геометриялық фигураларды еске түсіреді. Қызыл түспен боялған фигураларға тоқталып, олар туралы жинақтаған мәліметтерін қысқаша таныстырады.
- Бұл фигуралар қандай?
- Негізгі қасиеттері қандай?
- Қайда қолданылатынын білесіңдер ме?
2) Электрондық оқулық арқылы түсіндіру
Уақытты үнемдеу үшін сынып екі топқа бөлініп, екі аялдамада қатар жұмыс істейді:
I топ
Текшелер аялдамасы
II топ
Параллелепипедтер аялдамасы
3) Текшелер аялдамасы (I топ)
Тақтамен жұмыс (ауызша): берілген текшелерді салыстырып, өлшемдерін атап, көлемін табады.
1-тапсырма (а)
Берілгені: a = 7 мм. Табу: V.
Формула: V = a · a · a
Есептеу: V = 7 мм · 7 мм · 7 мм = 343 мм3
Жауабы: 343 мм3
1-тапсырма (ә)
Берілгені: a = 2 см.
Есептеу: V = 2 см · 2 см · 2 см = 8 см3
Жауабы: 8 см3
1-тапсырма (б)
Берілгені: a = 2 дм.
Есептеу: V = 2 дм · 2 дм · 2 дм = 8 дм3
Жауабы: 8 дм3
4) Параллелепипедтер аялдамасы (II топ)
Берілген тік төртбұрышты параллелепипедтер туралы сұрақтарға жауап береді және көлемдерін табады (ауызша).
- Бұлар қандай фигуралар?
- Не байқадыңдар?
- Бұлар текше бола ма? Неліктен?
- Әр параллелепипедтің көлемін тап.
V1
2 см · 3 см · 1 см = 6 см3
V2
2 см · 1 см · 1 см = 2 см3
V3
4 см · 2 см · 2 см = 16 см3
V
2 см · 2 см · 4 см = 16 см3
Сергіту сәті
Жаза-жаза есепті,
Талып кетті қолымыз.
Бір, екі, үш —
Бойға жина күш.
Жалқаулықты тастайық,
Қайта сабақ бастайық.
Дәптермен жұмыс
Топпен жұмыс: I топ — 6-есеп, II топ — 7-есеп.
I топ: 6-есеп
Берілгені: жүргені — 230 м (екі бағыт), үй мен мектеп арасы — 600 м.
Шешуі: 230 · 2 + 600 = 1060 м
Жауабы: барлығы 1060 м жүрді.
II топ: 7-есеп
Берілгені: S = 21 км, v1 = 15 км/сағ, t1 = 1 сағ, v2 = 3 км/сағ.
Шешуі:
- S1 = 15 · 1 = 15 км
- S2 = 21 − 15 = 6 км
- t2 = 6 : 3 = 2 сағ
- t = 1 + 2 = 3 сағ
Жауабы: t = 3 сағ.
5) Компьютерлер аялдамасы
Оқушылар компьютер арқылы берілген кестені толтырады. Дұрыстығын тақта арқылы тексеріп, бағалау шкаласы бойынша өзін-өзі бағалайды.
IV. Бекіту
1) Өзіндік жұмыс
Электрондық оқулықтағы 4 тапсырманы оқушы өз бетінше орындайды. Орындаған тапсырмалар санына қарай бағаланады:
- 1 тапсырма — 3
- 2–3 тапсырма — 4
- 4 тапсырма — 5
2) Шығармашылық тапсырма
Оқушылар компьютер арқылы өмірдегі текше тәрізді және тік бұрышты параллелепипед тәрізді заттардың суретін салады.
I топ: текше тәрізді заттар
- Құрастырғыштар
- Шақпақ қант
- Иттің үйшігі
- т.б.
II топ: тік бұрышты параллелепипед тәрізді заттар
- Үй
- Шкаф
- Сандық
- Сыйлық
- т.б.
V. Қорытынды
Рефлексия
- Саяхат сабағы ұнады ма?
- Не ұнады?
- Не қиын болды немесе ұнамады?
Бағалау
Оқушылар жинаған түрлі түсті жетондарының түсіне қарай бағаланады:
- Қызыл5
- Көк4
- Сары3
VI. Үй тапсырмасы
9-тапсырма және шығармашылық жұмыс (105-бет).