Туған жеріміз Қызылорда қаласы туралы бейнероликтен тамашалау
Сабақтың тақырыбы
Қ. Жұмағалиев — «Туған өлкем».
Сабақтың жалпы мақсаты
«Туған өлкем» өлеңі арқылы оқушыларға туған жердің құндылығы мен қасиеті, мәні мен маңызы туралы түсінік беру. Өлеңдегі негізгі ой мен идеяны ұғындыру.
Әдіс-тәсілдер
- Ашық және жабық сұрақтар
- Миға шабуыл
- Кезектескен интервью
- «Жүреміз, ойланамыз» әдісі
- Топтық жұмыс
- Жеке жұмыс
- Ой толғау
- Хокку әдісі
Күтілетін нәтиже
- Оқушылар өз бетімен кез келген тапсырманы орындауға машықтанады.
- Бір-біріне көмектесіп, ынтымақтастықта жұмыс істейді.
- Ойын еркін әрі тиянақты жеткізіп, тапқырлық қабілеттерін дамытады.
Сабақ барысы
Топқа бөлу
«Атамекен» өлеңінің жолдарын құрастыру арқылы оқушылар 3 топқа бөлінеді.
Сабақты бастау (кіріспе ой)
«Ана тілі – көңіліңе гүл егер,
Ана тілін – ғұмырым деп біле бер.
Өзге тілде сөйлей білу – бір өнер,
Өз тіліңде сөйлей білу – шын өнер.»
Ақындарымыз жырлағандай, ана тілі сабағын бастайық.
Үй тапсырмасын тексеру
- «Қазақстан» өлеңін жатқа айту.
- Автор туралы сұрақтарға жауап беру.
- Кезектескен интервью жүргізу.
Өткенді пысықтау
Қазақстан туралы картаны пайдаланып, негізгі мәліметтерді қайталау және түсінік беру.
Қызығушылықты ояту
- «Туған өлке» деген ұғымды қалай түсінесіңдер? (Оқушылардың пікірін тыңдау.)
- Туған жеріміз — Қызылорда қаласы туралы бейнеролик тамашалау.
- Қайрат Жұмағалиевтің өмірі мен шығармашылығымен таныстыру.