Дұрыс айтасыңдар, сандық

Білім беру саласы

Қатынас. Әлеуметтік сала. Білім көздері: қоршаған дүниемен таныстыру.

Бөлімі: Айнала қоршаған орта Тақырыбы: Киіз үй жабдықтары

Мақсаты

  1. Киіз үй жабдықтарымен таныстыру.
  2. Киіз үйдің ауа райының кез келген жағдайында пайдалануға қолайлы екенін түсіндіру, жабдықтары туралы әңгімелеу арқылы балалардың есте сақтау қабілетін дамыту.
  3. Атадан балаға мұра болып келе жатқан ұлттық құндылықтарды сақтауға баулу.

Көрнекілігі

Суреттер, ойындар.

Іс-әрекет кезеңдері

Мотивациялық–қозғаушы кезең

Тәрбиеші: «Балалар, шаттық шеңберіне жиналайық! Барлығымыз жақсы көңіл күйде бір-бірімізге жылы тілегімізді айтып, күлкімізді сыйлайық!»

Шаттық шеңбері

Қане, қане, тұрайық,

Үлкен шеңбер құрайық.

Тұрсақ енді шеңберге,

Алақанды ұрайық.

Оң жақтағы балаға,

Сол жақтағы балаға,

Шапалақта, шапалақ. (2 рет)

Санамақ

Бір дегенім — бақан,

Ағашты шапқан атам.

Екі дегенім — есік,

Көздері бар тесік.

Үш дегенім — үзік,

Дөдеге басқан тізіп.

Төрт дегенім — түндік,

Түндікті оңнан түрдік.

Бес дегенім — басқұр,

Кереге басын бастыр.

Сұрақ–жауап

  • Біз санамақта не туралы айттық?
  • Киіз үйдің қандай жабдықтарын атай аламыз?

Тәрбиеші қорытындылайды: «Дұрыс айтасыңдар, балалар! Киіз үй кереге, уық, шаңырақтан тұрады. Оларды бір сөзбен киіз үйдің сүйегі деп атайды.»

Ұйымдастырушылық–ізденушілік кезең

Мақал–мәтелге жетелеу

Тәрбиеші: «Сонда, балалар, үйдің көркі не?»

Балалардың жауабы: «Үйдің көркі — сандық

Ойын: «Сандық»

Міндеттері

  • Берілген тапсырманы ойланып шешуге үйрету, тапқырлық пен шапшаңдықты дамыту.
  • Мақал-мәтел, жұмбақ, жаңылтпашты анық әрі дұрыс айтуға дағдыландыру.
  • Сөздік қорын молайту, тапсырманы орындауда достық пен жолдастыққа тәрбиелеу.

Қажетті құралдар

  • Сандық
  • Түрлі түсті асықтар
  • Тапсырмалар жазылған хатқалталар

Ойын шарты

Сандықтың ішінде қызыл, жасыл, сары түске боялған асықтар жатады. Әр түс белгілі бір тапсырманы білдіреді:

Жасыл асық

Бала жұмбақ жасырады және шешуін тапқызады.

Сары асық

Бала мақал-мәтел айтады.

Қызыл асық

Бала тақпақ немесе өлең оқиды.