Ондықтан аттамай екі таңбалы және бір таңбалы сандарды, екі таңбалы сандар мен ондықтарды ауызша қосуды тиянақтай түсу
Сабақ туралы мәлімет
Өткізілетін орны
Шығыс Қазақстан облысы, Ұлан ауданы, Мамай батыр ауылы, М. Ломоносов атындағы орта мектеп.
Мұғалім
Бастауыш сынып мұғалімі: Ашимова Гульнара Смагуловна
Сабақ тақырыбы
Қосу және азайту: 3 + 56; 30 + 24
Мақсаты
- Ондықтан аттамай екі таңбалы және бір таңбалы сандарды, сондай-ақ екі таңбалы сандар мен ондықтарды ауызша қосуды бекіту.
- Ауыстырымдылық қасиетін қолданудың тиімділігін байқату.
Ресурстар
Презентация, үлестірмелі тапсырмалар, бағалау парағы.
Сабақ барысы
1) Ұйымдастыру кезеңі
- Оқушылармен амандасу, кезекшімен қысқаша сұхбат жүргізу.
- Құрал-жабдықтарын тексеру.
- Оқушылардың зейінін сабаққа аудару.
Психологиялық ахуал
Күн жарығын алақанға саламын,
Жүрегіме басып ұстай қаламын.
Ізгі әрі нәзік, жарық, мейірімді,
Болып кетер сонда дереу жан-жағым.
Топқа бөлу
Жапырақтар суреттері бойынша топтарға бөліну.
2) Үй тапсырмасын тексеру: «Серпілген сауал»
Доп лақтыру арқылы оқушыларға сұрақ қойылады. Мақсат — бұрынғы білімді жедел еске түсіру және ауызша жауап беру дағдысын дамыту.
- Қосудың нәтижесі қалай аталады?
- Қосу амалының компоненттерін ата.
- Қосу амалына кері амал қандай?
- Қосу амалының қандай қасиеті бар?
- 40 + 4 қосындысының мәні неге тең?
- 56 − 6 айырмасының мәні қандай?
- 72 санының ондық құрамы қандай?
- 6 ондық, 8 бірлік — қандай сан?
3) Қызығушылықты ояту: топтық жұмыс
«Бірге ойлаймыз!» тапсырмасы: берілген теңдеулердегі a мәнін табу.
10 − a = 5
a − 5 = 5
5 + a = 10
4) Мағынаны тану: жаңа тақырыпты түсіндіру
«Айырмашылығын тап» стратегиясы арқылы ауызша қосу мен азайтудың ерекшеліктерін салыстыру. Мысалдар бойынша бірліктер мен ондықтардың өзгерісін байқау.
Қосу
56 + 3
56 + 30
Азайту
87 − 5
87 − 50
5) Сергіту сәті
Қимыл-қозғалыс арқылы сергіту жаттығулары:
- Күн ұйықтайды (ұйықтайды).
- Күн оянады (керіледі).
- Жел соғады (тербеледі).
- Жаңбыр жауады (алақанды тарсылдатады).
- Найзағай тарсылдайды (шапалақтайды).
- Жел басылады, күн ашылады (тып-тыныш отырады).