Тілім менің ұлы Абайдай, Мұхтардай менің пірім
Тәрбие сағаты
Тақырыбы
Ана тілім — асыл мұрам
Мақсаты
- Ана тіліміздің қадір-қасиетін ұғындыру.
- Туған тіліміздің тұғыры мықты болуына негіз қалаған бабалар аманатын оқушыларға жеткізу.
- Тіл мәртебесін көтеру, сөз мәдениетін қалыптастыру.
- Оқушыларды тез ойланып, жауаптарын жүйелі айтуға және еркін сөйлеуге баулу.
Көрнекілігі
Нақыл сөздер, слайдтар.
Жүрісі
1) Ұйымдастыру
Мемлекеттік Әнұран орындалады.
Мұғалімнің кіріспе сөзі
Құрметті ұстаздар мен оқушылар, тіл мерекесі құтты болсын! «Жасай бер, ана тілім — қазақ тілі» атты тәрбие сағатымызға қош келдіңіздер.
Өлең шумақтары
Сүйемін туған тілім — ана тілім,
Бесікте жатқанымда-ақ берген білім.
Шыр етіп жерге түскен минутымнан,
Құлағыма сіңірген таныс үнім.
Осы өлең жолдарымен тәрбие сағатымызды ашық деп жариялаймын.
2) Шара форматы
Бүгінгі шарамыз сайыс түрінде өтеді.
Тақырыптық ой
«Тілім менің ұлы Абайдай, Мұхтардай менің пірім. Тұнығым, рухани жан азығым. Ол бүлінсе — менің де бүлінгенім», — демекші, екі топ тіл туралы өлеңдерін оқып, сайысқа түседі.
Өлеңдер сайысы
Қатысушылар ана тілі туралы жүрекжарды шумақтарын кезекпен оқиды.
Эльдар
Өсірген ой-білімді,
Сүйем туған тілімді.
Мақсат етем әр сөздің,
Мәнін терең білуді.
Әсем
Ана тілің — арың бұл,
Ұятың боп тұр бетте.
Өзге тілдің бәрін біл,
Өз тіліңді құрметте.
Марзие
Ана тілі — қазағымның қаймағы,
Тілің — сенің өміріңнің айғағы.
О, адамдар, қадіріне жетіңдер,
Ана тілің — анаң, сыйлап өтіңдер.
Ақбота
Тіліміздің бұлағы,
Тірліктің ел жүрегі.
Ана тілін сүйемін,
Отан үшін күйемін.
Бекберді
Ана тілім — ұраным,
Ана тілім — құралым.
Ана тілім болмаса,
Болмас еді жыр-әнім.
Жанат
Туған тілім — бабам тілі, өз тілім,
Туған тілім — анам тілі, өз тілім.
Туған тілім — адам тілі, өз тілім,
Туған тілім — далам тілі, өз тілім.
Әдемі
Ана тілім — ақ қанатты тұлпарым,
Биіктерге самғап ұшар сұңқарым.
Ана тілім — махаббатым, құштарым,
Ана тілім — әнге қосар ардағым.
Негізгі ой
Ана тілі — ұлттың рухани өзегі, тарихы мен болмысының айнасы. Оны қастерлеу — өткенге құрмет, бүгінге жауапкершілік, ертеңге аманат.