Тригонометриялық функцияларды таңбалары арқылы анықта
Сабақ туралы қысқаша мәлімет
Пән
Алгебра (9-сынып)
Сабақтың тақырыбы
Өрнектерді түрлендіруде негізгі тригонометриялық тепе-теңдіктерді қолдану
Сабақтың түрі
Жаңа білімді меңгерту
Сабақтың типі
Аралас сабақ
Әдістер
Сұрақ–жауап, түсіндірме, ДЖИГСО
Көрнекіліктер
Интерактивті тақта, слайдтар, бағалау парағы
Сабақтың мақсаты
Білімділік
Негізгі тригонометриялық тепе-теңдіктерді меңгеру арқылы оқушылардың алған білімдері мен біліктерін жүйелеу.
Дамытушылық
Негізгі тригонометриялық тепе-теңдіктерді өрнектерді ықшамдауда және тепе-теңдікті дәлелдеуде қолдана білу. Өрнектерді түрлендіруде қолдану дағдысын қалыптастыру.
Тәрбиелік
Топпен жұмыс жасауға, жауапкершілікті сезінуге, нәтижеге жетуге ұмтылуға және ізденімпаздыққа тәрбиелеу.
Сабақтың жүру барысы
I. Ұйымдастыру
- Психологиялық тренинг: «Шаттық шеңбері».
- Топқа бөлу: «Жалғасын тап» тапсырмасы арқылы.
II. Ой сергіту
- Үй жұмысын тексеру: ауызша сұрау.
-
Тригонометриялық тренажер:
- Бос орынды толтыру.
- Тригонометриялық функцияларды таңбалары арқылы анықтау.
- «Адасқан формула» ойыны.
III. Жаңа білімді меңгерту
Сабақты ДЖИГСО әдісі арқылы түсіндіру.
IV. Миға шабуыл
Оқулықпен жұмыс арқылы білімді бекіту және талдау.
V. Қызығушылықты ояту
- Тарихи мәлімет (реферат).
- Тест тапсырмасы.